Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ғ дыбысы мен әрпі


Ғ дыбысы мен әрпі

Ғ дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Ғ дыбысы мен әрпі

 Сабақтың мақсаты:

      1.Білімділік: Ғ дыбысы және әрпімен таныстыру өтілген дыбыстарды   

                              қайталау. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата     

                             білу. Сөздерге дыбыстық талдау жасау. Балаларды буынға  

                           бөлу туралы түсінігін дамыту.

 

         2.Тәрбиелік: Әдептілікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

        3.Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін 

                                         дамытып, тіл байлығын арттыра отырып сөздерді 

                                         байланыстырып сөйлеуге төселдіру.

 

Әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, топтастыру жұмысы.

Көрнекі құралдар: кеспе әріптер мен буындар үлестірмелі суреттер, әліппе дәптер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеу назарларын сабаққа аударып, оқу-құралдарын дайындату.
  2. Өтілген әріпті еске түсіру.

«Бір айналым сөйлеу» ойынын ойнату арқылы ішіңде Ң дыбысы бар сөздерді ойлап табу.

Бір оқушы 1 сөзден жазып, айналдыра береді.

Жаңбыр, шаңғы, саңырау, жаңа, т.б.

 

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.
  • Балалар қазір қай мезгіл?
  • Күз мезгілі.
  • Дұрыс.
  • Олай болса мен сендерге «жұмбақ» жасырамын. Сол жұмбақтың шешуінен біздің бүгінгі өтілетін жаңа дыбысымыз шығады.

«Жұмбақ» шешу:

Ағада бар,

Менде жоқ.

Жағада бар,

Жеңде жоқ.

                     (Ғ)

Хормен айтқызу: Баспа және жазбаша түрімен таныстыру, ауада жазу. Дауысты және дауыссыз екенін өздері ажыратады. Ғ дыбысын қайталау.

Балалар, енді мен сендерге жаңғақ ішінде, арасында ғ дыбысы немесе басында ғ дыбысы келетін сөздер айтамын.

Олай болса, «Ғани» деген адамның атында бірінші қандай дыбыс естіледі?

  • Ғ дыбысы.
  • Ғ дауыссыз дыбыс.
  • Ғалам – Ғ әрпінен басталады.

Ғ дыбысынан аталатын адамдардың аттарын ойлап табу.

(Ғалия, Ғазірет, Ғаппар, Ғаини, т.б.)

Ғ дыбысының таңбасы. Ғ әрпі тақтаға жазылады.

 

  1. Әліппе жазу дәптерімен жұмыс.

Әліппе – дәптердің суреттеріне қарап заттың атын атайды, буындарға бөледі.

Ға-лам, са-ғат, а-ға, шал-ға, шаң-ғы.

Олар суретке және сызбаға сүйеніп сөйлем құрап жазады.

Ол – сағат.

Менің ағам.

«Ғаламды түсіндіру».

«Ойлан тап» ойыны.

 

Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Сергіту жаттығуы.

 

Кел, балалар, ойнайық»

Тектен текке тұрмайық.

Жемістерді жинайық,

Үзіп алып бақтардан

Жолдастарға сыйлайық!

 

  1. Көрнекілікпен жұмыс.

Ғарышкер суретін көрсетіп,

    Ғарышкер туралы түсінік беру.

 

  1. Бір буынды, екі буынды сөздерді оқыту.

ға, ғы, ғу, ғи. шаң-ғы, са-ғат, а-ға, та-ға.

    Ғ дыбысы сөздің басында, ортасында көздеседі.

 

  1. Сөздік диктант.

Аға, ауа, су, ну, ту, ана, ата.

 

  1. Сабақты қорытындылау, бекіту.
  • Біз не үйрендік?
  • Ғ дыбысы мен әрпі.

Балалардың білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма беру.

Сағат, шаңғы суреттерін салып келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы мен әрпі
"Пп"дыбысы мен әрпі
"Ш"дыбысы
Ғ дыбысы мен әрпі
А а дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
С с дыбысы мен әріп таңбасы
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
Ч дыбысы мен әрпі.
: “ Ю ” дыбысы мен әрпі
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 6183 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык