Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оқытудың жаңа технологияларының білім беру сапасын көтерудегі рөлі


Оқытудың жаңа технологияларының білім беру сапасын көтерудегі рөлі
Оқытудың жаңа технологияларының білім беру сапасын көтерудегі рөлі

Қарқаралы ауданы Бүркітті ауылындағы №20 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Болжанова Гулден Мұратовна

Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.
Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында Сын тұрғысынан ойлау технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз- сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.
Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім aлyғa, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылар - оқудың (сабақтардың) қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Бұл жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының арт-қандығының, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтадым.
Мазмұнға байланысты міндеттер:
1.Әңгімені оқып танысады.
2.Мазмұнын ашады.
3.Кейіпкерлерді салыстыра отырып айырмашылықтары мен ұқсастықтарын сипаттай алады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты:
Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату және сезімін ояту.
Топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеті:
1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
З. Топтастарының сұрақтарына жауап береді.
4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.
Тәрбиелік мәні: Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.
Оқушылардың шығармашылығының дамуына ықпал ету мақсатында мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау жұмыстарын тапсырамын. Мысалы: «Екі дос» әңгімесіндегі оқиғаны оқушылар былай жалғастырған болатын: «Ағаштың үстінен түскен соң, өз қателігін түсінген досы опасыздық жасағаны үшін досынан кешірім сұрады, себебі ол тосыннан болған жағдайдан досының ауыратындығы есінен шығып кеткендігін айтып ақталды.Бұл сынды тапсырмалар оқушылардың сөздік қорларын молайтып, бала қиялын дамытады.
Бастауышта сәтті сабақ белгіленген мақсатқа жетуге ұстаз бен оқушының өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асатын үрдіс.
Оқушы әрекеті:
1. Өз ойын еркін жазу.
2. Өзгені тыңдай білу және көмектесу.
3. Бірлесе әрекет ету.
4. Өз әрекетін талдау.
5. Өз мақсатын анықтау.
Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Бұл жұмыстарды бірнеше тақырыптар көлемінде өткіздім. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді.Сабақтың соңында мәтіннің тақырыбына байланысты өз ойларын білдіріп, көкейлеріне не түйді соны қағаз бетіне түсіреді.
Сыни тұрғыдан оқу мен жазу бағдарламасының нәтижесі төмендегідей болды. СТО құрылымы бойынша ұйымдастырылған сабақтар баланың ізденімпаздық, зерттеушілік, дәлелдеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамытатынына көз жеткіздім.
Сабақта Сын тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырдым. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді. Баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге, дәлелдеуге үйретеді.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Сын тұрғысынан ойлау. Oқушы әрекетін белсендіруге негізделген технология
ОҚУ ҮРДРІСІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДІ МЕҢГЕРУ БАРЫСЫНДА, КРЕАТИВТІ БАҒАЛАУ ҮРДІСІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту бағдарламасын пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Ағылшын тілі мен биология пәндерінде сабақ беру кезіндегі сыни тұрғыдан ойлау әдіс-тәсілінің тиімділігі
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың өз бетімен білім алу қабілеттерін дамыту
Математика сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамыту.
ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Бөлім: Статьи / Баяндама | Көрсетілім: 3113 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз