Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұлттық білім беру моделіне менің көзқарасым.


Ұлттық білім беру моделіне менің көзқарасым.

Ұлттық білім беру моделіне менің көзқарасым.

Ертеде қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары болмаса да өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең-жыр,әңгіме,ертегі,санамақ арқылы тәрбиелеп отырған.

Ел президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында алдағы отыз жыл ішінде мемлекетіміздің қандай бағытта,қалай дамуы керек екендігін белгілеп берді.Әрине,осы міндетті болашақта жастардың жүзеге асыратындығы күмәнсіз.

Қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен, ұлтжандылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс.Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттық талаптарына сай жалпы орта білім беру ұлттық мүдделерге сай жүргізіле бастады.

Адамның бойына адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер - білімді игеру тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі - өнеге берген ұстазға байланысты.Осыны жақсы түсінген халқымыз: "Ұстазы жақсының ұстамы жақсы", "Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қонар" деп ұлағатты ұстаздың еңбегінің орасан зор және ұстаз еңбегінің текке кетпейтіні айтып отырған.

Ұстаз бен шәкірт этикасына айрықша назар аударып отыру керек.Ұстаздың мейірімді болуы - оның шәкірт ілтипатын аудара білу.

Бүкіл болмысымен жастарға ұлттық тәлім - тәрбие, өнеге көрсетуі, қарым - қатынас мәдениетін қалыптастырудың басты шарты болып табылатынына ерекше назар аудару қажет.

Әр баланың мінезінің бір - біріне ұқсамайтыны сияқты, әр отбасының да тәрбиесі әртүрлі.Сухомлинский: "Бала - жүрек жылуы дегеннің мәнісі - жаман бала болмайды, ол теріс өнегенің, нашар тәрбиенің жемісі" деген болатын.

"Ұстазы жақсының ұстамы жақсы" дегенді үнемі есте сақтау қажет.Осы тұрғыда ауыл мектебінің мұғалімі қандай болуы дегенге келетін болсақ.Меніңше мұғалім қызметінің өзіндік ерекшеліктері бар.Жеке тұлға ерекшеліктердің, өмірдегі тұрмыстық жағдайдың, отбасындағы қарым-қатынастық әрбір балаға және отбасына жеке тұрғыда қарауға мүмкіндік береді.Мұғалімнің білім беру жұмысы ауыл мектептеріндегі балалардың мәдени деңгейін, ұлттық деңгейін көтеруге, нарық қатынасы жағдайында, оларды өмірге дайындауға, оларды өз жерінің қожайыны ретінде ұлттық негізде оқытуға бағытталуы тиіс деп білемін.Сондықтан өзімнің "Қазақстан тарихы" сабағында әрбір тақырыпты өткенімде "Ежелгі Қазақстанның ұлттық мәдениеті", "Орта ғасырлардағы Қазақстанның ұлттық мәдениеті", "Жаңа кезеңдегі Қазақстанның ұлттық мәдениеті" және "Қазіргі дәуірдегі немесе Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық мәдениетіне" басты назар аударамын.

Ұлттық мектептегі оқу - тәрбиенің негізгі міндеттері:

1. Оқушының ұлтжандылыққа тәрбиелеу және ұлт алдында тұрған ерекше істерді шешуге даярлау.

2. Жас ұрпақты ата - баба салты мен дәстүрі, әдет - ғұрпы негізінде тәрбиелеу.

3. Тәрбие жүйесінің ұлттық мәдениет пен ұлттық педагогикалық негіздеу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби білімінің ерекшеліктері
Білімді оқушыларды қалыптастырудың негізгі шарты біліктілік
"Қазіргі заман мұғалімі" тақырыбындағы эссе
"Қазақтың ұлттық ойындары"
Қазақ тілі сабақтарында ұлттық құндылықтарды игеру арқылы жеке тұлғаны дамыту
Заттың атын білдіретін сөздер. "Сауысқан мен көкек"
Ұлттық ойындар бойынша әдістемелік материалдар даярлау, оларды сабақта
"Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешуге есептер шығару"
Қар
М.Жұмабаевтың "Қарағым" өлеңі
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 3084 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз