Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тарих пәнінен ҰБТ-ға дайындық ерекшеліктері


Тарих пәнінен ҰБТ-ға дайындық ерекшеліктері

Тарих пәнінен ҰБТ-ға дайындық ерекшеліктері

Серікбаева Гүлшара Жауғашарқызы

№19 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі   

Тәуелсіз Қазақстанның өзінің нысаналы дамуы  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауымен  ерекшеленедіЖолдауының басты мақсаты – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар.

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін реформалаудағы  стратегиялық міндеті-экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің  бәсекеге қабілеттілігін арттыру.Ал білім беруді дамытудың сапасын арттыруды жүзеге асыру мемлекеттік білім берудің негізгі мәселесі болып табылады.Білімнің – құндылық, жүйе, үрдіс, нәтиже ретінде төрт жақты сипаты біртұтас қарастырылады. Әлемдік білім беру кеңістігінде, өркениетті елдерде білім беру ісі нәтижеге бағытталған білім (нББ) үлгісі болып табылады.

Біздің елімізде білім беру жүйесі бәсекеге қабілетті жаңа сапалық

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында “Жоғары бiлiмдi дамытудың негiзгi үрдiсi мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми - зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық бiлiмдi дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерiнiң әлеуметтiк сала мен экономиканың қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты бiлiм беру және технологияларды жетiлдiру болып табылады” деп атап көрсетiлгендей, қазiргi бiлiм беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтiк - педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан бiлiм мазмұнына жаналық енгізудiң тиiмдi жаңа әдiстерiн iздестiру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін – мұғалім. Ендеше, біздер,мұғалімдер көп оқуымыз керек. Өйткені, елдің ертеңгі тірегі – кейінгі толқын жастар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Сондықтан болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әрбір педагогтың алдында үлкен жауапкершілік тұр. Бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

«Тарих – кім­-кімнен де жоғары ұғым» ,-деп  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай тарихқа арқа сүйемесе, болашақ бұлдыр. Планетада мән-мағына мен құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі күнде тарихи жадыны сақтап қалу – жалпы өзіңді өзің сақтап қалудың жалғыз жолы. Ұлттық тарихқа стратегиялық тұрғыдағы өзінің көзқарасын Мемлекет басшысы 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» кітабында баян етіп берді. Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында жасаған баяндамасында: «Нағыз ұлттық қадір-қасиет нағыз ұлттық тарихтан басталады», деп атап айтты. Сондықтан мен өзім тарих пәні мұғалімі ретінде мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеруге  басты бағыт болып отырған ҰБТ-ға дайындық жұмыстарының жүргізілу жолы туралы айтып өтпекпін.

Бүгінде мектеп партасында отырған жасөспірім — ертеңгі ел азаматы. Сол жастардың білімін саралап, келешекке жолдама беретін тетік — ҰБТТест – жеке адамдардың не топтардың не қабілеттерін, не білімін, не икем-бейімін, яғни сапалық та, сандық та ерекшеліктерін анықтауға арналған, уақытпен шектелген қысқа сынақ түрі.Тесттің түрлері де көп, соған сай мақсаттарыда әр түрлі.Мен соның ішінен Тарих пәнінен  Ұлттық Бірыңғай Тест туралы тоқталмақпын.ҰБТ — ғылымда дә­лел­денген, тиімділігі іс жүзінде танылған үрдіс. Сонымен бірге, ұлттық бірыңғай тестілеудің енгізілуінің мақсаты — оқушы­лардың мектепте алған білімдерінің нәтижесін бағалауда объективті­лікті арттыру болып табылатын білім беру сапасын мемлекеттік аттестациялаудың бір түрі.ҰБТ, негізінен, әрбір бала үшін өміріндегі ең алғашқы ірі сын.ҰБТ-ға нақты дайындық жолы оқушының өздігінен тарихи мәліметтерді меңгеріп,сол тақырып бойынша жүйелі тест тапсырмаларын орындату.

Бүгінгі күнге дейін бізде білімнің 60 %-ын мұғалім беріп,40 %-ын ғана оқушы өзі ізденіп табады.Оқуға талап түбегейлі өзгерді.Балаға білімді дайындап,айтып беру қазір мүмкін емес,оған өзі жан-жақты ізденіп,білім алатын оқу-тәсілдерін,кітаппен тиімді жұмыс істеуді,интернеттен ақпарат алып,саралай білуді,ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануды үйретуіміз қажет.Оқу-өте интимді процесс.Оқуға бұрын тек екі тұлға-оқушы мен мұғалім ғана қатысатын болса,қазір оған үшінші «тұлға»  қосылды-ақпараттық технологиялар немесе компьютер.Соның ішінде білімді алушы біреу-ақ-Оқушы.Оқудың тиімділігі тікелей оның ішкі және сыртқы дайындығына тәуелді.Бұл-мұғалімге де сын.

Осы тұрғыдан мұнда Қазақстан тарихы пәнінен білім беру «не үшін оқытамыз?» деген сауалға жауап алудан басталады. Содан кейін барып «оқушыны оқуға қалай үйретеміз?» деген мәселені шешуге байланысты болады. Егер бұрын мұғалімнің басты мақсаты оқушыға жүйеленіп, өңделген дайын материалды, ақпаратты жеткізу болса, қазіргі уақытта мұғалімнің де, оқушының да рөлі өзгерді. Бүгінгі мақсат оқушыға дайын ақпарат беру ғана емес, оқушылардың өздігінен оқып-үйренуі, өздігінен ізденуі, өзіне қажетті білімді табуы және ұтымды пайдалануы. Мұғалім мұнда оқушылардың пәнді өздігінен меңгеруіндегі сарапшы ретінде, оқу үрдісіне және оқушының жаңа материалды қабылдауына мүмкіндік жасауға көмектеседі. Оқушылар мұғалімнің басқаруынсыз өздігінен оқып-үйрену дағдыларын пайдалануға үйренеді. Оқушылар өздігінен оқып-үйрену, оқу материалын қабылдау дағдыларын дамыту арқылы «қалай оқуы керектігін үйренеді». Осындай оқытудың нәтижеге бағытталуы нәтижесінде оқушылар өмірге қажетті кең ауқымды дағдыларды, біліктіліктерді меңгеруге мүмкіндік алады.

Білім беру жүйесінің тарихына оралсақ, онда сауатсыздықты жою жолымен алғашқы ағартушулық жолын көреміз. Ең бастысы ата-бабамыз кітапты оқу   білімділік деңгейін көтеру және  халық өмірінің сапасын арттырудың неғұрлым маңызды көрсеткіштері деп таныған.Қазақстан тарихы пәнінен тестке дайындау кезінде баланың білімін ұштауда оқулықпен дайындық жасаудың маңызы зор.Оқыған сайын адамның санасы тазарып, ой өрісі кеңіп, көзі ашылады және сөзсіз адамгершілік пен жақсылық сәулесін бойына сіңіреді.Оқушы тарихи оқиғаны жүйелі оқып-білгенде ғана үлкен сынақта ішкі дайындық-өз күшіне,біліміне сенімділікпен,өзін-өзі жоғалтпай,ішкі сабырлылық пен сергектік танытады.Тарихи оқиғаның желісімен толық танысып алған оқушы қандай сында болсын жылдам бойын жинап,жігерленіп, санасы  «ұшып» тұруы,сезім-түйсігі  «жанып» тұруы сыннан табысты өтудің ең алғы шарты.Мен өз тәжірибемде ҰБТ-ға жаттанды сұрақ-жауаптардан құралған кітапшалар арқылы дайындық жасау үлкен жетістікке жету мүмкін еместігін көрдім,өйткені оқушылардың үлкен бір кемшілігі-өздігінен оқулықтар оқуға дағдыланбаған.

Мұғалім, оқушылардың сабақта және сабақтан тыс алған білімдерін пайдалана отырып, оларға осы мәселелер бойынша алғашқы жүйелі білім және түсініктер алуға көмектесуі тиіс. Алайда бұл идея тек қызықты фактілерді жүйесіз әңгімелеп берумен ашылмайды. Сабақта қайсыбір тарихи оқиға не құбылыстың басты кезеңдерін көрсететін материал сұрыпталып алынуы қажет. Сондықтан қазіргі сабақта оқушыларға материалды не ақпаратты дайын күйінде ұсынбай, оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, өзіне қажетті білімді іздестіруге, табуға, өз өмір тәжірибесінде пайдалануға көңіл аударғанымыз жөн. Оқушылар өздігінен «қалай оқу керектігіне үйренеді». Ұлттық бірыңғай тестілеу – оқушы білімін нақты бағалау негізі. Тестке ой қуаты қажет. Оқулықта өтілген тақырыптарды оқуда  біртіндеп өсіру үшін бала жеңіл немесе бірқалыпты оқымау керек, күннен-күнге, сабақтан-сабаққа оның ой-санасына түсетін білім салмағы біртіндеп артып отыруы міндетті. Білім салмағын бала бүкіл ағзасымен де, жан дүниесімен де сезініп жүруі тиіс.

Мұғалімнің қызметі:

  • проблема, ситуация тудыру арқылы оқушыға ой салу;
  • мақсатқа жету жолдарын көрсетеді, ұйымдастырады;
  • көмек нұсқау,т.б. дидактикалық материалдарменқамтамасыз ету;
  • топ жетекшілері, консультант оқушылар арқылы көмек ұйымдастырылады;
  • жеке оқушылар ойын жинақтап түйін түю әрекетін жасайды;
  • қойылған проблеманың өзі үшін құндылығының неде екендігіне көзін жеткізу;

Әдетте өтілген тақырыптар бойынша берілетін тест тапсырмаларында тек белгілі оқиғалар тестке енгізілген.Бұл оқушының тарихты танып-білуге кері әсерін тигізеді,сонымен қатар өзіне кездескен тест сұрақтарына жауап беру кезінде қиындыққа тап келеді.Егер оқушы тақырыпты жүйелі оқыса,маңызды фактілер мен идеяларды сұрыптап алып,тақырыптық тестке жауап беруде оқушы тарихи білімін тереңдңтң тусуге мүмкіндік алады.Кейінен ҰБТ-да кез-келген тақырып бойынша берілген сұраққа еш қиындықсыз нақты жауап береді.Міне әр мұғалім ҰБТ-ға дайындықты осындай жүйемен ұйымдастырса оқушы алған білімін өмірде пайдалануға дағдыланады,танымпаздық іс-әрекеті,ойлау белсенділігі,тапқырлығы артады,оқушының дербестігі,өз-өзіне сенімі қалыптасады және тест қорытындысы жоғары көрсеткіш көрсетеді.

Тапсырмалар жүйелі түрде біртіндеп қиындап барып, қайта жеңілдеп отыруы, яғни ырғақты оқу баланың жалпы қуатын арттырумен қатар оның жүйке жүйесін бекітеді, ой жұмысына шыдамдылыққа жаттықтырады. Тақырыпты оқытуда сан алуан оқыту әдіс-тәсілдерін: оқулық, құжат, қосымша материалдармен жұптасып және жеке өзіндік жұмыс жасау, бейнефильмдер мен электронды оқулықтардан үзінді пайдалану, проблемалық сұрақ-тапсырмалар қою, оны шешу, көркем әдебиеттен әсерлі үзінділер келтіру, оны талдау, түрлі таным белсенділігін арттыратын тапсырмаларды орындау, пікірсайыс өткізу, т.б. қолданған тиімді. Оқытудың сан алуан әдістері мен тәсілдерін шебер ұштастыру оқушылардың оқу материалын жақсы меңгеруіне, ой-өрісін кеңейтуге және есте сақтау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.Мұғалім алған білімдерін қорытындылап,

бекіту,жинақтау кезінде тақырыптық тест тапсырмаларын алу жұмыстарын  жүргізу оқытудағы тиімді әдіс.

Оқушының қызметі:

  • өз мақсатын айқындай отырып, проблеманы шешуге әрекеттенеді;
  • қойылған проблемаға өзіндік көзқара-сын қалыптастырады;
  • білімді терең, жете меңгеру үшін өзінің барлық іскер-лігін пайдалану;
  • өзгені тыңдай отырып, өз білімін толықтырады;
  • өз жауаптарының жоспар тезисін жасай,отырып,өз ойын мәнді жеткізуге тырысады;
  • қойылған проблеманың ақ-қарасын ажырата білу;

ҰБТ-ға дайындық кезінде өтілген тақырыптар бойынша оқушыға берілетін тест сұрақтары әдетте қайталанып келетін жаттанды сұрақтарға толы келеді.Оқушы өзінің тарихын танып-білуде бұндай сұрақтардың ешқандай маңызы жоқ.Сондықтан түсінген оқушылар  төмендегідей ой жинақтайды.Қазақстан Республикасы – Қазақстанда тұрақты тұратын адамдардың Отаны. Әр оқушы өзін ең алдымен өз халқының бөлшегі, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде сезінуі қажет. Елінің бүгінгі және ертеңгі болашағына, оның қандай болатынына жауапты және өзі өмір сүріп отырған қоғамды одан әрі жетілдіруге үлес қосуы тиіс. Олай болса, әрбір адамның тарихты, өз Отанының тарихын білуінің маңызы зор. Отан тарихы халқымыздың өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін және ертеңгі болашағын оқытып-үйретеді. Қолдарыңдағы Қазақстан тарихының құндылығы да сонда. Онда Отанымыздың күрделі тарихы, ұзақ жүріп өткен жолы, маңызды фактілері мен оқиғалары объективті, яғни ол қандай болса нақ сондай, алуан түрлі, тұтас күйінде баяндалған .

Сабақтарда түрлі тестер қолданамыз.Яғни тест дайындау,оған дайындалу және тапсыру мәселелерінде біраз тәжірибе жинақтап қалдық.Жалпы тест атаулының мәнісіне тереңірек үңіліп,оның қасиет-ерекшеліктерін парақтап,пайымдауға уақыттық өзі мүмкіндік бергендей.Тест деген аз уақытға сығымдалған көп білім.Тест тапсырмалары,оның қысқа уақытта өтуіне сай,жинақы да нақты болады.Яғни,тест тапсырмаларының өзіндік стилі немесе форматы бар.Оқушы тест стиліндегі сұрақтарға өте ширақ,жылдам жауап беруге бейімделуі тиіс.Оқушының осы мақсаттағы әрекеттерін реттеп айтсақ:

  1. Тарихи оқиғаның барысын өте сергек оқып,жылдам түсіну;
  2. Оқиғаға қатысты сұраққа барынша нақты әрі тез жауап беру;
  3. Күрделі сұрақтарға келгенде ой өткірлігі мен жігер көрсету;
  4. Берілген жауаптармен тиімді жұмыс жасай білу.
  5. Жауап парағын жылдам бояу.

Мұның  бәріне жүйелі түрде жаттығу қажет.

Қазақстан тарихы  пәнінен оқушының тақырыпты меңгергеннен кейінгі сол тақырып бойынша тест түрінде білімді тексерудің  ерекшеліктері:

  1. Оқушы өзін-өзі бақылайды, бағалайды, кемшіліктерін анықтайды.
  2. Сапалық көрсеткіштерде жақсы нәтижеге жеткізеді.
  3. Нәтижесі тікелей белгілі болады.
  4. Барлық оқушыға бірдей талап қойылады.
  5. Оқушылардың білім дәрежесі әділ бағаланады, әрі оқытушының өз пікірінше ғана бағалауына жол берілмейді.
  6. Оқушылардың білім деңгейін білу үшін оқылған материал тегіс қамтылады.
  7. Оқушы қалаған мамандығы бойынша оқуға түсуге тестілеу арқылы алдын ала дайын болады.

Кітап – халықтың мәдени игілігі.Оқулық – білім көзі, адал дос, көмекші, ақылшы. Ал,ұстаздар қауымы,оқушыларға оқулықпен жұмыс түрлерін жасата отырып,сол тақырып бойынша дайындалған тақырыптық тептпен жұмыс жасату арқылы жүйелі ҰБТ-ға дайындық жасап,қашанда үздіксіз білім бере алатынымызды жадымыздан шығармайық,Ел болашағы-білімді ұрпақ,жеке тұлға қалыптастыру-біздің ең басты мақсатымыз болсын!ҰБТ бізге,ал біз ҰБТ-ға қарай ұмтылайық!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту-білім сапасын көтеру құралы
Оқушыларды математика пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары.
Заманауи мектептің әдістемелік қызметіндегі инновациялық модель
Қоғамдық пәндерді оқытуда құзыреттілікті қалыптастыру
Биология пәнін оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары
Білім сапасын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында ШЖМ-де педагогикалық инновациялық технологияларды пайдалану
Математика сабағында деңгейлеп – саралап оқыту
ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ОРНЫ
uCoz - Новое письмо
Бөлім: Статьи / Ұстаздарға | Көрсетілім: 6414 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Ұстаздарға
Ата-аналарға
Біздің мектеп
Баяндама
Эссе
Оқушыларға
Конкурс ең үздік шығарма
Ең үздік шығарма конкурсына арналған. Шығармаларды осы жерде жазамыз