Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сүйінбай Аронұлы «Жақсы менен жаманның айырмасы»


Сүйінбай Аронұлы «Жақсы менен жаманның айырмасы»

Сүйінбай Аронұлы «Жақсы менен жаманның айырмасы»                                        

Сынып

6 «А» сынып

Мерзімі

09.10.2014 жыл

Тақырыбы

 Сүйінбай Аронұлы «Жақсы менен жаманның айырмасы»

Мақсаты

С.Аронұлы өмірі жайлы мағлұмат бере отырып, өлең мазмұнының желісі бойынша адам бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерін ажырата білуге, адамгершілік ізгі қасиеттерді жоғары тұтып бағалауға үйрету.

Күтілетін нәтиже 

Ақынның өмірі туралы мағлұмат алады, өлең мазмұны бойынша адам бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерін ажырата біледі, ізгі қасиеттерді өз бойларына біңіре біледі.

Құрал-жабдықтар

Интербелсенді тақта, постер, маркер.

«Жақсы менен жаманның айырмасы» өлеңінің аудиожазбасы ,  слайд т.б.

Әдіс – тәсілдер

Топтау  стратегиясы,  постермен жұмыс, «Венн» диаграммасы, бес  жолды  өлең, «авторға хат», «Жүректен  жүрекке»  кері байланыс

 

Деңгейі, мақсаты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Нәтижесі

Уақыты

Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды күн, ай, жұлдыз бойынша  бөлу.

Олардың орны тек биікте болуын тілеймін.

Топқа бөлінеді.

Топпен  жұмыс  жасап  үйренеді.

2 мин

Эмоциямен бағалау

Мақсатты қою кезеңі

«Болжау» стратегиясы

               Мына суретті көргенде ойларыңа не         

               келеді?

Ақ-қара түс, күн мен түн, жақсылық пен жамандық

 

Сыни ойлайды.

Өз  ойларын,  пікірлерін  еркін жеткізеді.

2 мин

Формативті  бағалау

Білу

 Миға шабуыл: 

Менің пірім — Сүйінбай, 
Сөз сөйлемен сыйынбай.
Сырлы, сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай,
- деп жыр алыбы Жамбыл Жабаев жырлағандай, бүгін озық ойлы, өткір тілді Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, «Жақсы мен жаманның айырмасы» өлеңімен танысамыз.

 

Мұқият тыңдайды.

 

Жамбылдың Сүйінбайды пір тұтқанын түсінеді.

 2 мин

Формативті бағалау

Үй тапсырмасын

тексеру

-Үйге қандай тапсырма берілді?

(тапсырманы сабақ барысында топтық жұмыс кезінде тексеремін)

С.Аронұлы туралы мәліметтер жинақтап келу

ақын  өмірі  жайлы  өздеріне қажетті мәліметтерді  жинақтайды.

1мин

Бағалау парақшалары таныстырылады.

Түсіну

 

Сөзмаржан

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

- Өлеңнің аудиожазбасы тыңдалады.

Әмме жұрт барша, барлық, күллі
Парқыбағасы, белгілі бір істің байыбы. Миуалы ағаш – жемісі бар ағаш
Көкірегі көр, көзі соқыр – білімсіз, санасыз
Іріткі салу – алауыздық тудыру, шырқын бұзу
т.б.

 

Өлеңді тізбектей оқу.

 Өлеңді тыңдайды.

 

Жаңа сөздермен танысады.

 

 

 

 

Өлеңді тізбектей оқиды.

Мазмұнын түсінеді.

 

Сөздердің мағыналарын түсінеді.

 

 

 

Мәнерлеп оқуы дамиды.

3 мин

 

2 мин

 

 

 

 

4 мин

 

 

Формативті бағалау

Қолдану

Топтық жұмыс

 

Талдау

І топ – Ақынның өмірі туралы постермен жұмыс.

ІІ топ –  өлеңнің мазмұнындағы қасиеттерді  «Венн»диаграммасымен салыстыру.

ІІІ топ – өлеңнің алғашқы шумағын құрылысына    
              қарай талдау, теңеулерді теріп жазу.

Теңеу – ел - жұртының қамасындай, әмме жұрттың анасындай (ережесін айтқызу)

1.постермен жұмыс орындайды.

2. қасиеттерді салыстырады.

3. талдау жасайды.

Жан-жақты ойланып, ойы жүйеленеді.

 

 6 мин

 

 

 

Өзге топтардың жұмыстарын бағалайды.

Критериалды  бағалау

Сергіту сәті

«Мен кіммін?» жаттығуы

Мен мөлдір сумын, өйткені ...  .

Мен әдемі гүлмін, себебі  ...  .

Мен балыққа ұқсаймын, өйткені  ...  .

Мен қызықты кітаппын, себебі  ...   .

Мен кейде мысыққа ұқсаймын,  ...   .

Мен кейде өзімді құмырсқадай сезінемін, өйткені... 

Мен шамшырақпын,  ...  .

Мен биік жартаспын, өйткені ...  .

Сөйлемдерді аяқтайды.

Сыни ойланады.

3 мин

 

Формативті бағалау

Жинақтау

Өмірмен  байланысы

-Жақсы, жаман қасиеттер туралы ой толғаған тағы қандай ақынжарды білесіңдер?

-Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін кім жатқа оқиды?

-Абай қандай қасиеттерді жақсы немесе жаман деп  бағалады?

- Қазақ халқында адамгершілік асыл қасиеттерді уағыздап, халықтың маржан жырларын нақышына келтіріп айтып жүрген, аты аңыз бен жырға айналған тұлғалар көп. Солардың ішінде «он тоғызыншы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі - Сүйінбай» болса, шәкірті - өлең сөздің дүлдүлі, жыр алыбы Жамбыл, оның шәкірті –ән мен жырдың кеніші атанған Кенен Әзірбаев, оның шәкірті –әйгілі композитор Алтынбек Қоразбаев, оның шәкірті Мейрамбек пен Тоқтарды білмейтін адам кемде-кем.
Тоқтар Серіковтің орындауындағы халық әні «Дүние - айды» тыңдату.

А.Құнанбаев, ...

 

Оқушы жауап береді

 

5 асыл іс, 5 дұшпан

Өз ойларын еркін жеткізеді.

 

6 мин

Белсенді қатысып, өз ойларын айтып, дәлелдеп берген оқушыларға смайликтер беріледі

Бағалау.

Шығармашылық жұмыс

  І топ – өлең жазады.

ІІ топ – авторға хат жазады.

ІІІ топ – ой толғау жазады.

Өлең бойынша оқушы пікірі тыңдалып, ойтүйіні талқыланады.

Өлеңнің  идеясын  толық  аша  біледі.

7 мин

 

Мадақтау, жылы сөздер айту

Қорытынды

Пікір алысу.

1.Сенің айналаңдағы үлкендердің, достарыңның бойында қандай қасиеттер саған ұнамды немесе ұнамсыз?

2.Қазақ елінің жақсы азаматы болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болса деп ойлайсыңдар?

Оқушы пікірі тыңдалады.

Өз ойларын еркін жеткізеді.

 

2 мин

Формативті бағалау

Рефлексия

«Жүректен жүрекке»

Оқушылар сабақтан алған түйінді ойын, тілегін, ұсынысын жазады.

Кері байланыс парағы  іледі.

 

 

2 мин

 

Формативті бағалау

Суммативті бағалау.

Бағалау парағы бойынша формативті және суммативті бағалайды.

Бағалау парағы бойынша формативті және суммативті бағалаланады.

Оқушылар әділ бағаланады.

2 мин

Жиынтық бағалау

Үйге тапсырма:

1)Өлеңнің ұнаған шумағын жаттау;

2)А.Құнанбайұлы туралы мәліметтер жинақтау.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.

Тапсырма алады.

1 мин

 

             

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Абай Құнанбаев. Қыс.
Қадыр Мырза Әли «Ана» өлеңі
Ахмет Байтұрсынұлы Ақын ініме өлеңі
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Менің өмірім. Ж. Жабаев
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Сүйінбай Аронұлы. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері»
Әдеби ертегілер
орта мерзімді сабақ жоспары 7 сынып
Абай Құнанбайұлы
Бөлім: Уроки / Қысқа мерзімді жоспар | Көрсетілім: 4772 | Қосты: Базарбаева Жания Садуокасовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык