Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Зат есімнің септелуі. Көмектес септігі.


Зат есімнің септелуі. Көмектес септігі.
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі. Көмектес септігі.
Мақсаты: а) зат есімнің септелуі туралы алған білімдерін әрі қарай жалғастыру.Көмектес септігі туралы түсінік беру, сұрақтарын, жалғауларын меңгерту. Көмектес септігінің қызыметінің өрісінің кеңдігін жаттығуларды орындау барысында түсіндіру.
ә) Сөздерді септей білу дағдыларын, олардың жалғауларын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Танымдық ой - өрісін дамыту. Сөздік қорын дамыту.
б) Халқымыздың ұлттық құндылықтарын пайдалану арқылы балаларды ұлттық салт - дәстүрді сүюге, оны білуге ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сызба

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
Сыныпты үш топқа бөлу «Алтын сандық» ішінен қарамай бір суреті таңдап алады
Психологиялық дайындық.
Әр оқушы өздері дайындап келген тілек хаттарын бір-біріне тапсырады.
Мұғалім әр топқа өзінің тілек хатын тапсырады.
1. Біз не білеміз?(Үйге берілген тапсырманы сұрау)
Мақсаты: Орындаған жаттығуларын пайдалана отырып 3-4 сөйлемнен тұратын әңгіме құрап шығу. Қай септікте тұрғанын дәлелдеу.
Ә) 1-топ 2-топ 3-топ
Өнер су кітап
сөздерін септеп шығу

- Балалар біз қандай тақырыпты өтіп жатырмыз?
- Зат есімнің септелуі.
- Зат есімнің септелуі дегеніміз не?
- Зат есімге септік жалғауларының жалғануын зат есімнің септелуі дейміз.
- Қазақ тілінде неше септік бар? Және ол туралы қандай ертегіні өтіп жатырмыз?
- қазақ тілінде 7 септік бар, және ол туралы «Септік шалдың жеті ұлы» деген
ертегіні өтіп жатырмыз.
- ендеше ертегіні есімізге түсірейік.(ертегіні еске түсіре отырып, өтілген септіктерді сұрағымен қайталаймыз.)
- олай болса, балалар, ертегімізді әрі қарай жалғастырайық. Елде жұт әлі жайлап жатса керек. Тағы 1ай өткенде ажал Септік шалдың кенже ұлына да келіп жетіпті. Кенже ұлы кім еді, кім айтады? – «Көмектес»
Жаңа сабақ Білгім келеді
- Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз - Көмектес септігі туралы болмақ. Дәптерімізді ашып күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазып қоялық.
Интерактивті тақтадан слайдты ашамыз. Ертегімізді жалғастырамыз.
- Сендер, міне, соңғы үмітінен де айырылған қаралы септік шалды көріп отырсыңдар
Көмектес атты ұлынан айрылған ол тақтайға тағы бір қылды ішек қылып тағып, «енді кіммен өмір сүремін, немен шұғылданамын?» деп зар жылап, 7 ішекке асықты тиек қылып тағып «ЖЕТІГЕН» аспабын жасап шығарыпты. Содан бері

Көмектес септігінің сұрақтары: кіммен?, немен?, кімдермен? нелермен?
ал жалғаулары: – мен,- бен,- пен болыпты.

Слайдтан Жетіген аспабын көрсетіп, оның бүгінгі таңда қолданылуы жөнінде әңгімелеу. Қарақат Әбілдинаның осы аспаппен ән айтып, шәкірт тәрбиелеп жүргенін айта кетемін.
- қазір ЖЕТІГЕН сөзін дәптерімізге септейік. (септеп болған соң, дәптерлерін алмасып, бірін - бірі тексереді.)

- Балалар Септіктің ұлдары неден қайтыс болды? – жұттан
Оқулықпен жұмыс

1. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып сөйлемдерді көшіріп жаз. 86-жаттығу
2. Жұмбақты оқып, көмектес септіктегі сөздерді көшіріп жаз және сұрақ қой.87- жаттығу

3.Берілген зат есімдерді екі түрлі септікке қойып , жақшадағы сөзбен тіркестіріп жаз. 90 – жаттығу
Сергіту жаттығуы:

Шығармашылық тапсырма
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Көмектес септік
Зат есімнің септелуі.
Көмектес септік
Шығыс септік
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Оқушыларға шығыс септігіндегі зат есімдер
Септіктер, 4-класс
Көмектес септік 4 сынып

Автор Қожахметова Анар Үрімжанқызы

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек орта мектебі МДШО

Бөлім: Материалы / Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар | Көрсетілім: 1968 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар