Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Масштаб, графиктік ақпаратты өңдеу.


Масштаб, графиктік ақпаратты өңдеу.
Пән аты: Информатика
Сыныбы:5.
Сабақтың тақырыбы:Масштаб, графиктік ақпаратты өңдеу.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды графикалық редакторда жұмыс істеуге және суреттің масштабын өзгерте білуге үйрету.
Күтілетін нәтиже:
- Paint графикалық редакторында кез-келген суреттің масштабын өзгерте алады:
- Paint графикалық редакторының масштаб және қырқу құралдарын біледі.
Оқыту технологиясы: ақпараттық технология (АКТ), СТО.
Сабақтың типі: білім мен білікті тексеру сабағы.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес.
Сабақтың әдіс – тәсілі: Топтық, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, стикерлер.
Техникалық құралдар: Компьютер, слайдтар.

КЕЗЕҢДЕРІ МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ
І.Ұйымдастыру кезеңі
(2 мин)
Топтастыру
(2 мин)
Оқушылармен амандасу. Оқушыларды тексеру.
«Жүректен –жүрекке» психологиялық тренинг өткізу.
Оқушыларды 3 топқа бөлемін.
1 – топ. Қарындаш.
2 – топ. Масштаб.
3 – топ. Қырқу Мұғаліммен амандасады.
Жүректен –жүрекке тренингі арқылы бір –біріне деген жылы лебіздерін білдіреді.
Сөздерден сөйлем құрау арқылы 3 топқа бөлінеді.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
(7- мин)
«Қайталау»- шыңы 1) Ерекшеленген фрагментті тышқанның оң жақ батырмасымен шертсек не болады?
Контекстік мәзір пайда болады
2) Суреттің ерекшеленген фрагментін Ctrl батырмасын басып жылжыту қандай бұйрыққа тең?
Көшіру
3) Қандай пернені жібермей ұстап тұрып ”ізі бар” көшірме аламыз?
Shift
4) Қандай перненің көмегімен мәтін енгізуге болады?
“А“ батырмасының көмегімен
5) Қисық сызық салғанда неше бүгіліс санын көрсету керек?
2
6) Жұлдызшаны қолданып шеңбер сыза аламыз ба?
Жоқ
7) Мәтіннің түсін палитрадан қалай таңдаймыз?
Тышанның сол жақ батырмасын шерту арқылы
8) Информатика пәні нені зерттейді?
ақпараттық процесстерді
9) «Paint» сөзі ағылшын тілінен аударғанда қандай мағынаны береді.
Сурет, сурет салу
10) Графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа-
Графикалық редактор
Әр топтан бір оқушы тақтадағы жасырылған сұрақтарға жауап береді.
ІІ. Мағынаны тану
(8 мин)
«Мен саған -сен маған»- шыңы

Кескіннің детальдарын дәлдеу масштабтың көмегімен жасалады және масштабты әртүрлі тәсілдермен өзгертуге болады. Мыналарды пайдалану:
- Түр (Вид) тіркеме бетінің саймандарын;
- Негізгі тіркеме бетіндегі Масштаб сайманын;
- Жай-күй жолындағы масштаб жүгірткішін;
Суреттің масштабын Ctrl пернесін ұстап тұрып айналдыру арқылы өзгертуге болады. «Трансформация»- сөзі латын тілінен түрлену, алмасу деп аударылады. Масштаб өзгергенмен суреттің, суреттегі мәтіннің мөлшері өзгермейді. Кескін тобындағы қырқу, мөлшерді өзгерту, бұру бұйрықтарының қалай жұмыс жасайтынын қарастырамыз. Бұл бұйрықтарды тұтас суретпен және ерекшеленген фрагментпен жұмыс жасағанда пайдалануға болады. Тұтас суретті немесе ерекшеленген фрагментті вертикаль және горизонталь орналастыруға және 90 немесе 180 градусқа бұруға болады. Қырқу – суреттің тек ерекшеленген бөлігін қалдыратын бұйрық. Бұл бұйрық суреттегі артық бейнелерді қырқуға мүмкіндік береді. Оқушылар дәптерлеріне негізгі анықтамаларды жазып алады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сурет бөліктерімен жұмыс істеу.
PAINT графикалық редакторы
PAINT графикалық редакторының құралдары
Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
Paint графикалық редакторының құралдары
Графикалық редактормен танысу
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті сақтау. Графиктік редактордың сурет салу құралдары
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары. Қисық сызықтар, көпбұрыштар салу. Құю құралын пайдалану.
Шаршы, тікбұрыш, эллипс, шеңбер салу кезеңдері
Paint

Автор Назарбаева Сауле

Маңғыстау обл Мұнайлы ауд №7 орта мектеп

Бөлім: Материалы / Информатикадан ашық сабақтар | Көрсетілім: 2859 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар