Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қышқылдардың құрамы, алу жолдары


Қышқылдардың құрамы, алу жолдары

Сабақтың тақырыбы Қышқылдардың  құрамы, алу жолдары


Сабақтың мақсаты. Оқушыларды жаңа қышқыл,  индикатор  ұғымдарымен, алыну әдістерімен  таныстыру.  Қышқыл  қалдығының  валеттілігін, қышқылдардың формулаларын құрастыра білу; қышқылдардың  формуласын  мен  аттарын  үйрету.
Білімділік: қышқылдарға сипаттама беру
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, іскерлікке, отансүйгіштікке, білім  деңгейін  өзі  бағалауға, әділ   болуға  тәрбиелеу. 
Дамытушылық: сұрақ –жауап, есеп шығарту арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту, ой – өрісін кеңейту, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекіліктер:Күкірт қышқылы, тұз қышқылы, фосфор қышқылы, азот қышқылы, т.б. мырыш, магний, сызбанұсқалар, кестелер.
Тірек білім мен біліктер: валеттілік, қышқыл,  оксид,  қышқыл қалдығының  валенттілігі,  валенттілігі бойынша  тұздарды жаза білу, негізгі  қышқылдарды атау. 
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасы  «Қызығушылықты ояту»
Сабақты әнгімелесу түрінде жүргізуге болады. Ол үшін  мұғалім мынадай сұрақтар қояды:
        1.Сендерге қандай жай заттар белгілі?
        2.Қандай күрделі заттармен таныстыңдар?
        3.Төмендегі  заттар қандай кластарға жатады?
Na2O, CaO, AL2O3, H2O, CO2
/Формулаларды мұғалім тактаға жазады./
         Сутегінің химиялық  қасиетін қайталау  мақсатында  төмендегі  тапсырмалаларды беруге болады.
1. Мына заттардың  қайсысымен  сутегі әрекеттеседі:
О2, Н2О, СІ2, СuО, СО2, РbО?
Рекция теңдеуін жаз,  реакцияның  қай типіне жатқызасыздар?
       2.Екі газ А және  В берілген.  А газы Б  газында жанғанда  бу пайда болады, оны суытқанда  түссіз сұйыққа айналады, осындай жағдай  А газы  қыздырылған  мыс оксиді /ІІ/ арқылы  өткізгенде  /жібергенде/ де болды. А және  Б  газдарын  тап. Жоғарыда  құбылыстарды  түсіндір, реакция  тендеулерін жаз. 
    Жаңа сабақ   Мұғалім мына қышқылдардың  НСІ, Н2S, Н2SО4,НNО3
формулаларын жазады. Бұл заттарды  оксидтерге жатқызуға  бола ма? Бұл қышқылдардың  құрамында қандай  ұқсастық бар?
        Қышқыл қалдығы  ұғымын  түсіну үшін  сутегі бөліну реакциясын  еске түсіру қажет. Мырыш тұз  қышқылымен әрекеттескенде  сутегі бөлінеді. Неліктен? Реакция теңдеуін бір оқушы  тақтаға жазып, реакция  нәтижесінде  түзілген  заттардың құрамын  түсіндіреді.  Оқушылар өздері қорытынды жасайды: металл қышқыл  құрамындағы  сутегін  ығыстырып  шығарады да, тұз түзеді. Тұз құрамына  металл және  қышқыл қалдығы кіреді. 
Қышқылдарды  қандай  қасиетіне  сүйеніп  жіктейміз?  Оқушылар өздерінің   тұжырымдарын айтады:  екі қасиетіне сүйеніп, қышқылдарды  екі топқа бөлеміз. Бірінші, сапалық  жағы, құрамында  оттегінің болу болмауы, екінші, сандық құрамы, қышқылдағы  сутегінің саны . 
Қышқыл құрамында сутектің бір атомы болса бірнегізді, екі атомы болса екінегізді, үш атомы болса үшнегізді болып бөлінеді.
Қышқыл құрамында оттек атомының болу немесе болмауына байланысты оттекті, оттексіз қышқылдар деп бөлінеді. Оттекті қышқылдардың дәстүрлі атаулары қышқыл түзуші элемент атымен байланысты шыққан. Мысалы, Н2SО4  күкірт қышқылы,  НNО3 азот қышқылы
Оттексіз қышқылдардың атауы, элемент атауына сутек сөзінен кейін қышқылы сөзін қосқанда шығады. Мысалы, НСІ тұз қышқылы немесе хлорсутек қышқылы.
ә/ Қышқылдардың оттек бойынша жіктелуін өрмекші әдісімен  көрсету

б/ Балық сүйегі  "Фишбоун"  әдісі  арқылы қышқылдардың сутекті жіктелуін талда 
Мұғалім  өзіндік жұмыс  ретінде   бірнеше   қышқылдардың  формуласын  жазуды тапсырады: тұз қышқылы, күкіртсутек қышқылы, күкіртті қышқылы, фосфор қышқылы, бромсутек қышқылы.
Қышқылдар дегеніміз – құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар. 
Қышқыл ерітінділерде түсін өзгертетін заттарды индикаторлар деп аталады. Қышқыл ерітіндісіне күлгін түсті лакмус салса,- -қызарады, сары түсті метилоранж –қызарады, фенолфталеиннің түсі өзгермейді. 
Қышқылдарды алу тәсілдері
Кейбір бейметалл оксидтерін суда еріту арқылы оттекті қышқылдар алуға болады:

Оттексіз қышқылдарды алу үшін хлор, бром, күкірт сияқты бейметалдарды тікелей сутекпен әрекеттестіреді:                 
Жаңа сабақты  бекіту  мақсатында  бірнеше  тапсырмалар орындатамыз.
         1.Төменде  көрсетілген заттардың  ішінен  қышқылдардың  формулаларын теріп  жаз,  қышқыл  қалдықтарының  астын сыз,  валенттілігін көрсет:
СиО, НNO3, Mg, H2SO4, HCI, K2SO4,H2O, NaOH, KCI.
          2. Берілген  қышқылдардың, қышқыл  қалдығының  валенттілігін   табындар:
HNO3, H2SO3, HBr, H3PO4, H2CO3, KCI,H2SO4.
2. Қышқылдар дегеніміз не ?
3. Индикаторлар дегеніміз не ? олардың қышқылдарға әсері қандай?
Проблемалық жағдай.
“Үшінші артықты табыңыз”. 
1) НСІ          1) НСІ         1) Н2SО3
2) Н2SО4      2) Н2SО3     2) Н2СО3
3) НNО3       3) Н2S         3) Н3РО4 
Мына берілген қышқылдарды кестеге орналастырыңыз:
          І-топ.        НСІ, Н2S, Н3РО4
           ІІ-топ.       НВr, Н2SО4, Н3ВО3  
          ІІІ-топ.      Н2СО3, НF, Н2SіО3 
Бірнегізді Екінегізді Үшнегізді Оттекті Оттексіз 

         Деңгейлік тапсырмалар
 А- деңгей
Формулалар ішінен қышқылдарды теріп жаз.
HCL, NaCL, HNO3, SO2, K2O, H2SO4
  Ca3(PO4)2 , AL2O3, Cu(OH)2, H3PO4, HF, H2S 
 В-деңгей
Тұз қышқылының металмен, негізбен әрекеттесу реакция теңдеулерін жаз.
 С-деңгей
 6,7 г алюминий күкірт қышқылымен әрекеттескенде неше литр (қ.ж) сутек газы бөлінетінін есепте.
Үйге тапсырма.  §33  6,7 –жаттығулар


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Құрамында қоспасы бар бастапқы зат пен реакция өнімі бойынша есептер
Азот оксидтері. Азот қышқылы
НЕГІЗДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ, АЛЫНУЫ, ҚАСИЕТТЕРІ
Тұздар,химиялық құрамы және химиялық қасиеттері.
Азот қышқылы және оның тұздары
Негіздердің жіктелуі, алынуы, қасиеттері, қолданылуы
Азот қышқылы
Оксидтердің химиялық қасиеттері. Қолданылуы
Құрамы. Алу жолдары
Қышқылдар, олардың жіктелуі және қасиеттері
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 9542 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык