Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қатынас және пропорция


Қатынас және пропорция

Қатынас және пропорция

Сынып: 02 Б(6 сынып)

Күні: 09.10.14ж.

Құрастырды: Мақсұт Н.М.

Қарағанды қаласы, «Дарын» мектеп-интернаты

Сабақтың тақырыбы: Қатынас және пропорция.

Сабақтың типі: бекіту – жүйелеу сабағы.

Сабақты ұйымдастыру формаларының түрі: топтық,жұптық

Қолданылған технологиялар: проблемалық, ақпараттық-коммуникативтік, денсаулықты сақтау, АКТ технологиялары.

Сабақтың мақсаты: қатынас пен пропорцияның қасиеттерін қосымша мәліметтер арқылы олардың өмірдегі қолданысын ұғынып,мысалдар келтіре алады.

*S (Specific) – нақты: қосымша мәліметтерді арқылы олардың өмірдегі қолданысын біледі.

*M (Measurable) - өлшемді: cабақ соңында.

*A (Attainable) – қолжетімді: қатынас және пропорция тақырыбы бойынша алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра алады.

*R (Result-oriented) – нәтижеге бағытталған:.

*T (Time-bounded) – белгіленген уақыт аралығы. сабақтың – 45 минут өтуі.

Сабақтың міндеттері:

*білімділік – пропорцияның қасиеттерін қарастыра отырып,өмірдегі қолданысын ұғыну;

*дамытушы - оқушылардың зияткерлік ойлау қабілетерінің (талдауы, салыстыруы, себеп-салдарлы байланыс жасай алуы) дамуына мүмкіндік беру;

*тәрбиелік - оқушылардың ойлау қабілеттері мен коммуникативтік дағдыларын: басқа адамның ойын тыңдау, өзінің көзқарасын дәлеледей алуын қалыптастыру.

Оқытудың әдістемелік өлшемі: ҚҚБТ құрастыру, логикалық сұрақтарға жауап, өзіндік жұмыс.

Құрал-жабдықтар: АКТ жабдықтары,ноутбук,смартфондар, стикер,маркер, карточкалар, бағалау парақтары.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік құзыреттілік:

а) қатынас, пропорция ұғымын , қасиеттерін есеп шығаруда қолданады;

ә) пропорцияның ортаңғы,шеткі мүшелерін ажырата алады;

б) пропорцияның өмірде қандай түрде қолданылатынын, маңызы мен пайдасын айқындай алады.

Ақпараттық құзыреттілік:

-берілген түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасай алады: мәтін, диаграмма мен таныстырылым материалдары;

-тәжірибе арқылы қатынастың байланысын айқындай алу.

Коммуникативтік құзыреттілік:

-өзіндік жұмыстарды топта, жұпта немесе жеке түрде орындай алады, бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынаста жұмыс жасай алады, алға қойылған мақсаттарды бірлесе отырып шешеді;

-көпшілік алдында өз ойын еркін айтады, алған мәліметтер арқылы нақты бір шешім қабылдауға тырысады;

-бір-біріне дұрыс әрі жинақы сұрақ қояды, бір-бірлерінің айтылған ойларымен келісе отырып, ортақ бір шешімге келеді.

Басқарушылық құзыреттілік:

- топта оқушылар өздерінің атқаратын қызметін жүйелеп, басқа оқушылардың жұмыс жасауын ұйымдастырады. Жеке құзыреттілік: - өзін-өзі басқарудағы қабілеттілігінің айқындалуы; - толеранттылығы. Технологиялық құзыреттілік. - АКТ құралдарын тиімді пайдалана алуы.

Таныстыру Түсіну Қолдану Анализ Синтез Бағалау Сабақтың құрылымы Сабақ кезеңдері Уақыт (мин.) Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Блум таксономиясы бойынша құрылымы Таныстырылым 1 кезең Жинақтау кезеңі Сабақтың мақсатының қойылуы

1.Ұйымдастыру.

2. Білімнің өзектілігі, оқушылардың белсенді түрде білім алуы мен қабылдауына дайындығы.

3.Оқушыларға сабақтың мақсатын анықтауды ұсыну.

4.Сабақ жоспары. 10

1. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру, психологиялық ахуал жасайды

2. Топқа бөліп, топ көшбасшысы сайланады.

3. Сабақтың мақсатын айқындауына бағыттайды.

4. Мұғалім оқушы алдына келесі міндеттерді қояды:

Хатқа жауап беру. Қатені табу,пробемадан шығу жолын айқындау. 1. Оқушылар сабақтың тақырыбына сәйкес сабақтың мақсатын тұжырымдайды. 1 -5 слайд 2. Оқушылар бір-біріне хат жолдайды. 3Әр топ қатені табады? Таныстыру (есте сақтау, түсіндіріп беру, еске түсіру)

Түсіну (өз сөзімен мәлімдеу) Мына заттарды не байланыстырады?

Дымбілместен тышқан салмағының пілдің салмағына қатынасын табу сұралды.Тышқан 50 грамм, ал піл 5 тонна тартады. «Мынандай қатынас құрамыз 50 : 5, - деді Дымбілмес – тышқан пілден 10 есе ауыр. Дымбілместің қатесін табуға көмектесіңіз. Алдымен масса өлшемдерін бір санақ жүйесіне келтіреміз. 5 т=5 000кг=5 000 000г 50:5 000 000=1:1 00 000

Жауабы: тышқан пілден 100 000 есе жеңіл.

2 кезең Ұғыну кезеңі Өмірмен байланысты есептерді ды орындау

Топтық жұмыс: - жоспарлау және ақпаратты іздестіру; - ақпаратты іріктеу; - берілген ақпарат арқылы өмірдегі қолданысын айқындау; 10 Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беруі үшін оқулық пен қосымшадағы теориялық мәліметтерден жауап іздестіреді. 1-топ оқушылары тура пропорционал шама, пропорция арқылы шешу, пропорцияның белгісіз мүшесін табу, ақпартпен жұмыс жасайды ; Қолдану (тәжірибеде қолдану, жетістікке қол жеткізу үшін мәліметті қолдану) Анализ (өз білімін көрсету мақсатында бірнеше бөлімдерді қарастыру) ҚҚБТ №1 Құзіреттілік: проблеманы шешу құзіреттілігі Аспект: проблеманы топпен шешу Соя- бұршақ дәнді, майлы дақыл. Африка , Оңтүстік-Шығыс Азияның ылғалды тропикалық және субтропик жерлерінде 10 түрі, Қазақстанда 1 ғана түрі – екпе соя өседі.Соя-жүрекке пайдалы. Сояның дәнінде 20% май болады. 700 кг соя құрамында қанша май бар? Сояның адам ағзасына тигізер пайдасы туралы не естідіңіз? Қосымша дереккөздерден жауабын іздеңіз. 2-топ Құрылысшы болады.

1-бөлім 3-топ оқушылары Құрылысшы болады

2-бөлім . Топ бойынша орындаған жұмыстарына бір-бірін тексереді, бағалайды. ҚҚБТ № 2 Құзіреттілік: проблеманы шешу құзіреттілігі Аспект: проблеманы жұппен шешу Сіз құрылысшысыз. Үй салып, адамдарға баспана сыйлау-сіз үшін бақыт. Жұмысшы сменасында жоспарланған 36 тетік орнына 45 тетік жасады.Факті бойынша жасалған тетік жоспарланғаннан қанша пайызға орындалды? Басшы ретінде осы жұмысшыны қалай марапаттар едіңіз? Жаңа үйдің ішкі сылақ жұмыстарын 15 жұмысшы 24 күнде бітіреді. Осы жұмысты 18 жұмысшы неше күнде орындар еді? 3 кезең Рефлексия кезеңі Тақырып бойынша ҚҚБТ тапсырманы құрастыру. Сабақта жұмыс формаларын ұйымдастыру (топтық) 20 Мұғалім оқушылардың ҚҚБТ құрастыру кезіндегі әрекеттерін түзетеді. Басты мақсат – алған теориялық білімдерін өмірмен байланыстыра алуына бағыттайды. Оқушылар қосымша материалдарды пайдалана отырып, ұсынылған критерийлерге сәйкес құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған есептер құрастырады. Басқа топ тапсырмасын орындайды. Топ бойынша берілген тапсырмадағы мәліметтерді жинақтай отырып, себебін анықтайды. Синтез (орындайтын тапсырма арқылы жақсы нәтиже шығару) Бағалау +құру (қарама-қарсылық туғызуға шешім қабылдау, орындалған тапсырма бойынша пікірлерін білдіру) ҚҚБТ №3 Практикалық тапсырма : орнымыздан тұрамыз.Екі қолымызды созамыз. Бір оқушы екіншісінің қолын өлшейді.Мед.пункте тексерістен өткендегі бойларының ұзындығын жазады.Қатынасын табады.Қандай қорытынды жасаймыз? Өздік жұмыс 1. Жол бойындағы ұзындығы 6 м болатын бетон плиталарды жаңадан 8 м плитамен ауыстырды. Ескі 240 ескі плитаны ауыстыру үшін қанша жаңа плита керек? Жауабы:180плита 2.Темекі шегетін балалар өз өмірлерін 12,5%-ға қысқартады.Егер Қазақстанда орташа өмір сүру жасы 61,6 болса, темекі шегетін баланың өмір сүру ұзақтығы қандай? . 7,7 жас 3.Ыдысқа 240 г су құйып, 10 г тұз салды.Тұздың судағы пайыздық мөлшерін табыңыз? Рефлексия Жалпы рефлексия. Балдар жинағы. Сабақты қорытындылау. 5 - Пропорцияны тағы қайда қолданамыз? - Практикада алған білімді қолдана аламыз ба? Есеп шығару барысында қандай қиындық туындады? - Өзіндік бағалау схемасымен жұмыс жасатады.

Қорытындылау.

Үй жұмысы Қосымша материалдарды қолдана отырып, пропорция тақырыбы бойынша АВС деңгейлі тапсырма құрастыру. Тапсырманың құрылымы Тапсырмаға ерекшелігі (Мұғалімге арналған ақпарат) 1Пәні: Математика 2.Сынып 6 2.Тақырыбы: Қатынас және пропорция Негізгі құзіреттілік және аспект Құзіреттілік: проблеманы шешу құзіреттілігі Аспект: проблеманы топпен шешу Ынта (тапсырманың контексіне толық кіргізеді,орындауға мүдде туғызады) Соя- бұршақ дәнді, майлы дақыл. Африка , Оңтүстік-Шығыс Азияның ылғалды тропикалық және субтропик жерлерінде 10 түрі, Қазақстанда 1 ғана түрі – екпе соя өседі.Соя-жүрекке пайдалы. Есептің тұжырамдамасы Сояның дәнінде 20% май болады. 700 кг соя құрамында қанша май бар? Сояның адам ағзасына тигізер пайдасы туралы не естідіңіз? Қосымша дереккөздерден жауабын іздеңіз..

Пропорцияның көмегімен шешіңіз. Қандай тағы тәсілі бар? Ақпарат (тапсырманы орындауға) Пропорцияның анықтамасы, тура пропорционал шама.Қандай тағы тәсілі бар? Ғаламтордан соя туралы оқып,біліңіз.

Тексеру құралы (Мұғалімге арналған ақпарат) 700 кг-100% немесе 20%=0,2 700*0,2=140 Х кг- 20% 700/х=100/20 х=(700*20)/100 х=140(кг) Жауабы: 140 кг май бар.

Дұрыс жауап – 3 ұпай,тек бір тәсілмен шешілсе -1 ұпай, дұрыс емес - 0 Ғалымдардың зерттеуі бойынша, соя адамның ағзасындағы холестериннің деңгейін өсірмейді, қан айналымын жақсартады және қан қысымының көтерілуінен құтылуға көмектеседі.

Тапсырманың құрылымы

Тапсырмаға ерекшелігі (Мұғалімге арналған ақпарат)

1Пәні: Математика

2.Сынып 6 2.

Тақырыбы: Қатынас және пропорция

Негізгі құзіреттілік және аспект Құзіреттілік: проблеманы шешу құзіреттілігі Аспект: проблеманы жұппен шешу

Ынта (тапсырманың контексіне толық кіргізеді,орындауға мүдде туғызады) Сіз құрылысшысыз.

Үй салып, адамдарға баспана сыйлау-сіз үшін бақыт. Есептің тұжырамдамасы Жұмысшы сменасында жоспарланған 36 тетік орнына 45 тетік жасады.

Факті бойынша жасалған тетік жоспарланғаннан қанша пайызға орындалды?

Басшы ретінде осы жұмысшыны қалай марапаттар едіңіз?

Жаңа үйдің ішкі сылақ жұмыстарын 15 жұмысшы 24 күнде бітіреді. Осы жұмысты 18 жұмысшы неше күнде орындар еді?

Ақпарат (тапсырманы орындауға) Қатынастың анықтамасы, пропорционал шаманың түрлері,есепті пропорция құру арқылы шешу.

Тексеру құралы (Мұғалімге арналған ақпарат) 45/36=1,25=125% 125-100=25 Жауабы: 125% ,яғни 25 пайыз артық орындады. дұрыс жауап – 3 ұпай, дұрыс емес -0 2 ) 15 жұмысшы--- 24 күн 18 жұмысшы ---х күн 15/(18 )=х/24 х=( 15*24)/18 х=20(күн) Жауабы: 20 күн дұрыс емес-0 ;қатынастың анықтамасын біледі-1; кері пропорционалдықты біледі-2; пропорция құра алады -3; жауабы толық -4;

Бағалау парағы

ҚОСЫМША-1

Оқушы аты-жөні

Кезеңдер

Критерийлер

Балл

Өзіндік бағасы

Мұғалім бағасы ∑ 1 кезең 1.Сұрақа жауап; 2.Дымбілместің қатесін табу; 3. Негізгі білімдік көрсеткіштерді қолдана алуы; 4. Уақыт тәртібін ұстануы. 0,5 0,5 0,5 0,5 2 кезең Ұғыну кезеңі Өмірмен байланысты тапсырмалар ды орындау 1.Дәлелді жауаптары; 2.Ақпаратты дұрыс пайдалана білуі; 3. Логикалық ойларының жинақылығы;

4. Уақыт тәртібін ұстануы. 1 1 1 1 3 кезең

Тақырып бойынша ҚҚБТ тапсырманы құрастыру.

1.Мазмұндылығы;

2. Жинақылығы;

3. Дәлелді жауаптары;

4. Көрнекілігі. 1 1 1 1 4 кезең

Рефлексия

1.Жаңа мағлұматтарман таныстым

2.Мен үшін өмірде пайдалы

3.Сабақта мені ойландыратын жағдай туындады, мен жауап бере алдым

4.Мен сабақта жақсы жұмыс жасадым , мақсатқа жеттім 0,5 05 0,5 0,5 12


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ.
Қатынас және пропорция
«Металдар» тақырыбын қорытындылау
«Металдар» тақырыбы
Квадрат теңсіздікті шешу
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қолдану
Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеттері
Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті
Квадраттық теңсіздіктерді шешу тәсілдері
Рационал сандарды бөлу
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 9440 | Қосты: Мақсұт Нұрсара Мұқатайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык