Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ВЕНГРИЯ



ВЕНГРИЯ

Сабақ мақсаты:
 А) білімділік: Венгрияның географиялық орны, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі, мәдениеті туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру; 
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Жаңа сабақ:                              Вен¬грия
Астанасы: Будапешт. 
Жер көлемі: 93 030 км2.
Халқы: 10,1 млн адам (2005-ж) 
Халықтың орналасу тығыздығы 1км2-ге – 108,6 адамнан келеді.
Ресми тілі: венгр тілі. 
Діні: католиктер - 68%, протестанттар - 25%, қалғаны - 7%. 
Мемлекеттік құрылымы: республика. 
Ақша бірлігі: форинт. 
Сауаттылық деңгейі: 99%. 
Орташа өмір сүру жасы: 70 жас. 
1 дәрігерге: 340 адам. 
  Табиғаты мен климаты. Дунай өзені Венгрияны екіге бөліп жатыр. Шығысында Вен¬грия территориясының жартысын алып жатқан Ортадунай жазығының бір бөлігі - Альфельд жатыр. Солтүстік шекараны бойлай таулар орналасқанмен, Ортадунай жазығы - бұл, негізінен, екінші ірі өзен Тиса ағып жатқан ойпат. Дунайдың батысында Трансда¬нубия таулы аймағы орналасқан. Мұнда Баконь тауы бар, ол Балатон көлін (Орталық Еуропадағы ең ірі тұщы көл) бойлай орналасқан. Венгрияның климаты қоңыржай континентальды:суық бұлтты қыс, жылы жаз, күзгі және көктемгі жауындары мол. Қаңтардың орташа температурасы  - 10 С, шілдеде +210С шамасында. Жылдық жауын-шашын мөлшері 450-900 мм шамасында.
   Шектесетін елдері: солтүстігінде – Словакия, солтүстік-шығысында-Украина, шығысында – Румыния, оңтүстігінде – Сербия, Хорватия, Словения, батысында – Австриямен шектеседі. 
   Әкімшілік бөлінісі. Венгрия 19 медьеге (облыс) және медьемен тең дәрежедегі қала болып есептелетін – Будапешт қаласына бөлінеді. 
   Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі. Ортадунай жазығының қара топырағы өте құнарлы. Осыған вегетациялық кезеңге сәйкес келетін мол жауын-шашынды құрғақ әрі жұмсақ климатқа байла¬нысты Венгрияда жер өңдеу өте жақсы дамыған. Көп жерлерде бақтар, жүзім және дәнді дақылдар мен жемістер өсіріледі. Мал шаруашылығы да, негізінен, шошқа және құс өсіру дамыған. 
   ІІ дүниежүзілік соғысқа дейін Венгрия аграрлы ел болып саналды, тек соғыстан кейін 1949-1989 жылдары Венгрия құра¬мында болған социалистік лагерь елдерінің қаржылық қолдауының арқасында венгр кәсіпорындары дами бастады. Болат, алюминий және цемент өндіру бірінші дәрежелі сала болды. Сонымен қатар тері өңдеу, автомобиль, станок жасау өнеркәсібі мен тыңайтқыш¬тар өндірісі маңызды салаға жатты. Тоқтаусыз индустриалды даму қоршаған ортаның өте ластануына әкелді. Әсіресе, Балатон көлі мен Дунайдың салалары, жалпақ жапырақты ормандар зардап шекті. 
   Венгрлер. ХІХ ғ. Венгрияның территориясы үлкенірек болған. Оған Хорватия, Трансильвания, Словакия және Закарпатье кірді. І дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекет өзінің шеткі провинцияла¬рынан айырылып қалды. Бүгінде халықтың 95% венгрлер (немесе мадьярлар) Венгрияға 1100 жыл бұрын қоныс аударып келген тайпалардың ұрпақтары. Ежелгі мадьярлар жоғары дамыған мәдениеті бар халық болды, бұл осы күнге дейін әсіресе, Альфельдтің қалалары мен ауылдарында сақталып келеді. Мұнда ұлттық киім, фольклор және ұлттық тағамдар әлі сақталған. 
   Будапешт Дунай патшасы. Венгрияның астанасы әрі ірі қаласы - Будапешт. Бұл қала ежелгі Обуда, Буду және Пешт қалаларының қосылуынан пайда бол¬ды. Дунайдың батыс жа¬ғалауындағы Буду алғаш¬қы Венгр корольдығы¬ның астанасы болды. Пешт - шығыс жағалау¬дағы қала сауда мен өнеркәсіп орталығы ре¬тінде дамыған. 1849 ж. Буду мен Пешт қалала¬рын қосатын Дунай ар¬қылы көпір салынды. Бу¬дапештте венгр студенттерінің жартысынан көбі оқитын университеттер мен институттар орналасқан. Қалада шетел компаниялары салатын капиталдың 2/3 бөлігі шоғырланған. Венгрияға жылына 15 млн. турист келеді, соның көпшілігі Будапештке келеді. 
   Емдік сулар. Будапешттегі түрік моншаларының ұлы ар¬хитектуралары бұрындары елдің біраз бөлігі Осман империясы¬ның құрамында болғандығының дәлелі болып табылады. Жер астынан геотермальды және ми¬нералды бұлақтар шығып жат¬қан жерлерде көптеген курорт¬тар орналасқан. Адамдар ежел¬ден осы жерлерге ауруларын емдеу үмітімен келіп жатады. 
   Венгр асханасы. Ұлттық та¬ғамы - әлемге әйгілі гуляш ¬жемістермен қуырылған сиыр еті. Гуляшқа паприка деп ата¬латын қызыл бұрыш қыш¬қыл дәмді береді. Венгр асханасының басқа да әйгілі тағамдары бар. Мы¬салы, бауыр паштетімен пісірілген бәліш, т.б. пап¬рика өсірудің әлем бо¬йынша 40% Венгрия үле¬сіне тиеді


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ЛИВАН
СИРИЯ
САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІ
ТАЙЛАНД
КАМБОДЖА
АВСТРИЯ
ШВЕЙЦАРИЯ
ИСЛАНДИЯ
БОЛГАРИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ
БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2684 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык