Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ШВЕЦИЯ КОРОЛЬДІГІ


ШВЕЦИЯ КОРОЛЬДІГІ

ШВЕЦИЯ КОРОЛЬДІГІ

Сабақ мақсаты:
 А) білімділік: Швеция Корольдігінің географиялық орны, мемлекеттік құрылымы, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, шаруашылығы туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру; 
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ:                       Швеция Корольдігі
    Швеция Корольдігі – Солт. Еуропадағы мемлекет. Скандинавия түбегінің оңт; оңт-батыстан солт; солт-шығысқа қарай 1600 км-ге, шығыстан батысқа 400 км-ге созыла орналасқан. Батысында Норвегиямен, солт.- шығысын¬да Финляндиямен шектеседі. Оңтүс¬тігі және шығысы Балтық теңізі мен Ботния шығанағымен шайылады. Оңт.-бат. жағалауы Скагеррак, Катте¬гат, Эресунн бұғаздары арқылы Да¬ниямен ұласады. Балтық теңізіндегі Готланд және Эланд аралдары Швецияға қарайды. 
Жер аумағы - 449,97 мың км2.
Халқы - 9,01 млн адам (2005-ж). 
Халқының орналасу тығыздығы – 1 км2-ге 20 адамнан келеді.
Астанасы-Стокгольм 
Әкімш. жағынан 21 ленге (округ) бөлінеді. 
   Мемлекеттік құрылысы. Швеция - кон¬ституциялық монархия. Қазіргі конституциясы 3 актыдан тұрады: мемле¬кетті басқару формасы және король тағын мұралау туралы ант (1974 ж. 27 ақпанда қабылданды), баспасөз бостандығы туралы акт (1974 ж. 7 ақпан). 
   Мемл. басшысы - король, ол үкімет органы - Мемл. Кеңеспен бірге өкіметтің атқару билігін жүргі¬зеді. Заң шығаратын жоғ. органы¬ - бір палаталы парламент (риксдаг), оны халық 3 жылға сайлайды. Парла¬мент заң қабылдайды, мемл. бюдже¬тін бекітіп, салықтар мен кірістерді, қарыз алуды белгілейді, халықар. келісім, шарттарды ратификациялайды т. б. күрделі мемл. маңызы зор мәселелерді шешеді. Орталық өкімет би¬лігінің провинциялардағы (лёндерде¬гі) өкілдігі (10 мүшеден құрылатын арнайы әкімш. бюроны басқаратын) губернаторға жүктелген. Провинция¬лар мен коммуналардың өзін-өзі бас¬қаратын органы - ландстигтерді ха¬лық 3 жылға сайлайды. Сот жүйесі¬не: Жоғ. сот, 6 апелляциялық, қала¬лық және округтық соттар жатады. Арнайы соттар ретінде: мүлік бөлу, полициялық әкімш. юстиция соттары құрылған.. 
    Табиғаты. Ш. қоңыржай белдеудің солт. бөлігін құрайтын Атлант маңы секторында жайласқан. Табиғи жағ¬дайы жөнінен көпшілік жері тайга және аралас ормандық зона аралық¬та, қиыр оңт.-шығ. жағы жалпақ жа¬пырақты ормандық зона аралықта. Теңіздік жағасы онша тілімделмеген жарқабақты келеді. Ботния шығана¬ғы жағалауы тегіс, аккумуляциялық шөгінділерден қалыптасқан. Шхер және риф көп кездеседі, сондықтан да кеме жүзуге онша қолайлы емес. Рельефі жөнінен Ш. жері таулы үс¬тіртті және белесті жазық келеді. Территориясының 22%-ға жуығының теңіз деңгейінен биікт. 400 м-ден ас¬там, 48%-дайы 100-400 м 30%-і 100 м-ден төмен. Рельефінің қазіргі пі-шіндерінің қалыптасуына Балтық қалқаны және төрттік мұз басу әсер етті. Елдің бат. және солт.-бат. шетін Скандинавия тауларының шығ. сілем¬дері алып жатыр. Ш-ның ең биік же¬рі Кебнекайсе тауы (2123 м) осында. Бұл таулық сілемдер шығысында Нор¬ланд таулы үстіртіне (елдің көпшілік жерін қамтиды) ұласады. Орта Ш-да Орталық көлді ойпат қалыптасқан. Мұнда терең ойыстардың кейбіреуле¬рі теңіз бен көл шөгінділеріне толған, кейбіреулері көлге айналған. Эланд және Готланд аралдарының рельефі ізбес тастық және құмдық үстірттен қалыптасады. Пайдалы қазындыла¬ры - темір, уран, марганец, мыс, полиметалл рудалары, алтын,күміс т.б.    
   Климаты қоңыржай. Теңіз ауа массасы жетпейтін (тау жоталары ке¬дергі болады) солт. бөлігінде конти¬ненттік қоңыржай және арктикалық суық ауа қабаттарының ықпалы күш¬ті, соған байланысты мұнда қысы суық, жазы салқын континенттік кли¬мат құбылыстары басым. Қаңтардың орташа темп-расы солтүстігінде -140С, оңтүстігінде 10С; шілдеде 110-170 С. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлш. 450-1500 мм. Жер бе¬тінің ағын су торы өте жиі; өзендері қысқа, мол сулы келеді. Ағын су қоры негізінен қар және жаңбыр суынан қалыптасып отырады. Басты өзен¬дері:Даль-Эльв, Турне-Эльв, Клар-Эльв, Онгерман-Эльв. Ең ұзын су жүйесі Венерн-Гёта, 720 км. Жерінің 9%-н көлдер алып жатыр; бұлардың көпші¬лігі Орт. көлді ойпатта және Норланд өңірінде. Ірі көлдері - Венерн (бү¬кіл Бат. Европадағы үлкен көл), Вет¬терн, Ельмарен, Меларен, Турнетреск, ең терең көлі - Хурнаван (221 м). Жерінде негізінен күлгін және батпақ топырақ түрлері басым таралған. Көл¬ді өңірлерде сазды, тау беткейлерінде, таулық үстірттерде таулық-тундралық топырақ қабаттары тараған. Территориясының жартысынан астамы ор¬ман; қылқан жапырақты ағаш түрле¬рі басым өседі. Жерінің 14%-і батпақ. Жануарлар дүниесінде ормандық түрлер басым. Суыр, қоңыр аю, қасқыр, сілеусін, түлкі, қоян, кірпі т. б. кезде¬седі. Су құстары көбірек тараған. Өзен мен көлдері балыққа бай. Таби¬ғи жағдайы, өсімдік және жануарлар дүниесін сақтау үшін елде 16 ұлттық парк құрылған, бұлар 6000 км2 жерді қамтиды. 
  Халқы. Тұрғындарының 90%-ы швед¬тер;  3%-ы финдер мен саамдар (лапландтар), қалғандары неміс, норвег, даттардан құралады. Мемл. тілі -швед тілі, діні – лютерандық (79%), сонымен қатар католиктер мен православтар, баптистер де бар. Швед¬тер өздерінің этникалық құрамы және тілі жөнінен норвегтермен және дат¬тармен туыс. Халықтың табиғи өсуі жағынан Ш. Европада ең соңғы орын¬дардың бірінде. Ірі қалалары: Сток-гольм, Гётеборг, Мальмё. 
   Экономикасы. Швеция жоғары дамыған индустриялы-аграрлы ел. Экономикасының негізгі салаларын орман, су энергетикасы және темір рудалары құрайды. Швеция кеме жасаудан, целлюлоза шығарудан, темір рудаларын өндіруден дүние жүзінде алдыңғы орындарда. Машина жасау, электроника, химиялық өнімдер шығару салалары дамыған. Ауыл шаруашылығының басты саласы – етті-сүтті мал шаруашылығы, сонымен қатар шошқа және бұғы шаруашылықтарына да көп көңіл бөлінеді. Егіншілігінде мал азық дақылдарын егу басым және астық дақылдар мен техникалық дақылдар да өсіріледі.   Елде ірі теңіз флоты бар.
   Экспорты: машина жасау өнеркәсібі өнімдері, темір рудасы, целлюлоза-қағаз, ағаш өнімдері, химиялық тауарлар т.б.
   Импорты: кейбір машиналар түрлері, мұнай және мұнай өнімдері, химикаттар, автомобиль, мат, азық-түлік өнімдері т.б.
   Негізгі сауда серіктестері: Германия, Ұлыбритания, АҚШ, Норвегия.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ИРАК
ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫ
САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІ
МАЛАЙЗИЯ
ТАЙЛАНД
КАМБОДЖА
БУТАН КОРОЛЬДІГІ
ШВЕЙЦАРИЯ
ИСЛАНДИЯ
НОРВЕГИЯ КОРОЛЬДІГІ
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 3040 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык