Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz

Аммиак молекуласындағы коваленттік байланыс донорлы – акцепторлы механизм бойынша түзіледі. N – донор, НСІ молекуласындағы Н+ - акцептор деп аталады. Аммоний гидроксиді – аммиактың судағы ерітіндісі. 40% - ы мүсәтір спирті, әлсіз, тұрақсыз негіз, фенолфталеинді қызартады.

Уроки / Химия | Көрсетілім: 13582 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 15-01-2015, 12:45 |


Аминдер дегеніміз- аммиак молекуласындағы бір,екі немесе үш сутек атомдарының орнын көмірсутек радикалдары басқан өнімдер.   Аминдер аммиак  молекуласындағы сутек атомдарының орнын басқан радикалдарының санына қарай үш топқа бөлінеді.

Уроки / Химия | Көрсетілім: 4893 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 15-01-2015, 12:42 |


Алюминий – белсенді болғандықтан табиғатта бос күйінде кездеспейді, ал қосылыстар құрамында ең көп таралған металл. Оның жер қыртысындағы үлесі 9%. Жер қыртысында алюминий  көптеген минералдар түзеді. Алюминийдің маңызды өнеркәсіптік кендері: боксит , корунд , каолинит , ортоклаз . Елімізде алюминий кендерінің үлкен қоры Арқалықта (Қостанай облысы) бар. Сол кенді пайдаланып Павлодар алюминий зауыты жұмыс істейді.

Уроки / Химия | Көрсетілім: 11352 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 15-01-2015, 12:37 |


Алюминий – күміс түсті, ақ, жеңіл металл, тығыздығы – 2,7 г/см³ балқу температурасы 660,4°С, қайнау температурасы 2467°С. Өте иілімді, одан жіңішке сым жасауға және фольгаға айналдырып таптауға да болады. Электр өткізгіштігі күміс және мыстан кейінгі деңгейде.Алюминий кеңдерінің бай қорлары Қазақстанда, Оралда, Хибин тауларында, Башкирияда, Сібірде кездеседі. Боксит - Al₂O₃-nH₂O Қазақстанда бокситтердің белгілі кен орындары бар. Олар Қостанай және Ақтөбе облыстарында орналасқан. Павлодар алюминий зауытында металл күйіндегі алюминий өндіріледі.

Уроки / Химия | Көрсетілім: 14082 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 15-01-2015, 12:25 |


Алкадиендер — қанықпаған көмірсутектердің маңызды түрлерінің бірі. Алкадиендер — құрамында екі қос байланысы бар, жалпы формуласы СnН2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер. Алкадиендерді кысқартып диен көмірсутектері деп те атайды. Диен көмірсутектерінің бірінші мүшесі пропадиен . Диендерде қос байланысьътардың өзара орналасуы әр түрлі болуы мүмкін.

Уроки / Химия | Көрсетілім: 12600 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 15-01-2015, 12:19 |


Темір кендерінің ең үлкен қоры Уралда .Онда таулар толық темірден құралған.Курск,Кольск жартылай аралында Шығыс және Батыс Сібірде темір кенінің Үлкен қорлары бар.Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов-Cарыбай).

Темір десек біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді «Жер бетінде темір жойылып кетсе ,не болады деп елестетсек, көшелерде сұмдық көрініс темір жол да,поездар да, машиналар да жоқ,  көпірлер үйіндіге айналған ,өсімдіктер семіп ,өле бастаған.Адам денесіндегі 3г темір жойылса , тіршілігін тоқтатып , өліп қалар еді.» ,бұл кіріністі суреттеген , темірдің маңыздылығын айтқан атақты минералог , академик А.Е.Ферсман.

Уроки / Химия | Көрсетілім: 3843 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 15-01-2015, 12:06 |


Коваленттік байланыс – ядролар арасында молекулалық бұлттың пайда болуына әкелетін екі атомның электрондық бұлттарының бүркесуі нәтижесінде түзіледі. Едәуір күшті тартылу жалпы энергияның ұтымына және молекуланың тұрақтылығына әкеледі.

Уроки / Химия | Көрсетілім: 4758 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 15-01-2015, 12:01 |


Металдардың сыртқы энергетикалық деңгейлерінде электрондар саны аз, атом радиусы үлкен, сондықтан сыртқы деңгейдегі электрондар ядроға нашар тартылады да бейметалдармен салыстырғанда валенттік электрондарын жеңіл беріп, оң зарядты иондар түзеді.

Уроки / Химия | Көрсетілім: 8955 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 15-01-2015, 11:17 |


Өте жақсы, бұл тапсырманы да оырндап шықтыңыздар. Енді біздер құпия тапсырманы орындау үшін не керегін бәрін білеміз. Кез келген құпия агенті шифрды беріп және алып қана қоймайды, ол оны оқи да білу керек. Ол үшін қазір біз сіздермен әзірлік жүргіземіз. Менің бір таныс құпия агентімнен (атын айтпай-ақ қояйын) бірнеше шифрларды алдырдым. Яғни сіздер шешуге тырысып көріңдер. Дайынсыңдар ма ? 6-турды бастаймыз.

Уроки / Химия | Көрсетілім: 1357 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 14-01-2015, 19:03 |


500 г ерітіндіде мыс (ІІ) және күміс нитраттарының 12,8 г қоспасы ерітілген. Ерітіндіні толық электролиздегенде катодта бөлінген металдардың массаларының қосындысы 5,34 г болған. Бастапқы берілген ерітіндідегі нитраттардың әрқайсысының массалық үлестерін анықтаңдар.Ақпараттың қосымша көздерін пайдаланып, электролиздің осы күнгі технологиялық процестерде қолданылуы туралы шығармашылық жұмыс.

Уроки / Химия | Көрсетілім: 6991 | Жүктеулер: dop. | Қосты: NA | Уақыты: 14-01-2015, 18:59 |