Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ә.Кекілбайұлы «Тасбақаның шөбі» әңгімесі


Ә.Кекілбайұлы «Тасбақаның шөбі» әңгімесі

Сабақтың тақырыбы: Ә.Кекілбайұлы«Тасбақаның шөбі»әңгімесі

 
Сабақтың мақсаты.
Білімдік:Халық жазушысы, қоғам қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері , жерлес ағамыз Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы танымын кеңейте отырып, әңгіменің толық мазмұнын ашу.Жазушының айтайын деген ойын түсіндіру. Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме беру арқылы қазақтың ырымдарына тоқталу.
Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау арқылы  оқушыларды  шығармашылық пен ізденімпаздылыққа дағдыландыру. 
Тәрбиелік: Елін, жерін сүюге, ел ұлыларын ардақтай білуге және салт дәстүрлерімізді  құрметтеуге  тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ә.Кекілбайұлына арналған суреттер, буклеттер, кітаптар, баспасөз беттеріне жарияланған  материалдар, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі:жаңа  сабақ 
Сабақтың әдісі:  Саяхат сабақ
Пәнаралық байланыс. Биология,  қазақ тілі,  ұлттық педагогика. 
Сабақтың жүрісі. Ұйымдастыру бөлімі. (оқушыларды түгендеп, оқушы назарын сабаққа аудару) 
Мұғалім сөзі: Бүгінгі сабағымызда жерлес ағамыз Ә.Кекілбайұлының «Тасбақаның шөбі» әгімесімен кеңірек танысамыз. 
Ой қозғау ( топтастыру арқылы)
 
 
 
Сабақ саяхат түрінде өтеді. Әбіш ағамыз қызметте жүрген кезінде  көптеген қалаларда болған екен. Тақтадаға «Әбіштану» сызба –картасы   ағамыздың аралаған қалалары. 
 
Біз барлық қалаларға  45 минуттың ішінде саяхат жасай алмаймыз. Тек қызылмен белгіленген қалаларға  саяхат жасап, бүгінгі сабағымызды меңгереміз.
  
     Саяхатқа шығу үшін Ә.Кекілбайұлына байланысты  сұрақтарға жауап береміз. Жауап берген барлық оқушы  пойызға мініп Әбіш аралаған қалаларға саяхат жасаймыз. 
Сұрақтар:
1. Ә.Кекілбайұлы қай жылы, қайда жерде өмірге  келді? 
1. Әбіштің балалық шағы қалай өтті? 
2. Әбіштің ата-анасы туралы не білесің? 
3. Әбіштің оқыған мектептері туралы не айтасың?
4. Әбіш қандай оқушы болды? 
5. Қандай оқу орнын бітірді? 
6. Қандай шығармаларын білесіңдер? 
7. Қандай өлеңдерін білесіздер? 
8. Қандай қызметтерде  жұмыс жасады? 
9. Қандай ордендермен марапатталды?  
№1 «Алматы»  бекеті.( Өткен тақырыпқа шегініс)
 
1. Тасбақа туралы не білесіңдер?
2. Тасбақаның шөбі дегеніміз не?
3. Қарабала кім?
4. Қандай кәсіппен айналысады?
5. Қазақта қандай ырымдар бар?
6. Қарабаланы кім жұмсады?
№2«Қырғызстан» бекеті  (мәтінмен жұмыс)
 
 
     Сорлы жиналыс болса тақтайға мініп тақылдап, қол қоятын ала қағаз болса алақанына түкіріп алдымен жүгіретін еді. Ауылға қанша бастық сайлансын мейлі, бәрімен елден бұрын Оңбай ұстасады. Кеңсенің маңында шаң-шұң шықса, ортасында Оңбай жүреді. Қанша көрсеңде  әлдекімді жеті атадан бермен қарай сыбап келе жатқаны. Ол жағына келгенде ешкімге дес бермейді. Қазақшысының да, орысшасының түбін түсіреді.
       Тумай кеткірлер,ағайын боп, амандығымызды да білмейсіңдер. Оңбайдың керегі айқайласып араларыңда жүргенде екен ғой. Омалып жатып қалғаныма жарты жыл болды. Ешқайсысың есіктен бас сұқпадыңдар. Қызын ұрайын мына бір қу таяққа асылып шойнақтап жүруге бұдан әрі қауқар қалмай барады. Өкімет біздерге машине беруге тиісті. Ауданға барып, сол шаруамды тиянақтап кел.Кеңседен кеңсе қоймай қырық қайтара кіріп жарапазан айтып шықпасаң , бүгінде іс бітпейді. Олай етуге, өз боксем өзіме жүк боп отырысым мынау...
    Майданнан, міне оң аяқты қыл түбінен қырқып беріп қайтты. Сыңар аяқтың өзімен-ақ ауылдың ол шетімен бұл шетіне сыдырады да жүреді.
     Азғантай шаруасы күні кешеге дейін шайқалмай –ақ келіп еді. Биыл  қыс түсер-түспестен үйінен аттап шыға алмай жатып алғаны. Жасы ұлғайған соң ескі жара аруағына мінген сияқты.
    Бара жатқан кеңселеріңнің қожайындары да өңшең бірінен-бірі өткен бегейлер. Біреуі қақпан торыған қара тазыдай жемсауы бүлкілдеп тұратын жылмаң төс жұтыр дейді.
Екіншісі, туған әкесі келсе де, есігінің алдында екі сағат мөлитпей, табалдырықтан аттатпайтын аспандағы төре дейді.
Үшіншісі, аузын қу шөппен сүрткен, бардың өзін жеті қат жердің астына жасырып қойып, қолыңа ұстап барған қағазыңның әр әрпіне сығалап қарайтын заң сапырған залым дейді.
 
№3  «Иран» бекет. (Сиқыр шөп.Қазақтың ырымдары)
 
        Ауылдың алдындағы қара жал қақырай сөгіліпті. Қайда қарасаң қарс айырылып жатқан жарық. Қайда қарасаң-шөп арасында әлдеқайда бөксесін сүйретіп тоңқаңдап бара жатқан тасбақа. Кешегі бір айқайдың ала шаңыты тасбақаның дауылы болды. Тұқшаңдаған немелер тұяқ дыбысын естігенде мойындарын іштеріне тығып бұға қалады. Да, сәл ұзасаң қайтадан тарбаңдай жөнеледі.. Міне, керемет! Табаның орнындай бір үлкен жарықтан енді шыға берген тасбақа аяғы аспаннан кеп үйелеп  қапты. Қыртыс-қыртыс қысқа мойнын әнтек созып, жандәрмен тырбаң-тырбаң етеді. Ауызында бір тал шөп.
 Қарабала  шыбын  жаны көзіне көрініп азапқа түскен бейшараны етпетінен аударып салайын деп, шыбыртқысын соза берді де, тасбақаның жазғытұрым жер астынан тістеп шыққан шөбін алған адамның қай қалауы да орындалады дейтін әңгіме ойына оралып атынан түсті. Қасына барды. «Біссімілә!»-деп шөпті алды. Инедей ғана бір тал шөп. Құмақтарда көп өсетін көсіктің сабағына келіңкірейді. 
    «Апыр-ай, ә...Сенейін бе, сенбейін бе? Жаратқан иемнің сүйген құлы болғаным-ау! Қай қылығыммен жақтым екен!»
 
 
 
 
№ 4 «Стамбул» бекет. (Жастық шақ.Кейінгіге шегініс)
 
 
  Қарабала қараптан-қарап жымияды. Есіне қайдағы-жайдағы түсіп күледі. Ауыл советтің қақшаңдап қалған пысықай хатшысы әкесінің қолынан тартып алғандай қып, мұны мектепке ап кеткен-ді. «Ақ шкөлге» ойдан-қырдан жиырма шақты баланың басы құралыпты. Ішіндегі үлкендері он екідегі Оңбай мен Қарабала. Оңбай сабаққа жүйрік те, Қарабаланың онша маңдытып жатқаны шамалы. Есеп сабағында түйенің,жылқының, қойдың, ешкінің санын алып-қосқаңда еш мүдірмейді, ал әлгі кітапта жазылатын сымға қонып отырған торғайларды, баудан үзіліп әкелінген жәшік-жәшік алмаларды, екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы шыққан велосипедшілердің жылдамдығын есептеуге келгенде миы зеңіп жүре береді. Ал, Оңбай көк соққан көзін ашқаннан велосипед мініп, баудан алма теріп, ерінбей-жалықпай бағандардың сымына қонған торғайларды санап өскендей, «ал» десең де, «қос» десең де, «бөл» десең де, «көбейт» десең де аузы-аузына жұқпайды. 
 
 Оңбай кекілін бір жағына сұлата қайырып, мөлттей қара бешпент-шалбар, қайырма жаға ақ көйлек киіп қатқан жігіт боп шыға келді. Сулап тарайтын шашы да, ақсиған тісі де, күлімдеп тұратын көзі де, күнде бір тазалап қоятын былғары бәтіңкесі де қашан көрсең енесі жалап тастаған жас қозыдай жылтырап тұрғаны. Қарабала баяғы салпы етеқ жайдақ жаға. Ауылдағы кісі үрікпес қыз біткеннің Оңбайдан өлеңдетіп жазған хат алмағаны кемде кем. 
 
Жиналыс атаулыдан сөйлемей қалмайды. Мерекелік жиналыс па, есеп беруге, қой қырқуға, шөп шабуға, мал төлдетуге, күйек алуға арналған жиналыс па — оған бәрібір. Басқарушы баяндамадан кейін-ақ соның атын атайды. Жұрт дуылдап қол соғады.
 
Құрдасы жұрттың аузына ілігіп жатқанда ешқашан іштарлық жасап көрген емес. «Оңбайды мақтамағанда кімді мақтайды, ондай жігіт қайда?» — деп ойлайтын ол. Досына ел аузын ашып, көзін жұмып жатқанда анадайда екі езуі құлағына жетіп ыржия күліп тұрғаны.
 
Содан төрт жыл бойы қызыл шоқ пен қара төстің қасынан бір елі ұзаған емес. Соғыс бітерден бір жыл бұрын Оңбай келді. Қарабала күйе-күйе ұстаханасынан сол күні ғана жарық барында шықты. Төрдің алдында құс жастыққа жантая сұлаған досың іргеге сүйеуді қос балдақты, босағадағы қисық табан сыңар етікті көргенде бойын билей алмай қалды. 
 
Сол жылғы күзде Оңбай басқармалыққа сайланды. Бір аяғы үзеңгіде, екі балдағы ердің артында еңгерулі. Шолақ аяқ басқарма ойда жоқта тебеден түсе қалды. Жұрттың кермесін керіп, білмесін біліп отырады.Кеңседегілер аяқтарының ұшымен жүретін болды. Ауыл түгілі ауданды дүбірлеткен «Шолақ аяқ белсендінің» дәуірі келте болды.
 
 «Ұсақ шаруашылықтарды ірілендіру керек!»— деп алдымен айқайлап шыққандардың біреуі осы Оңбай еді. Бірақ көрші жатқан үш колхоз біріккенде басқармалыққа Оңбай емес, көрші колхоздың бастығы сайланды. Оңбайға орынбасарлық тиді.Екі бастық бірін-бірі көзбен атысып,ақырында ашықтан-ашық дауласуға шықты. Үлкен басқарма көрші колхозға жіберілді де, орынбасар Оңбайды фермаға  жұмсады. Оңбай қолды бір сілтеп жатып алды.Берілген жұмысты менсінбеді.Оны ешкім іздемеді. Әрі жатты,бері жатты налыды,  ызаланды, күйінді.
 
 
        Сол кезде құдай айдап , осы ауылға мұнай қарап жүрген бе, су қарап жүрген бе бір экспедиция келе қалғаны. Оңбай әлгілерге ұнап, қоймашы болды. Оңбайдың  айы оңынан туып, «аспаннан түскен батпан құйрық» экспедиция 3-4 жылда тұрып келген жағына қайтып кетті.
 
            Қыршаңқы Оңбайдың қолы да , тілі де кесілді деп қуанды. Бірақ тілі кесілмеді. Бір кездегі «ділмар, шешен» аты енді, «қыршаңқы, ұрыншақ, дәукеске» айналды. Бұрын қаумалай кететін жұрт , қашатын болды..
 
«Құдай да қызық-ау!»— деп бір ойлады да, артынша «Тәубе, тәубе!» деп қойды. Басы жұмыр пенденің кез келгенінің қолына түсе бермейтін тасбақаның шөбінің жер бетінде дені дұрыс кісі құрығандай бұған осыдан қырық жыл бұрын үш класты зорға тауысқан, бүгінде ақша беретін табельге өз фамилиясының тұсына әкесінің атының бастапқы төрт әрпін жазып, сосын имектеп бір қисық таяқпен сойдақтата қайырып тастауға ғана сауаты жететін жаман ұстаға тап келуін қарашы. Онанда ана аузымен құс тістейтін Оңбайларға бұйырсайшы... Оған бұйырса — баяғы от ауыз жастық шағына қайта оралмас па еді.
 
№5 « Астана» бекеті(Жазушы стилі. салыстыру)
 
«Венн диаграммасы»
 
        Қарабала                             ортақ                     Оңбай
 
Қорытынды сөз.    Көзін ашқалы көріп келе жатқанын көк темір мен ұста  дүкені, шарболатты сағызша илеген Қарабала    табиғатынан артық сөзге жоқ ынжықтау.Ол сонау жылдарғы колхоздасу кезінде ел көзіне түсіп, қызыл сөзді оңды солды сапыра сөйлеп жүрген Оңбайлардың қасында өзін кеш төмен санайды. Жұрт пікірінше, Оңбай-ел арқасында жүрген аузы дуалы азамат. Ол айта салған жай сөзден неше түрлі ақылдылық табылып жатады. Ол істеген шаруа кейінгі  жастар алдына енеге ретінде айтылып жүреді. Қарабалада мұның бірі де жоқ. Әрі қызғанбайды да. Қайта құрдасының абыройы өсе түскен сайын іштей қуанып отырады. Сөйткен жайсаң жігітті кешегі сұрапыл соғыс мүгедек етті де кетті. Бұл мүгедектің аяғы рухани мүгедектікке әкеліп соқтырды. Енді кешегі ел аузынан түспей жүрген, аузымен орақ орған Оңбай-қайдағы біреулермен ұстаса кететін дәукес. Сөзінде де бәтуа жоқ. Күн санап өзгеріп бара жатқан замана ағымына ілесе алмай, баяғы қаз-қалпында қалғандықтан колхоз басшылығынан да бірте-бірте ысырылды. Ақыр аяғында ата-бабасының істемеген кәсібін істеп кетті. Сөйтіп жүріп жаңа заманды түсінбей қалды. Ол үшін аудан басшылары шетінен бюрократ, қызыл-көз біреулер. Сондықтан да басты шаруасына өмір бойы аудан есігін бір-ақ рет ашқан Қарабаланы жұмсайды. Көз ашқалы кеңсе жағалап көрмеген, осы сапарға қинала-қинала шыққан Қарбаланың өміріне көзқарасына үлкен өзгеріс енді.Басқа, аудан басшылары Оңбай айтқандай бюрократ емес екен. Олар қарапайым еңбек адамын құрметтеп, бар шаруасын тындырып берді. Сөйтіп, Қарабала машина сұрай келіп, өзінің зор адамгершілік қасиеттергеиеболды. Қазақ халқында қандай  да алыс сапарға бел буып шыққан жолаушының тасбақаның шөбін тауып алса, жолы болады деген ырым Оңбайға емес, Қарабалаға кездесуі кездейсоқтық емес. 
Үйге тапсырма. Шығарма кейіпкерлеріне хат жаз

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Елін сүйген-Есіл ерлер
Қорқыт күйлерімен жұмыс.
Жол тәртібін жадыңда ұста.
Пиноккио қызықтары
Ә. Кекілбайұлы «Аш бөрі» әңгімесі
Ұлы жолдың бастауы
Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы жергілікті тіл ерекшеліктері
Сөйлем мүшелері
Не? Қайда? Қашан?
Бастуыш сынып мұғалімдеріне арналған есептер жинағы
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 7486 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык