Баланың дарындылығының іске асып, дамуы көптеген табиғи әлеуметтік табиғи факторларға байланысты. Сол факторлардың арасындағы ең маңыздысы оқу-тәрбие ортасы болады. Дарынды бала – бұл белгілі бір салада жетістіктері айқын көрінетін немесе сондай жетістік әуелеті мол бала. Жалпы, дарынды балалар, интелектуалдық даму деңгейі орташа болған балалармен салыстырғанда, дамудың барлық көрсеткіштері бойынша неғұрлым алда болады. Олар оңай оқиды, зейінін ұзақ уақыт бойы шоғырландыра алады, үлкен тіл байлығына және сөз қорына ие болады, абстракттік ойлау қабілеттері тез дамиды, жаттап білім алуға қарсылық көрсетеді, өзгенің ұстанымын қолдауы қиын келеді, жоғары әлеуметтік мұраттарымен ерекшеленеді, тапқыр, қажырлы, шығармашылыққа бейім және адамадардың көңіл-күйін байқағыш болады, әділетсіздікке ерекше ұшқыр жауап береді.
Психикалық қасиеттер – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең сұраулы ерекшеліктер. Бұған әр бір адамның мінезщі мен темпераменті, қабілеті мен дүниетанымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады. Егер адамның туысында нышан болып, ол тәрбиеленбесе, ол дамымауды. Қолайырақ жағдай туса, қиыннан қиыстырып мәселе шешуде ізденімпаз болып шыға келеді. Шынанның ықпалымен дамыған қабілет түрін – дарындылық деп атайды. Дарынды балалар мектеп бағдарламасын жылдам меңгереді. Зеректік, байқағыштық қасиеттері жоғары болады. Олардың көпшілігі өз уақыттарын шығармашылыққа арнайды. Сурет салады, өлең оқиды.
Шығармашыл дарынды балаларды дамытудағы маңызды әрі теңдессіз педагогикалық құрал – өнер. Оқу үрдісінде көптеген дидактикалық міндеттерді орындауға көмектеседі.
- Бейнелі түрде ойлауды дамыту;
- Ойлау үрдісінің бастамшылдық бөліктерін дамыту;
- Қиял мен елестетуді дамыту;
- Оқу үрдісінде эмоциялық әр беру.
Өз бетінше көркем шығарма тудыруға әрекеттенудің берер пайдасы мол. Дарынды балалардың тапсырманы орындау кезінде жадағай еліктеуден қашып, жаңашыл ізденіске ұмтылуына жол нұсқасақ, шығармашылық қабілеті жақсырақ дамиды. Өнер құралдары арқылы дарынды балаларды шығармашылық бағытта тәрбиелеу технологиясының жаңа түрлерін жинақтау кезеңдерін мынадай ретпен құраған дұрыс: ой ниет – оны жүзеге асыру жолы – дарын болжау – атқарылған жұмыс – нәтижелер – қорытынды. Мұндай құрылым басты мәселелерді анықтауға, педагогтың жұмыс мәнерін белгілеуге, ең бастысы, мақсатқа жету үрдісін көрсетуге мүмкіндік береді. Шығармашыл дарынды баланы тәрбиелеу технологиясында өзара белсенділік әдістерді шебер пайдалану жас ұрпақтың өмірдегі сезімдері мен зердесін дамытуға жол ашады. Көркем өнер, поэзия мен драматургия шығармашылық әрекетке бастайтын жол. Дарынды балалрдың шығармашылық бағытын дамытудың педагогикалық үрдісін шығармашылық деңгейіне орай ұйымдастырған дұрыс.
Дарынды балаларды дамытуда, және педагогиканың білім беру үрдісінде, педагогикалық психологиялық диагностика және үздіксіз мониторинг жүргізе отырып оқушылардың ғылыми және өнер салалары бойынша қабілеттерін анықтау, жеке дара жұмыс жүргізу арқылы оқушыларға қосымша, ерте кәсіптік бағдар және тереңдетілген білім беруді жүзеге асыру, осы мақсатта ізгілік, математика – экономикалық, жаратылыстану-экологиялық бағыттар бойынша профильдік оқыту. Педагог дарынды балаларға жеке дербес қабілеттерін дамыту үшін мынадай жағдайларды еске алу керек:
- Педагог әр баланың білімге деген ішкі мотивациясынан шыға білуі керек;
- Дарындылықтың арнайы, жалпы, жасыры, ашық түрлерін анықтау;
- Процесс барысында педагог балаға деген толық сенімін көрсете білуі керек;
- Педагог мәлімет жинақтау, күрделі мәселесі бар балаларды қарастыру керек.
Көбіне «дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстің зерттеулері, бұл пікірдің мұғалімдер арасында да жиі кезедсетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, ұғымтал, өз ойын нақты жеткізетін және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақтар қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғазатын, қияли, әр нәрсеге көз-қарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық қабілеттерін көрсететінін және оған нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеудің нәтижесін есіне мықтап ұстағандары жөн.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға |
Көрсетілім: 3973 |
|
|
|
Дарынды балаларды тәрбиелеу

Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Ұстаздарға |
Ата-аналарға |
Біздің мектеп |
Баяндама |
Эссе |
Оқушыларға |
Конкурс ең үздік шығарма Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз |