Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2044 |
|
|
|
Зергерлік өнер
Зергерлік өнер
Жалпы мақсат:
Металдарды өңдеп, өнім алу туралы түсініктің қалыптасуы
Білімдеріне сүйене отырып жоба құрып үйрену, біліктерін дамыту;
Тұрмыста пайдаланатын заттардың жасалуына іс жүзінде көз жеткізіп, мамандыққа баулып, тәрбиелеу.
Сілтеме:
Білім стандарты. Химия пәні мен қолданбалы курс бағдарламалары. Химия 9-10 сыныптар оқулықтары. Интернет пен энциклопедия материалдары
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
Зергерлік туралы түсініктерін тереңдету;
Жоба нәтижесі қандай болатынын болжай алады, теорияның практикада өзгеру себептерін түсіндіру;.
Өмірде қажет жағдайда қолдану.
Негізгі идеялар:
Металдар мен оларды қолдану туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы Елбасы – Н.Назарбаевтың атадан балаға мұра болып қалатын кәсіппен айналысу жөніндегі пікірін назарға алу.
Сабақта қолданылатын құрал – жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер, презентациялар, интернет желісіне қосылған ноутбук.
Көрме: металдан жасалған монеталар, қолдан соғылған 19ғ.күміс білезігі, қылыш;
Оқушылардың оқу жылы барысында ғы дайындаған рефераттары мен буклеттері.
Оқыту әдістері:
Жоба қорғау
Дерек көздері:
Оқулық 9-10(ЖМБ) сынып, жұмыс дәптері, интернет желісі.
Тапсырмалар:
жеке
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс – әрекеті:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім іс – әрекеті:
«Білімнің алмайтын қамалы жоқ!» сыныпта жағымды ахуалды қалыптасытру.
Смайликтер арқылы кезектерінанықтау . Оқушының іс – әрекеті:
Оқушылар бір – біріне тілектерін айтып, жобаларын №5 химия кабинетіндегі компьютерге флешка арқылы салады .
ІІ. Қорытынды сабақ (мақсатын айту)
Мұғалім іс – әрекеті:
«Қарлы кесек» сұрақ – жауап
Құймалардың анықтамасы?
Зергер дегеніміз кім?
Қолданбалы өнер дегеніміз не?
«Атакәсіп – елге нәсіп» дегеніміз не?
Алтын құймасында мыс немесе күміс бар екенін
қалай білуге болады?
Мамандықты тек қана ЖОО – да ақып қана игеруге бола ма ?
Оқушының іс – әрекеті:
Жауап беру барысында
өзінің ой – пікірін қоса білдіру;
Сұрақ қою арқылы қосымша мәлімет алу; т.б.
ІІІ. Жоба қорғау барысында
Оқушының логикалық қабілетін дамыту
Тапсырмалардың жүйелі орындалуын қадағалау
Оқушыны одан әрі дамыту схемасы бойынша түсінігін талдап, тыңдау
Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен жұмыс, оқушылардың пікірін тыңдау.
Оқушылар металдар және зергерлік өнер туындылары туралы мәліметтерді таныстырады - жинақтайды;
Берілген тапсырма бойынша зерттеу, талдау, сараптау, ұсыну, дәлелдеу, қайта қарастыру жұмыстарын жүргізеді;
Компьютерлік сауаттылықтары дамиды;
Өзіне, жасаған ісіне қанағаттану сезімі пайда болып, нәтижеге көз жеткізеді
ІҮ. Эксперттік жұмыс
Сарапшылар іс – әрекеті:
Бұқаралық ақпарат құралдарынан мәліметтер жинап, өңдеуіне баға беру;
Теориялық білімдеріне баға беру;
Практикалық іс – әрекеттерін бағалау Оқушының іс – әрекеті:
Тақырыпты жан – жақты таныстырады
Берілген уақыт ішінде жоба қорғайды.
Ү. Шығармашылық тапсырмалар
Мұғалім іс – әрекеті:
Металдар химиясы мен құймалардан тұрмыста және жеке бастарына қажет әшекейлік бұйымдар мен қару - жарақтар үлгілерінің тізімдемесін ұсыну, таңдату Оқушының іс – әрекеті:
Компьютерде слайдтар құрып, тапсырманы тұсаукесер түрінде орындайды, қорытындыларын жазады, көрсетеді
ҮІ. Қорытындылау
Мұғалім іс – әрекеті:
Мұғалім – оқушы арасындағы диалог,
Оқушы – оқушы арасындағы диалог формаларымен пікір алмасу жасау.
Оқушының іс – әрекеті:
Сұраққа жауап беру, талдауға қатысу, нәтижесін дәлелдеу, т.б.
Келесі оқылым:«Металлорганикалық қосылыстар – жаңа технологиядағы орны», 11 сыныпқа дайындық
Үйге тапсырма:Сынаққа дайындық, курс бойынша қайталау.
ҮІІ. Бағалау
Мұғалім іс – әрекеті:
Арнайы бағалау парағында сарапшылармен бірге формативті бағалау;
«Мадақтама грамоталарын» тапсыру Оқушының іс – әрекеті:
Өзін – өзі бағалау, өзгелерге баға беру.
ҮІІІ. Рефлексия
Мұғалім іс – әрекеті:
Стикерлерді тарату, «Қоржынға» жинақтау.
Оқушының іс – әрекеті:
«Не білдім, нені білмедім, нені білгім келеді?» стикерге өз пікірін жазып тақтаға іледі.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |