Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Paint графиктік бағдарламасында практикалық жұмыс


Paint графиктік бағдарламасында практикалық жұмыс
5 «А» сыныбы
Қаратал ауданы,
С.И.Морозов атындағы №51 ОМГ,
информатика пәні мұғалімі
Мухатаева Назира Далибековна
Сабақтың тақырыбы: Paintграфиктікбағдарламасындапрактикалықжұмыс
Сілтеме Оқулық Информатика 5-сынып Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов-Астана: Арман- ПВ 2013жыл
Информатикадан электронды оқулық 7-сынып
Мақсаты: а) Білімділік: Графиктік редактор тақырыбы бойынша білімдерін қайталау, бекіту және жинақтау;
б) Дамытушылық: графиктік редактордың барлық мүмкіншіліктерін пайдалана отырып шығармашылық суреттер құрастыру және салу;Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, белсенділік, танымдық қабілетін дамыту;
в) Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, уақытты үнемдеуге дағдыландыру, шапшаңдылыққа, компьютерлік сауаттылыққа, өзін-өзі бағалауға, шығармашылыққа баулу.
Күтілетін нәтиже: - Оқушылар қарапайымPaint графиктік редакторын суреттерді салу мен өңдеуде қолдана алады, құрал–саймандарды дұрыс пайдалана алады, командаларды орындай білу мүмкіндіктерін, сурет салу, сақтау жұмыстарын біледі;
- Суретке мәтін енгізеді, бейнелену масштабын, түс палитрасын өзгерте алады;
- Компьютерлік технологияның мүмкіншіліктерін ақпарат пішінін өзгертуде қолдана алады;
- Басқа пәндерде қолдануға болатын әр түрлі графикалық құжаттар дайындайды.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Негізгі дереккөздер: Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, таратпа материалдар, Үміт ағашы, жұмыс үстеліндегі арнайы қапшықтар, бағалау парағы.
Әдіс –тәсілдер: Диалог, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, Ішінара іздену, зерттеушілік әдістері, ББҮ түртіп алу стратегиясы, талдау, қорыту, бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (2 мин) Балалар, бүгін бізде ерекше әрі қызықты сабақ, себебі, біріншіден бізде қонақтар келіп отыр, екіншіден ең қызықты тақырыпта сабақ өткелі отырмыз.
- Жағымды психологиялық ахуал туғызу; (Қысқы ертегі бейне-ролик)
- Оқушыларды топқа бөлу (түрлі түсті шаршылар арқылы);
- Топта рөлдерге бөлу;
- Бағалау критерийлерін құру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. (1 мин)
(АКТ, сұрақ-жауап әдісі, дарынды оқушылармен жұмыс) Далаға қараңдаршы балалар, ағаштар аппақ тон кигендей, айнала аппақ жалт-жұлт етеді. Далада аяз, балалар шана, коньки теуіп уақыттарын тамаша өткізуде. Көп балаларға қыс ертегідей түстеріне кіріп те жүрген болар.
Ендеше біз де қысқы ертегіні елестетіп көрелік, қазіргі көрген бейнекөріністегі ормаға емес өз мектебіміздің газет баспасына түстік деп ойлайық. Сендер де редакция мүшесісіңдер, яғни көркемдеуші-суретшісіңдер. Бүгінгі сабағымыздағы сіздер салған суреттер осы айда шығарылатын газетінің негізгі бөліміне кіреді.
ІІІ. Ой қозғау. (2 мин) (СТО стратегиясы) Дарынды оқушылардың дайындап келген жұмыстарын тексеру
- Оқушылардың көңілін жаңа сабаққа аудару үшін дарынды оқушылардың үй тапсырмаларын, экран арқылы көрсетіп, оны орындауда қандай бағдарламаларды пайдаланған тиімді болды?- деп ой қозғау.
- Салған суреттерін, шығарған өлеңдерін, жазған эсселерін экраннан көрсетіп қызығушылықты арттыру. Осы оқушылардың портфолиосымен таныстыру. «ББҮ» түртіп алу стратегиясын қолдану
Кезеңдер.
(45 мин) Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Үй тапсырмасын тексеру. (2 мин) Сұрақтарға жауап. ( әр дұрыс жауап 1 бал)
1. Қандай графиктік редакторларды білесіңдер?(Paint графиктік редакторы, 3D – графика құрушы редактор, күрделі инженерлік сызбалар жасау үшін қолданылатын редакторлар)
2. Өзгертетін бейнелерді қайдан алуға болады?(сканерден, фотоаппараттан, wев камералардан, бейнебаяндар коллекциясынан, файлдан)
3. Суретті тұтастай қалай ерекшелеуге болады?(Ctrl+A)
4. Ерекшеленген фрагменттерге қандай амалдар қолдануға болады?(мөлшерін өзгерту, орнын алмастыру, тазалау, түстерін өзгерту, көшіру) Топпен ақылдаса отырып жауап береді. Дұрыс жауаптарға смайликтер беріледі
Теориялық білімдерін бекіту. (8 мин) Ресурстар қолдана отырып тақырыпты
(5 балл) толықтыру, постермен жұмыс. (қосымша№1)
1. ТОП.
Графиктік редактор дегеніміз не?
2 ТОП.
Графиктік редактор терезесінің құрылымы қандай?
3 топ
Сурет салу құралдарының қызметі қандай? Берілген тапсырмамен таныса отырып, топ ішінде талқылайды. Талқыланған жұмысты топ мүшелері бірінен кейін бір тұрып баяндап шығуы керек.
Қорғалған жұмысты топтар «екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды

Қайталау сұрақтары
(4 мин) Блиц – турнир сұрақтары(10 бал, дұрыс жауаптарға смайликтер беру)
1. Paint графиктік редакторы қалай іске қосылады?
2. Paint графиктік редакторы не үшін қолданылады?
3. Paint графиктік редакторында ең үлкен масштабты қалай қоюға болады?
4. Фон түсін қалай өзгертуге болады?
5. Құралдардың әрқайсысына сипаттама беру.
6. Түстер палитрасы не үшін қолданылады?
7.Paint программасын қалай жабуға болады?
8. Суретті қалай өшіруге болады?
9. Сурет бөлігін бояу кезінде барлық сурет боялса, ол нені білдіреді?
10. Керек емес команданы қалай өшіруге болады? Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Бағалау парағына смайликтерсаны бойынша бал қойып отырады

Тест тапсырмалары (10 мин) 10 балл
Компьютерде дайындалған 10 сұрақтан тұратын тестке жауап беру. Әрбір оқушының бағасын компьютер шығарады. Жұмыс үстелінде «MxТеsтХ» деп аталатын файлды іске қосу.(қосымша №2)
Тест сұрақтарына жауап береді. Компьютер көрсеткен баға қойылады.
(жеке жұмыс)
Сергіту сәті. (2мин) Бейнекөрініс арқылы көзге жаттығу жасау музыкамен.. Демалады, көңіл-күйлері көтеріледі
Практикалық жұмыс
(10-12мин) Деңгейлік тапсырмалар орындаймыз
І-деңгей (3балл)
1- тапсырма:
Бір көзіңмен «кідір» дейді,
Бір көзім «жүгір» дейді.
Бір көзім «абайла» дейді
«Қарап ал маңайға» дейді
(бағдаршам)
Берілген фигуралардан жұмбақ жауабының суретін құрастырып, Paint терезесінде сал
2- тапсырма:
Үйдің суретін салу (өз арманындағы үй)
№3 тапсырма.
Қажетті құралдарды пайдаланып шырша суретін салыңыз.
ІІ-деңгей (4 балл)
Paint бағдарламасын іске қосыңыздар
1. Эллипс құралын пайдаланып мына суретті салыңыздар2. Суретті өз қалауларың бойынша бояңыздар
3. Суретке “Ақшақар” атын беріп сақтаңыздар.
ІІІ-деңгей (5 балл)
1. Барлық құралдарды пайдаланып «Қыс» тақырыбына мазмұнды сурет салыңыздар.
2. Суретке тақырып қой.
3. Салынған суретті «Қысқы табиғат» атын беріп сақтаңыз Компьютерде тапсырмаларды орындайды.
Жұмбақты шешеді, жауабын графиктік редакторда салады

Алдында салынған объектілерді қолданып шығармашылық тапсырманы орындайды, қысқы табиғат суретін салады
«Бағалау» практикасы.
(2 мин)
Критерийлер бойынша формативті бағалау Мына дискрипторлар арқылы бағалау ұсынылады. (Қосымша №3)
Үй тапсырмасын тексеру – әр дұрыс жауапқа 1 балдан (4 балл), теориялық білімдерін тексеру (5 балл)
Қайталау сұрақтары (Блиц-турнир) - 1балл(10балл)
Тест жауабы – әр тапсырмаға 1 балдан (10 балл)
Практикалық жұмыс (1 деңгей 3 балл, 2 деңгей 4 балл, 3 деңгей 5 балл)– 12 балл
Топ басшыларының топ оқушыларын бағалау парағы негізінде оқушыларды бағалау, мұғалімнің көмегімен. Топ басшыларысмайликтер саны арқылы белгіленген дискрипторлар бойынша баллдарын есептеп, оны
«5 балдық» жүйеге ауыстырып топ мүшелерін бағалайды.
1-7 балл – «2»
8-18 балл – «3»
19-29 балл – «4»
30-36 балл – «5»
Рефлексия (1мин) Оқушыларға кері байланыс жасау үшін түрлі-түсті стикерлер таратылады.
• Осы сабақтан не күттіңіз?
• Сабақ барысында қандай сезімде болдыңыз?
• Сіз үшін не күтпеген жағдай болды?
• Сіз үшін сабақтың қай кезеңі нәтижелі болды, сіз үшін бәрінен жақсы болған сәттер
• Қиын болған кезеңдерді атап шығыңыз және сіз оны қалай жеңе алдыңыз?
• Бірге жұмыс істеген сыныптастарыңыздың жұмысын көрдіңіз, олар сіз үшін мазмұнды, ерекше, мағыналы болды ма? Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған білімдері мен өз әсерлерін жазып топ басшыларына береді.
Үйге тапсырма. §15-19 тақырыптары бойынша сурет дайындау Дарынды оқушыларға: Редакторда сурет салудың тиімді әдістері мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып сурет салу кезеңдерін Camtasia бағдарламасының көмегімен бейнежазбаға түсіріп келу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Суретті ашу, құру, сақтау және түрлендіру.
Paint графикалық редакторында сурет салу
«Paint» графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графиктік редакторы практикалық жұмыс
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті сақтау. Графиктік редактордың сурет салу құралдары
PAINT графикалық редакторымен жұмыс жасау
Масштаб, графиктік ақпаратты өңдеу.
Paint
Графикалық және мәтіндік ақпараттарды өңдеу
Paint графиктік редакторында суреттер салу

Автор Мухатаева Назира Далибековна

Үштөбе қаласы №51 ОМГ

Бөлім: Материалы / Информатикадан ашық сабақтар | Көрсетілім: 3486 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар