Ақши жалпы орта білім
беру мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі
Жаминова Маржан
Бақытқызы
Сабақтың тақырыбы: Көктем қандай көрікті. Ә. Ысқабай.
Сабақтың мақсаты:Мәтінді оқу арқылы мазмұны мен негізгі идеясын ашу.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже. Жыл мезгілдерінің әрқайсысына сай атаулары мен құбылыстарын аңғара отырып ізденуге, талдау жасау арқылы өз бетінші жұмысқа талпындыруға жол ашу.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі. Ойларын ашық айтуда дұрыс сөз саптауларын. Қорытындыны нақты жасау дағдыларының дамуына жағдай туғызу.
Тұлғалық нәтиже. Әр мезгілдің өзіндік ерекшелігі мен кереметін сезіне отырып, оны бағалай білуге, құрметтеуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: төрт жыл мезгілінің және көктем көріністері суреттері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа әзірліктері мен оқу құралдарының түгендігін қарап шығу.
Үй жұмысының орындалуын тексеру.
І. Қызығушылықты ояту.
Төрт жыл мезгілінің суреттерін көрсете отырып, төмендегі жұмбақты шешу.
Жұмбақтағы жасырын сөзді өз жыл мезгілінің жанына орналастыру.
Жұмбақ
Ақ түсті,
Көк түсті,
От түсті,
Тот түсті—
Төрт түсті жер үсті.
(қыс, көктем, жаз, күз)
-Осы төрт жыл мезгілінің табиғи құбылыстарына байланысты қандай тұрақты сөз тірекестері бар?
Көктем-... (туды)
Жаз-... (шықты)
Күз-... (түсті)
Қыс-... (келді)
-Енді әр топ басшылары өздерінің жыл мезгілінің атауына қарай берілген қима сөздерді дұрыс таңдау арқылы топтың атын анықтайды.
Қима сөздер:көктеу, жайлау, күзеу, қыстау. Бұл –жыл маусымдарына байланысты мал шаруашылығының тұрағы.
Жауабы: Көктеу-көктем
Жайлау-жаз
Күзеу-күз
Қыстау-қыс
-Бүгін біз ауыл шаруашылығымен айналасып отырған ауылдағы ағайындарымыздың жыл мезгіліне байланысты тұрағын білдік. Ал бәріміздің ортақ үйіміз не екенін білесіңдер ме?
«Табиғат-менің өз үйім».
Осы тарауды оқулықтан тауып, нешінші тарау екенін анықтау.
Сегізінші. Сегіз саны туралы не айтуға болады?
Мысалы: сегіз-бір таңбалы тақ сан, сегіз-төбесі бар текше, көлденеңінен қойса шексіз мағынасын білдіреді, екі санының кубы сегізге тең, мәңгілік символы,т.с.с.
-2008 жылғы Бейжің Олимпиадасы 8-айдың 8-жұлдызы, сағат 8-ден 8 минут 8 секунд кеткенде ашылды.
-Жыл мезгілдерінің көшбасшысы ретінде қай мезгілді таңдайсыңдар? Неліктен?
-Көктемнің тағы қандай кереметтері бар екенін білгілерін келе ме?
ІІ. Мағынаны тану.
-Мәтінді түсініп оқу.
-Мәтіндегі негізгі оқиға желілерін етістік сөздер арқылы қалай мазмұндауға болады?
Мәтін бойынша жоспар құру арқылы артынан бұл сөздерді топтау.
Мақал-мәтел сайысын ұйымдастыру.
1. Сәуір болса
Күн күркірер.
Күн күркіресе,
Көк дүркірер.
2. Қысына қарай көктемі,
Диқанына қарай кетпені.
3. Мезгілі жетсе, мұз ерір.
4. Сәуірдегі жауын-сауып тұрған сауын.
5. Көктемде түскен бір дән
Күздің күні мың дән болады.
-Әр жыл мезгілі өзінше үшке бөлініп аталады екен. Көктем мезгілі қалай аталатынын білемісің?
-жауабы:
Сергіту сәті:
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада, орманда
Құстар әні төгілді.
ІІІ. Ойтолғаныс.
Мәтіндегі басты кейіпкерлерді атау.
-Сайран сияқты көктемді ұнатпайтын достарыңа не айтар едің?
RAФТ әдісі бойынша еркін жазу түрін таңдап, өз ойларын білдіруді ұсыну.
Оқушылардың жұмыстарын қалаулары бойынша оқуларын ұсыну.
Сабақты қорытындылау.
Үй тапсырмасын беру. «Көктем мезгілі саған неліктен ұнайды?» шығарма жазу.
Бағалау:
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Материалы / Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар |
Көрсетілім: 5184 |
|
|
|
Көктем қандай көрікті. Ә. Ысқабай.

Автор Жаминова Маржан Бақытқызы
Павлодар облысы. Баянауыл ауданы. Ақши жалпы орта білім беру мектебіі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер