Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау


құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау
Құбашева Айгүл Мейрамқызы
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Тасшағыл орта мектебі

Қазақ тілі сабағынан 11 – сыныпта өткізілген ашық сабақ жоспары

Сабақтың мақсаты: Құрмалас сөйлем түрлері жөнінде білімдерін тереңдете отырып, практикада оларды бір – бірінен ажырата білуге жаттықтыру.
Күтілетін нәтиже: оқушылар: - құрмалас сөйлем түрлерін ажырата алады;
- олардың жасалу жолын меңгереді;
- ынтымақтаса жұмыс жасайды;
- алған білімін қолдана алады;
- өзіндік пікір айтуға төселеді.

І Ұйымдастыру
- Армысыздар, оқушылар және ұстаздар!
Сабағымызды «Шуақ шашқан сөзбен» бастағанды жөн көріп тұрмын. (сыныптағы оқушы мен мұғалімді қосқандағы саны сәйкес келетін тақтадағы күн суреті сәулелеріне әрқайсысы көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын сөздерді стикерлерге жазып жапсырады).
Мыс: «Сізге сәттілік серік болсын!»
Мұғалім сөзі: - Қалай ойлайсыздар, адамдар қалай өмір сүруі керек? Өткеннің өкінішімен бе немесе бүгінгі күннің байлығымен бе әлде болашақ бақытқа жетелер мақсаттармен бе? (қағаздарға үш сөз жазылып, қажет болмаған сөз умаждалып, күресінге тасталады).
- Ендеше, 11 – сыныпта қазақ тілінен өткен жылдарда меңгере алмай қалған тақырыптарым көп деп өкінбей, қайталап еске түсіруге тырысайық!
- Сабақты бастамас бұрын мына бір сөздерге мән бере кетейікші. 2 топқа бөлініп отырған оқушыларға сөйлемдер жазылған парақтар беріледі. Онда: «Баға – кісінің қолында, ұпай жинау, еңбектену – өзіңнің қолыңда» және «Неғұрлым көп еңбектенсең, ұпай да көп болады» деген сөздер жазылған. Ендеше, осы сабақта жинаған ұпайларын түсіріп отыратын өзін – өзі бағалау парағын ұсынамын.
- Оқушылар осы сөйлемдердің сөйлем құрылысына қарай қандай сөйлем екенін айтады және мәнін түсіндіреді. «Құрмалас сөйлем»
- Интербелсенді тақтада «Құрмалас сөйлем. Салалас және сабақтас құрмаластан өткенді қайталау». Сабақ мақсатымен, күтілетін нәтижемен таныстыру.
ІІ Қызығушылықты ояту.
- Мұғалім сөзі: - ҰБТ – әлемдік білім беру жүйесіне жетудің алғашқы сатысы. Бүгінде осы сатыға сіздер де көтерілгелі дайындалып жатырсыздар. ҰБТ – Ұлттық Бірыңғай Тестілеу екенін білесіздер, ал егер осы сөзді басқаша тарқатсақ қалай болар еді? Екі топқа басқы әріптер жазылған парақтар беріледі.

Ұ - ұмтылу
Б - білу тұйық етістік болуы керек
Т – талпыну

Ұ – ұстамдылық
Б – білімділік туынды зат есім болуы керек
Т – талаптылық

Мұғалім сөзі: - Ендеше, бүгінгі сабағымыздың өзегі: «Ұстамдылық пен талаптылықты ту еткен Қазақ елінің болашағы – білімді жастар!»
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру. Білу. Түсіну. «Сөз сізде»
(Екі топ «Салалас құрмалас» және «Сабақтас құрмалас» сөйлемдерді түсіндіріп өтеді).
ІY Қолдану. «Сыңарыңды тап» немесе «Жеті сөйлем» (әр топ оқушыларына құрмалас сөйлемнің бір жай сөйлемі беріледі, әркім өз сөйлемін оқығанда келесі топтағы оқушы жалғасын оқып, осы топқа келеді, сөйлемдерін талдайды, келесі оқушы өз сөйлемін тақтаға жаза бастайды, екінші топтың оқушысы жалғастырып жазады, сонда топ оқушылары араласады).
Y Талдау. «Шешендік өнер» (Интербелсенді тақтада мәтін беріледі және проблемалық сұрақ)
- «Крез патша данышпандарды қабылдап, байлығы мен салтанатын көрсетіп болған соң, әңгіме бастайды. Анахарсистің таным деңгейін, білім дәрежесін байқамақ болып, сөз арасында оған сұрақ қояды. Бірде патша: «Жан біткеннің қайсарын кім деп ойлайсың?» - деп қалады. Сонда Анахарсис: «Жан біткеннің қайсары – дала тағысы, өйткені олар бас бостандығы үшін қайыспай жан қияды», - деп жауап береді. Әңгіме желісін одан әрі қарай созып: «Жан біткеннің әділеттісі кім болады?» - деген патшаға скиф ойшылы тағы да дала тағысының қасиеттерін негізге алып тіл қатады: «Жан біткеннің әділеттісі – дала тағысы, өйткені олар заңға бағынбайды, табиғат талабын ғана мойындайды. Табиғатты құдай жаратқан, ал заң – адам ақыл – ойының туындысы. Адам орнатқан заң тәртіптеріне табынғанша, құдай жаратқан табиғат талаптарын мойындаған әлдеқайда әділетті, патшам». Тәрбиесі де, ортасы да, ойлау жүйесі де басқа Крез патша Анахарсистің сөзін іштей місе тұтпай: «Данышпандардың данышпаны да сол сенің түз тағыларың болып жүрмесін?!» - деп, сұрағына әжуа, мысқыл араластырады. Патшаның көңілінде қандай құйын көтеріле бастағанына қарамастан, Анахарсис өз ойын қалауынша сабақтап, өз шындығын айтады: «Иә, дәл солай. Табиғаттың, құдайдың заңын адамдардың заңынан жоғары санау – данышпандықтың белгісі болғандықтан, данышпандардың данышпаны да – түз тағылары», - депті».
- Ендеше сұрақ: Неліктен Анахарсистің ойынша қайсар да, әділетті де, данышпан да түз тағысы? Пікіріңді білдір. Қандай дәлел – уәжің бар? Ойыңды құрмалас сөйлемдерді пайдаланып өрбіт, дәптеріңе жаз.
YІ Сергіту сәті. («Шөл далада» немесе «Ғажайып математиктер»)
YІІ Жинақтау. Баламалы тест. «Иә», «Жоқ» жауаптары беріледі, қажет болғанда дәлел айтылады.
1. Салаласа байланысқан құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты, бір – біріне тәуелді болмайды.
2. Салалас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдер сан жағынан тек екеу емес, одан да көп болуы мүмкін.
3. Ыңғайлас салаластың және жалғаулығы ешқашан қайталанбайды.
4. Себеп салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің орнын ауыстыруға болмайды.
5. Қарсылықты салалас жалғаулықтары түсірілсе, тек үтір қойылады.
6. Түсіндірмелі салаластың аражігіне қос нүкте қойылады.
7. Талғаулы салаласта «немесе» жалғаулығы бір рет келсе, онда сөйлем арасына үтір қойылады.
8. Кезектес салаластың құрамындағы жай сөйлемдер сабақтаса байланысады.
9. Қарсылықты салаласты қарсылықты бағыныңқы сабақтасқа айналдыруға болады.
10. Аралас құрмалас кейде төрт жай сөйлемнің құрмаласуы арқылы да жасалады.
YІІІ Қорытынды. Бағалау.
- Ғұмыр – дария! Тағдырдың жазуы қалай боларын кім білген? Жаныңдағы жан қайғырса, қанат бітірер сөз айт, қуанса, ақ тілегіңмен бақыт құсын сыйла, ниет етсе, жолына тілекпен шашу шашып, гүл төсе, өзің осы жағдайды басыңнан кешсең, саған да СЕНІМнің тағын, өмірдің ғажайып БАҒЫН сыйлар адамдар барын ойла! ОЛАР міне, сендер Ұлттық Бірыңғай Тестіде мақсатқа жетсе екен деп тілеулес боп жүрген ұстаздарың!

Көңіліне арман, мақсат мекендеп,
Дүние шексіз көрінсе де жетем деп,
Көкжиекке көз тігеді бар адам.
Қиындық – шың, құз – жар шеті құлаған,
Қуаныш бар төзімдерді сынаған,
Шыдап соған бір – ақ тілек сұрағам –
«Сен қиындық сезінбесе екен» - деп.

- Енді осы пікірді әркім қалай қабылдағанын ортаға салады да, сөз аяғында бүгінгі сабақ туралы пікірін, достары мен өз өміріне қажеттілігін бағалай келе «Менен де бір сөз ...» деп бастап, өз тілегімен үйлестіре бітіреді.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Салалас құрмалас сөйлем
Талғаулы салалас
Салалас құрмалас сөйлем, Ыңғайлас салалас
Себеп- салдар салалас құрмалас сөйлем
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем
Кезектес салалас құрмалас сөйлем
Талғаулы салалас құрмалас сөйлем
Сабақтас құрмалас сөйлем

Автор Құбашева Айгүл Мейрамқызы

Тасшағыл орта мектебі

Бөлім: Материалы / Қазақ тілінен ашық сабақтар | Көрсетілім: 2627 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар