Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамыту
Акылова Бакыт Калеловна
№24 орта мектеп
Су түбінде асыл тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде асыл сөз,
Шер толқытса шығады.
Асан Қайғы
Қазіргі білім берудің жаңа әдістері оқушының өз бетінше білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға, шығармашылығын қалыптастыруға, өз пікірін еркін айтып, дәлелдей алуы тағы сол сияқты ықпал ететіндігі белгілі. Тәрбиелеп отырған жас ұрпақтарымыз еліміздің ертеңгі өмірінде білімді, білікті азамат, саналы қайраткер болып қалыптасу үшін, өмірден дұрыс жол таба білу үшін, дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы шешім қабылдай білуге үйренуі қажет. Осы мәселені шешу үшін оқыту мазмұнында әдіс-тәсілдердің де озығын пайдалану керек деп ойлаймын. Өз іс-тәжірибемде дамыта оқыту және сын тұрғысынан ойлау арқылы төменгі сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлемін. Шығармашылық іс-әрекеттер алға қойған мәселемен бетпе-бет келген кезде жүзеге асады. Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр, шапшаң, сезімтал, ештеңені жасырмай, нені болса да ашық, еркін айтады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстарын қазақ тілі сабағында қалай іске асыратыныма тоқталып өтейік.
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың зат есім туралы білімді үйренуін қолайлы жағдай жасау;
Сабақтың міндеттері:
- оқушылардың зат есімді ажыратып, сұрақ бойынша таба алуға көмек көрсету;
- сөйлем, мәтін құрау арқылы зат есімдерді талдай білуге үйрету;
- жеке, жұпта, топта өзінің ой толғанысын жеткізуге мүмкіндік беру;
Күтілетін нәтижелер:
- оқушылар зат есімді ажыратып, таба алады;
- зат есімді қатыстырып мәтін оқып, эссе жаза алады;
- топта жұмыс істеу ережесі сақталады;
Бағалау: жеке жұмыс, топта жұмыс, «Топтастыру», «Болжау» стратегиялары, «Эссе».
Сабаққа қажетті материалдар: сөзжұмбақ, мәтін бөліктері, қарғаның суреттері, үлестірмелі материалдар, маркерлер, плакаттар.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту сатысы
Сабақтың ұраны:
Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім.
Жұмбақ шешу:
Білесіңдер Кім? Не? Сұрағын,
Сөйлемде ой иесі боламын.
Не істеді? сұрағымен,
Көркейемін, толамын. (Зат есім)
- Заттың атын білдіретін және Кім? Кімдер? Не? Нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын зат есім дейміз. Олай болса бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Зат есім».
II. Мағынаны ажырату сатысы
2-жаттығу. Мәтінмен жұмыс.
- Балалар, қазір біз қысқа мәтінмен танысамыз. Мәтіннің авторы (суретін көрсетіп) Толстой Лев Николаевич (28 тамыз 1828 жылы, Тульская губерния Ясная Поляна усадьбасында дүниеге келіп, 1910 жылдың қарашаның 7-сі Астапово стансасында дүниеден қайтты. Л.Н. Толстой - орыс халқының жазушысы.
«Болжау» стратегиясы. Жұмбақ жасыру арқылы:
- Әңгіме не туралы болмақ? (Қарға).
- Ол заттың аты. Қандай сұраққа жауап береді? (Не?).
1-ші бөлім бойынша:
- Ертегі не жайында?
- Ары қарай не болады деп ойлайсыңдар?
2-ші бөлім бойынша:
- Сен ойлағандай аяқталды ма?
- Сен автор болсаң қалай аяқтар едің?
- Мәтінге ат қой. Мәтінді зат есімдерсіз оқып көр. Мәтінді зат есімдерсіз түсінуге бола ма?
Дәптермен жұмыс. Зат есімдерді теріп жаз.
3-жаттығу бойынша сөздер тобын толықтыру арқылы зат есімнің атауы екенін үғынады.
1-топ оқушы 2-топ бүркіт
сәби торғай қарға
көрші
көгершін
малшы ата
нағашы әже қарлығаш
3-топ дәрігерлер құрылысшылар
мұғалімдер сәулетшілер
түлкілер қарағай
қасқырлар жусан
аюлар долана
4-топ 5-топ
қайың итмұрын
жолбарыстар арыстандар
4-жаттығу. Өлеңді оқып, зат есімдерді атайды. Оларды қандай белгісі бойынша екі топқа бөлуге болатын анықтайды. Әр топ бір зат есімге сөйлем құрастырады. (Іні, әпке,
аға, машина, шана).
III. Ой толғаныс сатысы
Сөзжұмбақты шеше отырып, оқушылар зат есім туралы бұрынғы алған білімін еске түсіреді, зат есімге сұрақ қояды, зат есімнің ережесін қайталайды.
«Эссе»
«Маған қыс мезгілі ұнайды, себебі...»
Үйге жұмысы. 5-жаттығу. Мақалдарды көшіріп, зат есімдердің астын сызу.
(Қар қиыршықтарына тиісті бағалары қойылады).
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Материалы / Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2190 |
|
|
|
Зат есім. Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамыту

Автор Акылова Бакыт Калеловна
Астана қаласы, №24 орта мектеп
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер