Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 1826 |
|
|
|
Алтын іздеген адам
Сабақтың тақырыбы; Алтын іздеген адам
Сабақтың мақсаты; Мәтін мазмұнын түсіну,негізгі ойды анықтау
Сабақтың міндеті; 1Мәтін мазмұны мен идеясын кейіпкер әрекеті
арқылы ашуға мүмкіндік беру.
2.Мәтінді өз бетімен зерттей оқу арқылы
ойлануға,щығармашылық дағдыларын дамытуға
жағдай туғызу.
3.Туған жер,еңбек қадірін білуге,мақтан етуге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі; Жаңа сабақ түсіндіру.
Сабақтың әдісі; Түсіндіру,проблемалық,көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: Ж.Қуанышбаев портреті,өмірі туралы деректер
плакат, маркер,бағалау парақтары.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық
Сәлем саған алтын күн,
Сәлем саған көк аспан.
Сәлем саған достарым,
Сіздерді көрсем қуанам.
2.Үй тапсырмасын тексеру. «Күзгі қарбалас»тақырыбында эссе жазу.
Критерий бойынша 1.МАҒЫНАНЫ АШУ-3
2.БЕЙНЕЛІ СӨЗДЕР ҚОЛДАНУЫ-2
3.КӨРКЕМДІГІ-1
Осы критерий бойынша әр оқушы өзінің немесе көршісінің жұмысын тексеріп бағалайды.
3.Қызығушылықты ояту.
-Балалар,өмірде не қымбат деп ойлайсыңдар?
ЕҢ ҚЫМБАТ
Оқушылар өздеріне қажетті 4 зат бойынша топқа бөлініп отырады.
Таңдауға:
жер,
еңбек,
алтын,
адам.
Әр топ өздерінің ерекшеліктерін айтады.(жеке,жұп,топпен)
Жаңа тақырыпқа көшу.
-Олай болса,балалар,қымбат алтынды іздеген адам туралы қызық мәтінді тыңдағыларың келе ме?
Мәтінмен жұмыс.
Мұғалімнің оқуы.
Сөздік жұмысы
Сіңірі шыққан-қолында малы жоқ,кедей.
Тұяқты- мал,қойды.
Бақыр-мыстан жасалған ұсақ тиын.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
-Алтын іздеген адам қандай «алтын»тапты?
-Жазылбек ата айтқан жомарт,қазына жерді сипатта.
Топпен жұмыс. Әр топқа 10 минут уақыт беру. Топтар жұмысын қорғайды.
1-топ.Жоспар құру.
2-топ.Жазылбек Қуанышбаев туралы айту
3-топ.Хантауы туралы түсінік беру.
4-топ. «Еңбек-қуаныш,жалқаулық-айрылмас азап»нақыл сөздің мағынасын ашу.
Қорытындылау
Тест жұмысы
1.Жазылбек Қуанышбаев атақты қойшы.
А ия
Ә жоқ
2.Алтын іздеген адам алтын,күміс,қымбат тастарды тапты.
А ия
Ә жоқ
3.Мәтіндегі тау-АЛАТАУ
А ия
Ә жоқ
4.Мәтіндегі мол қазына-жерден,еңбектену арқылы табылды.
А ия
Ә жоқ
5. «Жер-жомарт.Оның әр уыс топырағы-бір уыс алтын»деген Абай Құнанбаев.
А ия
Ә жоқ
6.Оқиға төңкеріс жылдарында болған.
А ия
Ә жоқ
7.Мәтін еңбек етуге тәрбиелейді.
А ия
Ә жоқ
-Міне, балалар,Н.Назарбаевтың жолдауында да 20 қадамның бірі-адал еңбекке ынталандыру болып табылыды.Сондықтан да еңбек ету-әр адамның міндеті болып табылады.Еңбек ету арқылы адам мақсатына жете алады.
Сіздердің еңбектеріңіз қазіргі таңда-оқу,білім алу болып табылады.
Қорытындылау «Мен еңбектенемін,Өйткені еңбек...»деп әр оқушы ойды аяқтайды.
Бағалау.
Үйге тапсырма:Мәтінді оқу 18-19бет,тақырыпқа сай мақал-мәтелдер жазу.
Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |