Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Екі вектордың скаляр көбейтіндісі


Екі вектордың скаляр көбейтіндісі

Екі вектордың скаляр көбейтіндісі                              

  

Сабақтың тақырыбы

Екі вектордың скаляр көбейтіндісі

Мақсаты

Екі вектордың скаляр көбейтіндісі туралы түсіндіріп, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

Міндеті

Екі вектордың скаляр көбейтіндісін табуға қабілетті болу;

Екі вектордың скаляр көбейтіндісінің қасиеттерін түсіну;

Өз бетінше жұмыс жасауға үйрену;

Пәнаралық байланысты қалыптастыру

Күтілетін нәтиже

Екі вектордың скаляр көбейтіндісін табу анықтамасын қолдануды меңгереді;

Векторларға берілген есептерді шығаруға бейімделеді;

Өзін-өзі жетілдіруі қалыптасады

Негізгі идея

Екі векторға қолданылатын тағы бір амал түрі туралы түсінік

Сабақта қолданылатын материалдар

Постер, маркер, үлестірме материалдар, бағалау сигналдық белгілері, презентациялар, видео материал

Оқу әдістері

Топтық, жұптық, жеке дара жұмыс, ой қозғау

Дерек көздер

Бірнеше үлестірме қағаздар, постерге салынған түсіндірмелер

Тапсырмалар

Цифрлар арқылы топқа бөліп отырғузу

Ой қозғау: қайталау және талқылауға сұрақтар

Топтық жұмыс: Екі вектордың скаляр көбейтіндісі /постермен жұмыс, баяндамашы түсіндіреді/

Жұптық жұмыс    Кеңейтілген тапсырма /есеп құрастырады, басқа жұп шешімін табады/

Жеке жұмыс         Деңгейлік тапсырма /үш деңгейден тұратын есептер беріледі

Рефлексия

Кейінгі тапсырмалар

Жаңа кітап §7. №75, 80. Көне кітап § 3.2. №5

                

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

 

І. Ұйымдастыру.

Мұғалім:

Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу.

Топқа бөлу үшін оқушыларға үш түсті сигналдық белгілер таратылады. Сигналдық белгілер артында цифрлар жазылған.

Оқушы:

Оқушылар өздерінің қолдарындағы сигналдық белгілер артындағы цифрлар бойынша топталып отырады.

Топ мүшелері көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы, бақылаушы қызметтерін бөлісіп алады. Әр қайсысы өз қызметін атқарады. (1 мин)

 

ІІ. Қайталау және талқылау сұрақтары (4 мин)

Мұғалім: Сынып оқушыларына қайталауға және талқылауға төмендегі сұрақтар қойылады

Вектор дегеніміз не?

Векторды қалай белгілейді?

Осы вектор сөзін басқа қандай пәнде пайдаландыңдар?

Физикалық шамалар қалай бөлінген еді?

Скаляр шама дегеніміз не?

Қандай векторларды білесіңдер?

Коллинеар вектор, нөлдік вектор дегеніміз не?

Вектордың модулі дегеніміз не?

Вектордың ұзындығын қалай табамыз?

Векторларға амалдар қолдануға болады ма?

Қандай? Нәтижесі не болады?

Векторды векторға көбейтуге болады ма? Нәтижесі не болады деп ойлайсыңдар?

Талқылау сұрақтарынан кейін бүгінгі сабақтың тақырыбы айтылады

Оқушы: Оқушылар естеріне түсіре отырып қайталау сұрақтарына жауап береді, талқылау сұрақтарына жауап бере отырып бүгінгі сабақтың тақырыбын айтады. Дәптерге сабақ тақырыбын жазып алады.

 

ІІІ. Топтық жұмыс. Екі вектордың скаляр көбейтіндісі (20 мин)

Мұғалім: Оқушыларға тақырып төртке бөлініп беріледі. Әр топ өзіне берілген тақырып бөлігімен танысып, постерге түсіреді. Топтарға үлестірме материалдары таратылады. (Оқулықты пайдалануға болады)

А) Екі вектордың скаляр көбейтіндісінің анықтамасы

Ә) Екі вектордың скаляр көбейтіндісінің қасиеттері

Б) Екі вектордың координаталары бойынша скаляр көбейтіндісін табу

В) Екі вектордың арасындағы бұрыштың косинусын табу

Топтар жұмыс жасап отырғанда, үш түсті сигналдық белгілер оқушыларға толық таратылады.

Оқушы: Әр топ өздеріне берілген тапсырмамен танысады, өзара талқылайды және постерге түсіреді. Қажет болған жағдайда мысал келтіреді. Топтық жұмыс аяқталысымен баяндамашылар тұрып өз тақырыпшаларын өзге топ оқушыларына түсіндіреді. Өзге топ мүшелері тыңдай отырып, дәптерлеріне түсіріп алады. Барлық топ жұмыстары аяқталғаннан кейін топ мүшелері басқа топтың баяндамашыларына баға береді. Бағалау түрлері бас бармақ, қол шапалақтау, мадақтау, мимикамен.

/Уақыт қоры жеткілікті болғанда 3 минуттық видео көрсетіледі/

 

ІV.Жұптық жұмыс. Кеңейтілген тапсырма (10 мин)

Мұғалім: Оқушылар жұп болып берілген тақырыпқа есеп құрастырады. Екі вектордың көбейтіндісін табу, екі вектордың арасындағы бұрыштың косинусын табу, координаталары бойынша екі вектордың көбейтіндісін табу. Оқушыларға есеп құрастыруға парақшалар таратылады. Жұптар өзара бағалауды жүргізеді.

Оқушы: Жұптасып тақырыпқа есеп құрастырып, оның шешімін өздері білулері керек. Басқа жұпқа құрастырған есебін береді. Ол жұп параққа есепті шығарады да, қайтарады.

Әрбір жұп жұмыстарын аяқтағаннан кейін, өзара бағалауды 2 жұлдыз, 1 ұсыныс арқылы жүргізеді.

 

V.Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырма. (7 мин)

Мұғалім: оқушыларға жеке орындауға үш деңгейден тұратын екі нұсқада есептер беріледі.

І нұсқа.

1.  және векторларының скаляр көбейтіндісін табыңдар

а) (1,-3), ( -4, -2);

ә) │  │=2, │ │=3, cos<( , ) = .

2. Егер А( 0,1),В( 2,-1), С( 4,1) болса,  және перпендикуляр екенін дәлелдеңдер.

3.  және векторларының скаляр көбейтіндісін табыңдар

│  │=1, ( ; -1),  ( ^ ) =300.

ІІ нұсқа.

1.  және векторларының скаляр көбейтіндісін табыңдар

а) (-2,2), ( -3, -1);

ә) │  │=1, │ │=6, cos<( , ) = .

2. Егер А( 0,1),В( 2,3), С( -1,6) болса,  және перпендикуляр екенін дәлелдеңдер.

3.  және векторларының скаляр көбейтіндісін табыңдар

│ │= 2,   ( ; -1), ( ^ ) =600.

Оқушы: Есептерді шығарады.

 

VІ.Кейінгі тапсырмалар: Жаңа кітап §7. №75, 80. Көне кітап § 3.2. №5.  (1 мин)

                                                                                                                                                           

VІІ. Бағалау. Жеке, жұптық және топтық жұмыс тапсырмаларының қорытындысымен оқушыларға бағалау жүргізу. Мұғалімнің бағалауы жүргізіледі. Әрбір оқушы сигналдық белгілер арқылы өздерін бағалайды. /жасыл түс – өте жақсы түсіндім, сары түс – жақсы түсіндім, қызыл түс – орташа түсіндім/  (1 мин)

 

VІІІ. Қорытынды. Бүгінгі сабаққа рефлексия жүргізу. (1 мин)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Кинематика және динамика негіздерін қайталау
Кеңістіктегі векторларға амалдар (қосу,алу,скаляр көбейту) және оның қасиеттері
Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия қолданбалы курсы
Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті
БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҒЫН АРТТЫРУДА ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
Виет теоремасы тақырыбына есептер шығару
Тригонометриялық функциялардың көбейтіндісін қосындыға түрлендіру
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер. Ашық сабақ
Рационал сандарды бөлу
Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 11527 | Қосты: Толық аты жөніңіз (міндетті): | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык