Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 7535 |
|
|
|
С дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: С дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты :
Білімділігі : «С» дыбысы мен әрпін таныту,ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. Сөздерге дыбыстық талдау жасауға жаттықтыру.Сөздерді буынға бөлгізу.Балалардың тілін дамыту. «С»әрпінің жазба түрімен таныстыру.Әдемі,таза жазуға баулу.
Дамытушылығы : с дыбысын білдіру арқылы оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін,ойлау қабілетін,сөздік қорларын,сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелігі : ұқыптылыққа ,тиянақтылыққа ,ұйымшылдылыққа, жинақылыққа,
шапшаңдылыққа,сауаттылыққа тәрбиелеу.
Түрі: понорамалық сабақ
Типі : ойын
Көрнекілігі : кеспе әріптер,буындар , жұмбақ , суреттер, ребус ,ойын , жаңылтпаш.
Әдіс – тәсілі : сұрақ –жауап , баяндау
Сабақтың барысы :
І Ұйымдастыру бөлімі :
Психологиялық дайындық.
Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы түн,қайрлы күн
Күліп шықты бүгін күн
-Бүгінгі сабағымызда серуенге шығамыз. Серуенге шығу үшін бәріміз де мынандай белгі болу
керек. Бұл не ?
- Сағат
- Сағатты қалай пайдаланамыз ?
- Уақытты білу үшін ,бізге сағат керек. Сондықтанда сағат бізге қажет. Сағатқа қарап отырып, серуенді уақытында аяқтауымыз керек. Жолға ұранмен аттанамыз.
Ұран : Дәптерімізді ашайық
Салақтықтан қашайық
Қолға қалам алайық
Әдемі етіп жазайық
-Жақсы ұранымыз дайын болса, дәптерімізді ашып, күннің жадын жазып ,көркем жазу жазамыз.
Көркем жазу .
Қатар –қатар көк терек
Көкке бойлап өседі
Жапырағы көкпенбек
Сәнге бөлер көшені
Суреттер үлестіру :
-Ұранымыз дайын, енді әрі қарай жолға ататанымыз. Жолда кедергілер өте көп болады.
Сұрақтарға жақсы жауап беріп, тапсырманы дұрыс орындасақ , кедергілерден өтетін боламыз.
1-кедергіден өту үшін мен сіздергежұмбақ жасырайын.
1.Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып
Әкелді әкем бір күні ( Сәбіз )
2.Сәбіз сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар.
- 5 әріп 5 дыбыс
2- кедергіден өту үшін жылдың төрт мезгілін айтайық
-Күз , - Қыс , - Көктем , - Жаз.
- Олай болса өтілген әріптерді есімізге түсірейік.
- А,Т,П,Р,Л,Ғ,Н,И,О,Ш,
- Өте жақсы
3 –кедергіден өту үшін ребус шешу
Ребустың шешуі : 1. Айгүл , 2 . Күш , 3 . Үйрек .
Жаңа сабақты меңгерту :« С » дыбысы мен әрпі
- «С» дыбысы дауыссыз дыбыстар қатарына жатады. Себебі ол дауысты дыбыс сияқты еркін айтылмайды.Тіс пен тіл арқылы шығады. «С»дыбысы құлаққа қатаң естіледі.
- Балалар суреттен не көріп тұрмыз?
- Сағат
- Сағат не үшін адамдарға қажет ?
- Уақытты білу үшін
- Сағаттың тілін қалай жүретінін білеміз бе ?
- Білеміз
- Сағатты танимыз ба?
-Танимыз
-Енді балалар бәріміз қосылып «С» дыбысын бірнеше рет қайталайық.
-Балалар үстел үстінде не тұр ?
- Сағат
- Қане тыңдайық ,сағат қандай дыбыс беріп тұр?
- Сырт –сырт
- Қане бәріміз қосылып осы сөзді қайталап айтайық
- «Сырт –сырт» сөзі сөздің басында «с»дыбысы кездесіп тұр.
- Балалар ,жаңбыр қайтіп жауады ?
- Жаңбыр «тырс –тырс »етіп жауады.
- Біздің өтіп жатқан «С» дыбысы бар ма ?
-Бар.
- Сөздің соңында «с»дыбысы кездесіп тұр .
Сергіту сәті
Аспаға қарап ай көрдік
Төменге қарап жер көрдік
Оңға ,солға бұрылып
Егеменді ел көрдік
4-кедергіден өту үшін суретпен жұмыс
- Балалар , суреттен не көріп тұрмыз?
-
- Сиыр
- Сиыр қандай жануар?
- Үй жануары
- Сиыр сөзінде «С әрпі бар ма ?
- Бар
- Сиырдың адамдарға пайдасы бар ма ?
- Сиыр адамдарға пайдалы , сиырдан сүт,қаймақ, айран , май ,құрт жасалады.
5-кедергіден өту үшін дәптермен жұмыс
1 .С с әрпін жазғызу
2.Сөзді оқытқызу С-а, са, са- ла, сала
3. Сағат ,сырға ,сәукеле , сандық
Ойын : «Сиқырлы сандық»
Сандық ашылады. Ішінен сурет алып, буынғабөліп ,сөйлем құрау.Мысалы : Сырға, сәукеле, сандық, сырмақ, сағат.
Жұмбақ шешу:
1.Дәміде жоқ түсі жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ (Су )
2. Сыртылдайды күнімен
Сыртылдайды түнімен
Білгің келсе уақытты
Көрсетеді тілімен ( Сағат )
Сабақты бекіту . Суретпен жұмыс .Суреттерге қарап сөйлем құрау.
Қорытынды. Сөзжұмбақ шешу
Жаңылтпаш жаттау .
Алма , алма , бал ал
Жая алма жал ал
Ойын : « Гүл теру »
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |