Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ресейдің табиғат жағдайлары және табиғат ресурстары


Ресейдің табиғат жағдайлары және табиғат ресурстары

Ресейдің табиғат жағдайлары және табиғат ресурстары

ІІ. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ресей елінің табиғаты мен ресурстары туралы білім беру:

А) Білімділігі:

Кең – байтақ Ресей елінің табиғатын тереңірек оқыту, басқа елдің байлығын, тарихын, ресурсын ұғындыру.

В) Тәрбиелігі:

Адамның табиғаты ролін анықтап, экологиялық проблемаларды шешуге тәрбиелеу.

С) Дамытушылығы:

Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы ғылыми көзқарасын дамыту.

ІІІ. Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.

ІV. Сабақтың түрі: саяхат

V. Оқыту әдісі: көрнекілік, сөз, түс/лі.

VІ. Көрнекілік: Зымыран суреті, ғарышкер Т.Әубәкіров, Т.Мусабаевтың суреті, атлас, дүние жүзінің саяси картасы.

VІІ. Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру:

Біз саяхатқа «Қазақстан - 2030» зымыранымен шығамыз. Ол үшін сыныпта 3 экипажға бөліп, экипаж капитандарын сайлап алайық. Біз ғарышқа «Байқоңыр айлағынан» аттанамыз. «Байқоңыр айлағында» экипаж капитандарының ұшуға даярлықтарын тексеріп алу үшін сұрақтар беріледі.

І. «Байқоңыр айлағы»

Капитандарға сұрақ:

1 - капитан:

  • Ең алғаш ғарышқа ұшқан адам кім? Қай ұлттың өкілі?

2 – капитан:

  • Қазақ халқының тұңғыш ғарышқа ұшқан ғарышкері кім?

3 – капитан:

  • Байқоңыр айлағы Қазақстанның қай қаласында?

Осы сұрақтарға жауап бергеннен кейін 3,2,1,0 (старт). «Аспан әлеміне кеттік» - деп, ұшуға старт беремін. Балалар, алдымыздағы қандай ғаламшар екен?

ІІ. «Ресей ғаламшары» (үй тапсырмасын сұрау)

  1. Ресей Федерациясының экономикалық жағдайының басты ерекшеліктері.
  2. Мемлекеттің қалыптасу тарихына.
  3. Елдің геосаяси жағдайы.
  4. Әкімшілік – аумақтық құрылымы.?????

ІІІ. «Табиғат ғаламшары» (Актуалдау)

Орманды анасындай аңдар сүйіп,

Қойнында мекендеген марал, киік.

Тамаша табиғаттың сан байлығы,

Тұр екен көкірегіне қалай сыйып!?

Мариям Хәкімжанова

ІV. «Жаңалық ғаламшары» (жаңа сабақ).

Алдымыздағы «Жаңалық ғаламшары» екен. Бұл ғаламшарда жаңалықты білетін, жаңаша ойлай білетін, көп жұмыс жасайтын адамдар тұрады екен. Қане, сендер көп білу үшін мен көмектесейін. Бүгінгі тыңдайтын жаңалықтарың «Ресей елінің табиғат жағдайлары және табиғат ресурстары».

Табиғат ескерткіштері

Табиғи саябақтар

Таулар мен ормандар

Минералды сулар

Тарихи – мәдени т.б.

V. Дамыту:

« Білгірлер ғаламшары»

Балалар, осы ғаламшарда ғарышкер ағаларымыз Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мусабаев болып, тапсырма қалдырып кетіпті, қандай тапсырма екен? Қане, ағаларымызды ұятқа қалдырмайық.

№1 экипаж мүшелеріне:

  1. Жер ресурстарының маңыздылығы (қосымшадағы «Дүние жүзінің жер қоры» картасын караңдар);
  2. Минералдық ресурстардың қажеттілігі (қосымшадағы «Дүние жүзінің отын – энергетикалық кешені» және «Ресейдің отын – энергетикалық кешені» карталарын қараңдар).

№2 экипаж мүшелеріне:

  1. Агроклиматтық ресурстың ауыл шаруашылығын өркендетуге мүмкіндігі.
  2. Орман ресурсының тараған аймақтары («Дүние жүзінің орман ресурстары» картасын қараңдар)

№3 экипаж мүшелеріне:

  1. Су ресурсының қоры бай аймақтарын тап (қосымшадағы «Дүние жүзінің толық өзен ағынымен  камтамасыз етілуі» картасын қараңдар).
  2. Рекреациялық ресурстар таралған аймақтарды тап (Атласқа сүйеніп, орындандар).

 

VІ. Бекіту:

«Тексеру ғаламшары»

Мына ғаламшардың жанында тағы бір кішкені көрші ғаламшар тұр екен, енді соған соға кетейікші. Мына пакетте бізге арналған сұрақтары бар екен. Осы тест сұрақтарына жауап берсек, одан әрі сапарымызды жалғастырамыз.

№1 экипаж мүшелеріне:

  1. Ресей жерін алып жатқан жазықтар:

А) 50%                                   В) 70%                       С) 60%

  1. Жазықты тап:

А) Шығыс Еуропа               В) Орта Сібір                        С) Лена

  1. Өңделетін жер үлесі жөнінен алатын орны

А) І орын                              В) ІІІ орын                С) ІІ орын

  1. Елдің жалпы жер қоры:

А) 1709,8 млн га                   В) 11,5 га                   С) 65 га

 

№2 экипаж мүшелеріне:

  1. Шөлейттену процесіне ұщыраған жер үлесі:

А) 5%                                     В) 7%                          С) 6%

  1. Дүние жүзіндегі ормандардың Ресейге тиесілі үлесі:

А) 22%                                   В) 90%                       С) 60%

  1. Таулы үстірттер алып жатқан биіктік

А) 1000 м                               В) 2000 м                   С) 3000 м

  1. Елде маңызды кен, орындары:

А) 10 мыңнан астам             В) 20 мыңнан астам             С) 30 мыңнан астам

№3 экипаж мүшелеріне:

  1. Ресейдегі шөлейттену үлесі

А) 7%                                     В) 5%                                     С) 9%

  1. Кәсіптік балық аулауда маңызы жоғары өзендер

А) Ертіс, Орал                      В) Объ, Енисей                    С) Лена, Сырдария

  1. Тарихи – мәдени рекре ациялық ресурстар шоғырланған бөлік

А) Еуропалық                       В) Азиялық                           С) Солтүстік

  1. Көп жылдық тоңның үлесі

А) 9 млн км2                          В) 8 млн км2                           С) 10 млн км2

Картамен жұмыс.

VІІ. Қорытындылау:

«Байқоңыр айлағы»

Гагариннің орбитадан алақандағыдай жер Ананың шын құдіретіне, сыр – сипатына тамсанғаны әлі есімізде. Ғаламшарымыздың тұңғыш ғарышкерінің осынау толғанысы тарих беттерінде естелік болып қана қоймай, бүгін де, ертең де, келешекте де жер Ана болмасыныңы символдық мәнін ашып тұрса дейміз.

Бүгінгі саяхатымыз да аяқталып қалды. Байқоңырда бізді президентіміз, журналистер күтіп тұр. Қане, басқа ғаламшардан не үйрендік, қайталап, көрейікші, оларға не айтамыз?

Оқушылар үлестірмелердегі  сұрақтарға жауап беріп, картадан көрсетеді.

  1. Су ресурстары қай аймақтарда шоғырланған?
  2. Табиғи рекреациялық ресурстардың маңызы неде?
  3. Табиғат ресурстарына тән ортақ белгілер қандай?

Міне, жерге де қоңдық.  Мұғалім оқушылардың білімін бағалап, Президент сыйлығын  таратады. «5» - ке жауап берген оқушыларға - қызыл, «4»- ке жауап бергендерге – жасыл, «3» - ке  жауап бергендерге  - көк зымыран таратып беріп, сабақты қорытындылайды.

VІІІ. Үйге тапсырма.

§46

  1. Мәтіндегі суды пайдалану үлесінің көрсеткіштері бойынша шеңберлік диаграмма кұрастыр.
  2. Қосымшадағы «Ресейдің отын – энергетикалық кешені» картасын  пайдалана отырып, аса маңызды мұнай – газ провинциялары мен ірі көмір алаптарын анықта

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлыбритания. Мемлекттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Германияның экономикалық – географиялық жағдайы Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Италия Экономикалық – географиялық жағдайы Табиғат жағдайлары мен ресурстары Халқы Шаруашылығы
Үш таңбалы санды, бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
СИРИЯ
САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІ
БРУНЕЙ
САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС
БОСНИЯ ЖӘНЕ ГЕРЦЕГОВИНА
Азияның жетекші елі-Жапония
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 4636 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык