Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » "Ана -өмірдің шуағы" тәрбие сағаты


"Ана -өмірдің шуағы" тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Ана- өмірдің шуағы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер
Сабақтың барысы:
Жүргізуші Қуаныш
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын,
Аяулы аналар, қызғалдақтай қыздар!!!
Жүргізуші Ахмадияр
Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтай отыра «Ана- өмірдің шуағы» атты мерекелік кешімізді бастаймыз . Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке !
Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан –ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.
Жүргізуші Қуаныш
Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі,

Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иеміз.
Ербалалар хорының орындауында
Жүргізуші Ахмадияр
Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым , бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.Ал Қуаныш осы мерекенің шығу тарихын білесің бе?
Жүргізуші Қуаныш
Әрине ! : Кейін шегініп, қалың тарихтың бір парағына көз салсақ, қасқайған Нью-Йорк қаласы мен сол алып, батыр қаланың әділеттілікті талап еткен нәзік жандыларын көреміз. 1857 жылдың 8 наурызында тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері үміттерін үкілеп, ереуілге шығады
Жүргізуші Ахмадияр
1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен II халықаралық конференция өтті. Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин 8 наурыз халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі туралы ойын ортаға тастады. Оның бұл ұсынысын өз құқықтары үшін күресуге бел буған қалың әйелдер тобы іліп әкетіп, келесі жылы-ақ, яғни 1911 жылдан бастап, Австрия, Дания, Германия мен Швейцарияда 8 наурыз мейрам ретінде тойланды.
Жүргізуші Қуаныш Көрініс "Ата мен бала"
Автор: Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, көденің көгерген жасыл кезінде, жерден қар кетіп, жердің түрі түрленіп тұрған уақытта, күннің сәулесі көктен қыздырып, жер – ананың денесі бусанған шақта, көңілді «Көктем» атты патшалық болыпты.
Бұл патшалыққа да жадырап «Наурыз» айы келді. Дүние жаңарды. Көк жетіліп, әлем құлпырды.
Осы құлпырған, көңілді патшалықты еліне сыйлы, ақылды хан басқарыпты. Ол ханның қайсар да қайратты 7 ұлы, ай десе аузы, күн десе көзі бар 7 қызы болыпты.
«Көктем» патшалығы қандай үлкен болса, сол зәулім ғимараттың іші мейірім мен шапағатқа толы үлкен махаббаттан тұрады екен.
Сол патшалықты басқарған хан өз ұлдарының ішінен мұрагерін іздейді. Сөйтіп оларды сынамаққа бел буды.
Хан: Ұлдарым мен қыздарым! Мен қартайдым, сендерге қояр талабым бар. Соны орындағандарың менің мұрагерім боласыңдар. Кімнің өнері мен ақылы көркіне сай болса, сол менің мұрагерім болып, осы патшалықты басқарады.

Автор: Хан ұлдарын қасына жинады.
Хан: Балам, үйдегі алтын қазық кім?
Баласы: Үйдегі алтын қазық – бала. Ол – мен.
Хан: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық сен емес, ол – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі. Ана сыйламағанның ақылы кем. Ананың мейірімі – көзінде, ақылы – сөзінде.
Патшаға абыз қария келеді.
Қария: Дат, тақсыр!
Хан: Датың болса, айт!
Қария: Менің айтпағым балаларыңда. Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
Бала: Ата ашты тоқ, жоқты бар ететін мейірімді әке.
Қария: Жоқ, балам! Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін – ол ана. Анасыз бала ұйықтамайды. Қатықсыз айран ұйымайды.
Хан: Жоқ, сендердің жауаптарыңа менің көңілім толмады. Ханзаданы шақырыңдар!
Бала: Алдияр әке, не бұйырасыз?
Хан: Өнеріңді көрсет
Бекзаттың орындауында « Анамның сөзі аяулы үні»
. Автор: Осы патшалықтағы аяулы ана алыста тұратын бауырының үйінде болатын. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады.
1 - қыз: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.
2 - қыз: Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім.
3 - қыз: Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым.
4 - қыз: Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.
5 - қыз: Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің.
6 - қыз: Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым.
Автор: Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді. Анасының асын даярлап, алдына ас қойып, шәй құйып берді.
Ана: Қыз – қызғалдақтарым менің! Бәрінен де мені ең кіші қызым қатты сағыныпты.
Альбина: Бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім?
Бәрі: – Ол – мейірімді ана.

Альбина: Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін бөлеген кім?
Бәрі: – Ол – мейірімді ана.
Жүргізуші Қуаныш
Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім
Жанымды жадыратып күлдіретін
Сендегі маған деген махаббатты
Нұр толы қос жанарың білдіретін
Бар ана туған елдің гүлі дер ем
Анажан қайғың болса күңіренем
Таусылмас тау суындай ақылың бар
Сен барда менің әр бір күнім өлең
Жүргізуші Ахмадияр
Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен
Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарса да өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін,
Ана мерекесі құтты болсын.
Жүргізуші Қуаныш
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ
Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай
О адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай

Ана десем сезім білер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық
Ұлдардың сыйлық таратуға таласы көрінісі.Осы таласта Ырысбек жақсы идеясын айтады. «Балалар екі топ болып сайысайық ,кім жеңеді солар сыйлық таратады» Ұлдар хош көріп «Қырандар», «Ұландар» тобына бөлінеді.
1Cайыс «Мың бір мақал»
Ата - дәстүр абырой көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз мақал мен мәтелдерге.

Мақал мәтелдердің жалғасын табу

1 Көз жетпеген жерге …………………
2 Қызға бергенді ……………...
Қыздың құны қырық жеті
3 Жақсы қыз - жағадағы құндыз,
Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз.
4 Қыз өссе елдің көркі
Гүл өссе жердің көркі.
5 Ананың сүті-бал, баланың тілі - бал
6 Баласы атқа шапса ,анасы үйде тақымын қысады.
7 Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа
8 Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.
9 Баланың білегі ауырса ананың жүрегі ауырады.



2сайыс «Кім жылдам»
Иленген қамырдан жайма жазып жарысу
3 сайыс «Қызықты сұрақтар»
1 Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген? «Ақша кітап ішінде еді»
2. Анаңның жасы нешеде?

3. 2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды? « екі сағат»

4. Анаңның туған күні қашан?

5 Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды? « тордан құс ұша алмайды»
6.. Анаң қандай түсті ұнатады?

7 Төрт бұрыштан 1 бұрышын алып (қиып) тастасақ неше бұрыш қалады. « бес бұрыш»\

Мұғалім : Балалар екі топ та тең түстіңдер, яғни «достық» жеңді.
Жүргізуші Ахмадьяр
Кетті қысқы ызғар,
Еріп жатыр мұздар.
Мерекеңіз бүгін,
Қызғалдақтай қыздар!

Болса да өзге жүрек,
Адамға адам – тірек.
Сіздерге айтар мынау,
Мерекелік тілектер:
Жүректен шыққан лебіздерін білдіреді. Жүрек пішінді корапша ішінен ұлдар кезек пен кезек қыз балаларға арнаған лебізін білдіреді.
Альбина қыз өнерлі Бойға жиған өнерді Математик қыз білімді Меңгерген бар ілімді

Ақылды қыз елгезек
Алады тез тіліңді. Ақша бетті Асылай
Ұқсайды хор қызына

Екі беті үлбіреп
Қос жанары мөлдіреп Эльназдай қыз шығады
Бұрымдары желбіреп.

Аққу құстай қанат қағып самғаған,
Адал жолмен арам іске бармаған.
Адамдықты жаны сүйген қашаннан,
Дильназ..да қатарынан қалмаған

Білімді оқу озаты сыныптағы,
Талай қиын істерді құрықтады. ӘЗДАНА . алдында талай іс тұр,
Болашақта жандырар үміт отты.

Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Айжанға қызығып қарасын


Жүргізуші Ахмадияр
Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейірім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралғанның жоқ.
Жүргізуші Қуаныш
Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Құрметті қонақтар, біздің « Ана- өмірдің шуағы»
атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сыйынар ем Ана деген тәңірге!
«Бәрі де,ана,бір өзіңнен басталады»
Мерекеңмен анашым
Анамызды аялайық
Сыйынар ем ана деген тәңірге!
Ана-әлем шуағы
Ана- өмірдің шуағы
Ана-әлем шуағы ашық сабақ
Ана- өмір гүлі
Ана – өмірдің шуағы

Автор Айтжанова Шаттық Какимовна

ФюОңғарсынова атындағы орта мектеп

Бөлім: Материалы / Тәрбие сағаты | Көрсетілім: 24903 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар