Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz

Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз! Ата – бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт аңсап өткен киелі сөз! Осы тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымыз қаншама?! Олар елдің қамы, жердің қамы үшін қан төгіп, ақыр соңында солар төккен қызыл қанның арқасында «Тәуелсіздік» атты бақытты қолымызға қондыра білдік, осы киелі сөздің мағынасын ұғына білдік. Сондай оқиғаның соңғысы – «Желтоқсан оқиғасы». «Елім, жерім » деп қыршынынан қиылып, құрбан болған боздақтарымыздың есімдері сан ғасырлық тарихы бар еліміздің тарихынан, санасынан ұмытылмақ емес. 

Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 15160 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Берманова Асель Салыққызы | Уақыты: 10-12-2014, 16:32 |


Мұғалім  болуды бала кезімнен армандадым,  қазақ  әдебиеті пәнін өте жақсы көрдім, әдебиетші болғым келетін...  1988 ж Гурьев педагогикалық институтын бітіріп келгеннен кейін, Маңғыстау облысының  Маңғыстау ауданында тарих және қоғамдық пәндер мұғалімі болып еңбек жолымды бастадым.  Менің педагогикалық ұстанымым ,    «Білім алу мен білім берудің өзара  үйлесімділігі, ынтымақтастығы: түпкі нәтижеге жету кепілі » .  Менің пайымдауымша  мұның мәні:  оқушы мен мұғалім әрекеттерінің  мақсаты, мазмұны  өзара үйлесіп, табысқа жету, тұтас бір жүйеге айналу дегенді білдіреді.    

Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 8388 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Зейнеп Калаубаева | Уақыты: 10-12-2014, 15:43 |


Білімділік мақсаты: Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсете білуге үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.

Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3046 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Садуакасова Асел Сапарбековна | Уақыты: 9-12-2014, 16:09 |


Ғалым оқушылық деңгейден бастап шығармашылық деңгейге дейінгі даму кестесін былай көрсетеді. Оқушылық деңгейде білімнің берілуі, деңгейлік тапсырмалардың іске асырылуы бағдарлама талабына сәйкестігіне байланысты. Алгоритмдік деңгейде оқу материалдарының түсініктілігі, мазмұны деңгейлік тапсырмалардың күрделене түсуінен аңғарылады. Эвристикалық деңгейде білімнің берілуі жүйелілігі, сабақтастығы, іздендірушілік ерекшелігі басым болып, деңгейлік тапсырмалардың танымдық жағынан жетілуіне, тереңдетілуіне айрықша назар аударылады. Шығармашылық деңгейде баланың дарындылығы, таланты, тапсырмаларды орындаудағы ізденімпаздығы танымдық, рухани интелектуалдық шеберлікке ұштасады.

Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2923 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Мусаева Меймангуль Зайнидиновна | Уақыты: 9-12-2014, 15:48 |


Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру.

Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнді қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: ҚР-ның рәміздері, Президент портреті

Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3292 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Асель Садуакасова | Уақыты: 8-12-2014, 16:29 |


Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: ұлттық  ойындар туралы  кең мағлұмат беру, жаңа сөздермен сөздік қорларын байыту дағдыларын  қалыптастыру.
  2. Дамытушылық:  оқушылардың  ой-өрісін  дамыту, логикалық ойларын, шығармашылық қабілеттерін  дамыту.
  3. Тәрбиелік: ұлттық ойындар арқылы адамгершілік қасиеттерді бойларына сіңірту,  танымдық белсенділігін  арттыру.
Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 8372 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Исабаева Нұргүл Бабатайқызы | Уақыты: 8-12-2014, 15:25 |


Білімділік: Оқушыларды алжапқышты  ретімен дайындауды үйрету. жұмыстың сипатына байланысты матаның түсін және суретін, формасы бойынша бір бірін үйлестіретін бөлшектерін таңдай білуді үйрету.

Дамытушылық; Оқушылардың кеңістіктік, шығармашылық ойлау қабілетін, эстетикалық сезімталдығын дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу.

Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2417 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Алмагүл Абдіғапарова Мұхамбетказықы | Уақыты: 8-12-2014, 11:55 |


а) Білімділік: Пейзаждың  өркендеуі  жайлы  қысқаша мағлұмат беру.

ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі  үрдісін  есте  қалдыру, оқушы  санасына  терең  сіңіру.

б) Тәрбиелілік: Табиғатты  аялауға  және қорғауға  баулу; табиғат сұлулығын сезінуге, көре білуге үйрету.

Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2745 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Cадықбекова Айгерім Дарханқызы | Уақыты: 7-12-2014, 20:04 |


Бұйымдарды өрнектеу

Білімділік: Оқушыларға қолөнердегі ою-өрнек туралы толық  мағлұмат  беру, өрнектерді  бұйымдарда  қолдана   білуге   үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың қолөнер жайлы ойларын толықтыру, көзқарастарын кеңейту, ұлттық өнер арқылы оқушының таным-қабілетін арттыру, бұйымдарды өрнектеуде іскерлік, шеберлік қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды ізденімпаздыққа ұлттық өнерді танып білуге,оны насихаттауға тәрбиелеу. Эстетикалық талғамдарын арттыруға  тәрбиелеу.

Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4505 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Cадықбекова Айгерім Дарханқызы | Уақыты: 7-12-2014, 19:54 |


Киіз үйді бейнелеу

а) Білімділік: Ұлттық салт - дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді, дінімізді  оқушылардың бойына сіңіру арқылы олардың ой – өрістерін, тіл мәдениетін, өзін - өзі ұстау мәнерін бағалап, ұлттық құндылықтарды насихаттауға үйрету.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

б) Тәрбиелілік: Ізгілікке, имандылыққа, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ болуға, адамгершілік пен адалдық қасиетіне тәрбиелеу.

Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 8526 | Жүктеулер: dop. | Қосты: Cадықбекова Айгерім Дарханқызы | Уақыты: 7-12-2014, 19:48 |