Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру


Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру
Қысқа мерзімді жоспар.
Пәні: Алгебра. Сыныбы: 9-сынып. Пән мұғалімі: Примкулова Гаухар Секеновна. І деңгей мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру формулалары.

Сабақтың мақсаты:- Оқушыларды тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру формулаларымен таныстыру. -Осы формулаларды есеп шығаруға қолдану дағдысын қалыптастыру.
-Математика тілінде сауатты сөйлеуді дағдыландыру.
-Оқушылардың белсенділігін, ынтасын, жауапкершілігін арттыру.
-Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: -Тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымын көбейтіндіге түрлендіру формулаларын біледі.
-Есептерді шығаруда және түрлендіруде формулаларды қолдана алады.
Сілтеме: Алгебра оқулығы, дидактикалық материалдар.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырып түсіндіру
Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, жеке топтық, деңгейлік,
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.
Сабақ жоспары: І.Ұйымдастыру.
ІІ. Өткенді қайталап, қорытындылау
ІІІ. Мақсат қою
ІV Жаңа сабақ.
V.Жаңа сабақты бекіту.
VІ Үйге тапсырма.
VІІ. Қорытындылау

№ Сабақтың кезеңдері
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
1. Ұйымдасты-
ру кезеңі
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру. Зейіндерін шоғырландыру.
Сыныпты топқа бөлу үшін үш түрлі үлестірме қағазын таратып беру. Амандасып орындарына
отырады.
Үлестірме қағазы бойынша үш топқа бөлінеді.
2.

Өткен тақырыптар-ды қайталау І.Үш топқа тригонометриялық функцияларды қайталау үшін постер құруға тапсырма береді.

І-топ. Қосу формулалары.
ІІ- топ. Келтіру формулалары.
ІІІ- топ. Қос бұрыштың формулалары.

Сұрақ: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер.
Бұрыштың синусын, косинусын, тангенсін, котангенсін қалай анықтаймыз?
Координаталық ширектегі тригонометриялық функциялардың таңбалары.
Тригонометриялық функциялардың жұп, тақтығы.
ІІ. Жеке жұмыс. Тест тапсырмалары беріледі.
Дұрыс жауаптың кодын айтады.
ІІІ. «Кім жылдам?». Топтарға өткен тақырып бойынша сәйкестендіру тесті беріледі.
І.Сұраққа жауап береді.
Қосу формулалары:






2. Келтіру формулаларын айтады.

Sin(π/2+α)=
cos(π+α)=
tg(3π/2+α)=
ctg(2π+α)=
3.Қос бұрыштың формулалары:
sin2α=2sinαcosα
Cos2α=〖cos〗^2 α-〖sin〗^2 α

Тапсырманы орындайды.
Мысал келтіреді.
Ережесін айтады.
Топтар бір-біріне сұрақ қояды.
ІІ. Оқушылар тест шешімін дұрыс жауаптардың нөмірі арқылы белгілеп, код арқылы тексереді.
ІІІ. Топ мүшелері тесті бірлесіп орындайды. Шапшаңдығы да бағаланады.
3.

Білу. Мақсат қою

-Қосынды мен айырым түрінде берілген тригонометриялық формуламен танысамыз.
Формуланы қолданып есеп шығара аламыз.
Түрлендірулерді орындай аламыз.

Электрондық оқулыққа және слайдқа қарап формуланың қалай қорытып табылғанын анықтайды
4.

Жаңа тақырыпты түсіндіру

α=(α+β)/2+(α-β)/2 жәнеβ=(α+β)/2+(α-β)/2 тепе-теңдіктерін қосу формулаларына қойып, аргументтері әр түрлі синус пен косинустың қосындысын және айырмасын көбейтіндіге түрлендіруге болатынын түсінеді.
Сонда




Формулаларының шығатынына көз жеткізеді.
2-4 формулаларды қорытып шығарады.

5.

Түсіну.
Жаңа сабақты бекіту
Кітаптағы мысалдарды түсіндіреді Әр топтан 3 оқушы тақтаға шығып
а) sin2α+sinα=2sin (2α+α)/2 cos (2α-α)/2=2sin1,5αcos0,5α
ә) cos⁡(π/3-α)+cosα=2cos ( π/3-α+α)/2 cos ( π/3-α-α)/2=√3 cos⁡(π/3-α)

б) cos〖75〗^0+cos〖15〗^0=√6/2 есептерін формуланы қолданып шығарады.Дәптерлеріне жазады.

А деңгейінің есептерін шығарады.

6. «Ұшқыр ойдан- ұтымды жауап.» 3 топ мүшелеріне формуланың ережесін өз сөздерімен айту тапсырылады.
-Аргументтері әртүрлі синустар мен косинустардың айырымын немесе көбейтіндіге жіктеудің мақсаты неде?
-Аргументтері әртүрлі синус пен косинустың айырымын немесе қосындысын көбейтіндіге қалай келтіруге болады?
Формуланы математикалық тілде айтып береді.
Сұрақтарға жауап береді.

6. Қолдану.
Деңгейлік тапсырма Екі нұсқада үш деңгейде тапсырма беру:
І-деңгей:а) sin2α+sin6α , ә) sin3α+sin5α (Дұрыс жауапқа-1 ұпай)
ІІ-деңгей: а) ,
ә) (Дұрыс жауапқа-2 ұпай)
ІІІ-деңгей: a)
(Дұрыс жауапқа-3 ұпай)
Жауабы бойынша тексерту.
Әр оқушы тапсырманы жеке орындайды.

Тақтадағы жауабы арқылы бірін-бірі тексеріп, ұпайын шығарады.

7. Ұпайды бағамен салыстыру. 3-6 ұпай-«3»,
7-8 ұпай –«4»,
9-дан жоғары ұпай- «5». Топ басшылары топ мүшелерінің ұпайларын санап, бағалау парағына бағалайды.
8 Рефлексия Оқушыларға кері байланыс жасауын ұсынады. «Екі жұлдыз, бір тілегін» білдіреді.
9

Үй тапсырмасы.
§24, есептер №396, 401 а) ә)
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тригонометриялық теңдеулерді шешу
Тригонометриялық тепе-теңдіктерге есептер шығару
Тригонометриялық теңдеулерді және теңдеулер жүйелерін шешу
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе – теңдіктерді қолдану
Біртекті тригонометриялық теңдеулер
Тригонометриялық өрнектер және оларды түрлендіруге есептер шығару
Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу
Тригонометриялық функциялардың көбейтіндісін қосындыға түрлендіру
Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер. Ашық сабақ
тригонометриялық функциялар

Автор Примкулова Гаухар

Сарыкемер орта мектебі

Бөлім: Материалы / Математикадан ашық сабақтар | Көрсетілім: 12815 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар