Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Болашақ бүгіннен басталады


Болашақ бүгіннен басталады

Болашақ бүгіннен басталады

(интеллектуалдық сайыс жоспары)

 Сабақтың мақсаты: Оқушылардың факультативтік сабақ бойынша алған білім мен біліктілікті өмірмен  байланыстыру.

Сабақтың міндеттері:

  • БілімділікИнформатика пәнінің қолданбалы салалары бойынша  оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, ақпараттық және коммуникативтік құзіреттілік тұрғысынан жетілуіне ықпал ету;
  • ДамытушылықОқушылардың компьютерде практикалық жұмыстарды орындау шеберлігін, машығын, әдет, дағды, іскерлігін жетілдіру, біліктіліктерін  дамыту.
  • ТәрбиелікҰлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, іскер, білімді және білімін пайдалана білетін,  алдына мақсат қойып, оған жетер жол таба білетін ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстан мемлекеті туралы айта отырып оқушылардың           патроиоттық сезімдерін қалыптастыру.

Мұғалім оқушыларды өтілетін сайысқа бағыттап алып, сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы айтып кетеді.

Барысы:

1 Жүргізуші:   Құрметті ұстаздар, оқушылар!   Бүгінгі М.И.Ф.  пәндері апталығына байланысты «EXPO-2017»  желісімен  өткізгелі отырған  “Болашақ бүгіннен басталады” атты  білім сайысына қош келдіңіздер!

2 Жүргізуші:  

Біздің қаламызда өтетін халықаралық  «EXPO-2017»  көрмесіне үлес қосуға,  біздің байқауымызға  қызығушылық танытып,  өз білімдерін сынауға ниет білдірушілер өте көп.

1 Жүргізуші:  

Бүгінгі сайыстың бір  қуантарлығы -  Астана қаласындағы беделді , ірі «Astana 56 mektep-lizey»   білім мен ғылым қалашығының  «Informatika»  мөлтек ауданынан 2 үлкен компаниялардың сәулетшілері қатысып отыр.

«Жобалаушы» сайыскерлер бүгінгі,

Бар  білімін  алдыңызға  салады.

Кім  білімді , оқығаны көп  болса

 Бұл сайыстың  жеңімпазы  болады.

2 Жүргізуші:  

Сайыстың шарты:  Сайысқа  «Keyboard»және «Mouse» компанияларының жобалаушылары (архитекторлар) қатысады.  Сайыс  3  кезеңнен тұрады: Сайыскерлердің ұпайын есептеп, бағалау топбасшысы арқылы жүргізіледі

 1 Жүргізуші:   Рефлексия («Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйлеріңізге сәйкес суретті таңдап алыңыздыр)

2 Жүргізуші:   Сайыстыңөтілу барысымен таныстырып өтейін

1.Топтардың таныстыруы

2. «EXPO-2017  көрмесіне үлес» білім сайысы

3.Қорытынды

Сайыста орындалатын жұмыс түрлері:

  • Ауызша есептеулер
  • Практикалық жұмыс
  • Блиц сұрақтарға жауап
  • Тақтамен жұмыс
  • Жеке тапсырмалар орындау

Ендеше сайысымызды бастайық.

1 Жүргізуші:   Сайысымыздың  «Алтын ережесімен» таныстырып кетейін.

  1. Ұран «Кемедегінің жаны бір».
  2. Бағалау топбасшысы арқылы жүргізіледі. Бағалау әділ жүргізілмесе топтан бір ұпай шегеріледі.
  1. Егер топтағы бір оқушы сайысқа атсалыспаса, онда топтан тағы бір ұпай шегеріледі.

4. Бір оқушының айтқанын екінші оқушы    қайталап айтуға болмайды.

2 Жүргізуші:  

Таныстырып таңдамалы команданы,

Ұшталсын деп тілейік қаламдары.

Ұсынған өз жұмысын жобашылар,

Сәтті болсын әрдайым қадамдары- дей отырып, сайысымыздың   «Таныстыру» кезеңін бастайық. Әр компания өз 1

Жүргізуші:  

«EXPO-2017  көрмесіне үлес» білім сайысын бастаймыз

  • «Қазақстанның биік белесі»  (ауызша есептеулер)

8-сынып сұрақтары:

1. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? (латын)

2. Алғашқы есептеу құрылғысы. (саусақ)

3. Аз батырмалы ақпарат енгізу құрылғысы. (тышқан)

9-сынып сұрақтары:

1. Екілік жүйесінің сандары. (0, 1)

2. Графикалық ақпараттарды компьютерге енгізу құрылғысы. (сканер)

3. Символдық және сандық ақпараттарды енгізу құрылғысы. (пернетақта)

Жауап нәтижесін білген соң экранда«EXPO-2017»  сөзі шығады

1 Жүргізуші:  

Expo (Экспо) - дүниежүзілік көрме.  Ол техникалық, технологиялық табыстарды көрсетуге арналған халықаралық көрме.

Сұраққа жауап алу арқылы көрменің өткізілетін уақытын білетін боламыз

Адамның    анатомиялық  ерекшеліктеріне  байланысты  қабылданған санау жүйесі қандай?

Бұл көрме  2017 жылдың   10    шілдесінен бастап   10    қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастыруымен өтеді.

  • «Бізден  сұрақ,  сізден  жауап»  демекші   «Көрме тақырыбы»  блиц – сұрақтарға «ия» немесе «жоқ» деп  жауап беру керек.
  1. Ең бірінші программа құрған оқымысты Билл Гейтс па? (жоқ)
  2. 1 Гбайт 1024Мбайтқа тең ба? (иә)
  3. Монитор компьютердің «миы» ма? (жоқ)
  4. Байт ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі ма? (жоқ)
  5. Калькулятор қарапайым есептеулер жүргізетін программа ма? (иә)
  6. Ең алғашқы пргорамманы жазған Ада Лавлейс па? (иә)
  7. 1Мбайт 1024байтқа тең ба? (жоқ)
  8. Тышқан ақпаратты енгізу құрылғысы ма? (иә)
  9. Терезені  жабу  пернелері  / Alt+F4 /
  10. Паскаль тілінің авторы   / Никлаус  Вирт / 
  11. Microsoft    фирмасының  авторы  / Билл  Гейтс /
  12. Integer  сөзі   нені  білдіреді     / бүтін  шама /

2 Жүргізуші:  

«Жарқын жеңіс»   (топпен практикалық тапсырма)

Бұл кезеңде әр топқа 10 сөз беріледі. Берілген әріптердің орны ауысқан, сол сөздерден дұрыс информатикалық термин  құрастыру қажет.

Ұйымдастырушы қаланы  2012 жылдың 22 қарашасында Парижде Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 152-ші сессиясы кезінде дауыс беру арқылы таңдады.

Төмендегі берілген тапсырманың жауабы арқылы  дауыс беру нәтижесін білетін боламыз.

Екілік санау жүйесіндегі сандарды ондық санау жүйесіне ауыстыру

 1) 1100111;                                                              2)  101100;

Нәтижесінде кестедегі берілген 103 және 44 саны шығады.

Дауыс беру нәтижесі

Елдер

Қала

1-ші айналым

           Қазақстан

Астана

103

             Бельгия

Льеж

44

1 Жүргізуші:  

  • «Көрме логотипі»  (тест) 

«Keyboard»

1. 1.Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым:

а) физика   ә) информатика   б) математика  в) химия

2. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын  негізгі құрал

а) термометр  ә) принтер  б) калькулятор  в) компьютер

3. Ол әрбір қарапайым екі пікірге, пікірлердің екеуі де ақиқат болғанда ғана мән қабылдайтын күрделі пікірді сәйкес қоятын логикалық амал не деп аталады.

а) дизъюнкция  ә) конъюнкция   б) интерфейс  в) логикалық теріске шығару.

4.Ақпараттың өлшем бірлігі

а) бип,байт  ә) бит,байт    б) код,бит в) код,бит

5.Вирус – бұл программа:

а) компьютердің қалыпты жұмысына кедергі келтіреді,  ә) компьютер жадын көбейтеді   б) ақпараттың принтерге шығарылуына кедергі болады  в) ақпаратты сығылған түрде сақтауда кедергі болады.

6.Архивтік файлдың алғашқы файлдан айырмашылығы:

а) оған ену аз уақытты қамтиды     ә) редакциялау өте ыңғайлы    б) вирустардан жеңіл қорғанады.   в) дискіде аз орын алады.

7. «Емес» жалғауының көмегімен пікірді теріске шығару амалы не деп аталады.

а) дизъюнкция    ә) конъюнкция   б) интерфейс   в) теріске шығару немесе инверсия

«Mouse»

  1. Паскальда қандай сандар типтері болады?

А) бөлшек;аралас                           с) бүтін; нақты

В) оң;теріс;натураль                       д) қысқа; ұзын; орташа.

  1. Паскаль тілінің дұрыс жазылған меншіктеу операторы белгісін көрсетіңіз:
  2. Көбейту амалы Паскаль тілінде қалай жазылады?

А)  =              B) *             C) :=               Д)  <>

  1. Пасакаль тіліндегі айнымалылар бөлімі.

A)    Label           B) var           C) type           Д) real

  1. Шығару операторы.

А) begin           B) writеln         C) readln              Д) End

  1. Компьютерлік вирустар дегеніміз не?

а) қолданбалы программа   ә)жүйелік программа    б) компьютерде санкцияланбаған әрекеттер орындайтын программа  в)компьютердің қосымша ақпараттық қамтылуы.

  1. Қай батырма сандық клавиатураны қосады?

а) Caps lock     ә) Enter    б) Insert    в) Num Lock

Тест нәтижесінде экранда  көрме логотипі шығады.

  • Логотип күн сәулелерінің таралуын энергия көзі және энергия нышаны ретінде белгілейді.
  • Тегiс және әдемi формалары бар дөңгелек гүл жапырақшалары қозғалыс және энергияны суреттей отырып айналмалы түрде симметриялы орналастырған.
  • Сары және ашық-көгiлдiр түстер басым, олар кемпiрқосақтың түстерiн еске салады.
  • Логотип жарқын, көркем және интерактивті формада жаңа энергияны білдіреді.
  • Жазуы айқын, қарапайым, құрылымы бойынша мәнерлі.

Интернет желісіндегі электронды почтамызға екі топқа хаттар келіп тұр екен.Ондағы сөйлемдердің қатесін анықтап  ретімен , мағынасына қарай құрастырып  қоямыз.

   І-топ

1-хат.Сканер мен пернетақтаны іске қосып, компьютерді қосу керек.Монитормен мәтін жазып,суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаланамын.Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару  үшін жүйелік блок қолданамын.

2-хат.Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текстік редакторы пайдалануға болады..Мәтін жазу үшін сызғыш,өшіргіш құралдарын пайдаланамын.Ал сурет салғым келсе  Wortpad стандартты программасымен сала аламын.Мұнда Word Art панелі  арқылы әр түрлі суреттерді саламыз.

1 Жүргізуші:  

ІІ-топ

3-хат.Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын.Өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға,сканерлеуге болады.пернетақтаның үш түрі бар:Лазерлік,матрицалық,сия бүріккіш.Сақталған құжаттарды Shift  пернесін басып, жоюға болады.Функционалдық  пернелерге әріптер блогы жатады.

4-хат.Мен электронды кестемен жұмыс істегенді ұнатамын.Онда әр түрлі кестелер мен слайдтар жасауға болады.Дыбыс жазып, видео  роликтерді көруге болады.Және де бұл программа арқылы интернет жүйесіне шыға аламыз.

2 Жүргізуші:

  • «Көрме тарихы»     ( компьютерде практикалық жұмыс )

Оқушылар компьютерде таратпа арқылы берілген тапсырмаларды орындайды:

2 топқа мәтінмен, кестемен, слайдпен, графикамен жұмыс тапсырылады.

1 Жүргізуші:

  • «Болашақ көрме қалашығы» ( деңгейлік тапсырмалар )

Деңгейлік тапсырмалар орындау нәтижесінде болашақ көрме қалашығының моделі шығады.

2 Жүргізуші:  

Қорытынды

  • Қатысушылардың сайысты қорытындылауы тақтада ГЛОССАРИЙ (термин сөздермен) жұмыс
  • Сайыскерлердің  берген  жауабы мен  жинаған ұпай  сандары  бойынша жеңімпаз  топ  анықталып , сол топтың жобасы көрмеге қабылданғаны туралы хабарлама айтылады  марапатталады.

1 Жүргізуші:  

Сайыс нәтижесі  Интернет желісі арқылы көрмені ұйымдастыру комитетіне жіберіліп, хабарлама келді.

ХАБАРЛАМА

Құрметті   «Astana 56 mektep-lizey» білім мен ғылым қалашығындағы   «Informatika»  мөлтек ауданының «Keyboard»  («Mouse» )  жобалау компаниясының сәулетшілері!

Еңбектеріңіздің нәтижесінде Сіздердің жобаларыңыз  « ЕХРО  - 17 » көрмесіне өтті.

Сіздерді 2017 жылы  10 шілдеде  Астанада  «ЕХРО  - 17»  көрме кешеніне шақырамыз.

«ЕХРО  - 17» ұйымдастыру комитеті

Болашақта бұл жобалар жетілдіріліп, 2017 жылы көптің назарына ұсынылады

2 Жүргізуші:  

Осымен сайысты  тәмамдасақ,

Бұл сайысты өткізер ме ек жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информатика және өмір.
Жас информатиктер
Информатика әлемі
Информатика әлемінде сайысы
Паскаль тілінің қарапайым операторлары
Білім баспалдағы
Көңілді тапқырлар
Кім білімді? Кім жылдам? Кім тапқыр?
Ғажайып информатика
Көңілді тапқырлар
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 2515 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык