Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жж. көтерілісі


Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жж. көтерілісі

Сабақтың тақырыбы: Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз  қазақтарының  1783-1797 жж. көтерілісі                                  

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Сырым Датұлы басқарған  ұлт-азаттық  көтерілістің шығу себебі ,барысы,маңызы,нәтижесі туралы әңгімелеу.   
Тәрбиелік мәні:Қазақ тарихындағы осы оқиғаны пайдалана  отырып, оқушыларды патриоттыққа, елжандылыққа, саяси сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ой  қозғау арқылы оқушылардың есте сақтау, ойлау,қабілетін дамыту алған  білімдерін қажетіне сай пайдалана білуіне үйрету.
Сабақтың  түрі: Сатылай  комплексті талдау  технологиясы.
Сабақтың әдісі: Баяндау ,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Қазақстан  картасы, тірек- сызбалар, суреттер,Венн диаграммасы.
Сабақтың  барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
3.Жаңа сабақты түсіндіру.
4.Жаңа сабақты бекіту
5.Қорытынды бағалау.
6.Үйге тапсырма.
Үй тапсырмасын  сұрау.Қазақтардың 1773-1775жж.Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы.(Сыныптың жалпы дайындығын тексеру.)
1.Е.И.Пугачев бастаған көтерілістің  шығуына не себеп болды?
2.Кіші және Орта жүз қазақтарының көтеріліске қатысуы?
3.1775ж.7 қарашада патша үкіметінің жарлығы бойынша қазақ шаруалары қай өңірде көшіп-қонуға рұқсат алды?
Жаңа сабақ:(Слайдтың  көмегімен  төмендегідей тірек сызбалар арқылы  көрсетіледі.)
Сабақтың жоспары:
1.С.Датұлы басқарған  көтерілістің алғышарттары.
2.Көтерілістің басты мақсаты.
3Көтерілістің қайта басталуы.
4.Көтерілістің жеңілуі, тарихи маңызы, нәтижесі.
Көтерілістің  басшысы Сырым Датұлы 1742-1802 жылдар аралығында өмір сүрген.Зерттеулерге  қарағанда Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданында дүниеге келген. Қазақ халқының өте тапқыр ,көрнекті шешендердің бірі.Сырым Датұлы Ресей патшасының,оның осы өңірдегі хандары мен сұлтандарының қарапайым халыққа көрсетіп отырған озбырлығына наразы болды.Орынбор генерал-губернаторына жазған бір хатында «Сіздертүрлі әдіспен қолға  түсірген ноғай, башқұрт халықтары секілді бізді де езбекші екендеріңіз белгілі». Сондықтан  да мен патша үкіметімен, хан-сұлтандарға наразы шаруаларды төңірегіме топтастырдым.Салық бермесін, ханға сенбесін, сұлтандарға ермесін халық өзін-өзі қорғасын деген  ұранмен патша
Үкіметіне қарсы шықтым.
 
Көтерілістің  алғышарттары:
.
 
 
 
                                                                                        Кіші  жүздегі хандық биліктің  әлсіреуі 
 
Сұлтандардың  патша үкіметіне қарсылығы.
 
Патша үкіметінің  Қазақ  жерін  отарлауы.
 
Кіші және Орта жүздердің  Уфа басқармасына бағындырылуы
 
Жер мәселесі.
 
1782ж.27 желтоқсандағы Жаңа жарлық  бойынша 
 
1. Қазақ  жерінің  қазақтарға  жалға  берілуіне тыйым салу.
2. Жалға  алынған  жер үшін  қазақтар ақы  төлеумен қатар аманат 
қалдыруға  тиіс болды.
 
Көтерілістің  басты мақсаты:
 
Орал казак әскерінің  қазақ жерін  басып  алуын тоқтату.
Нұралы ханның ашық түрде патша  үкіметін  қолдауы.
Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді  пайдалану жүйесін қалпына келтіру.
 
 
1785ж.Патша үкіметінің  көтерілісті басуы:
 1785ж.17 ақпанда Смирнов басқарған топ қазақ ауылдарын талқандады.
 
                     1785ж.17 наурызда Колпаковтың басшылығымен Адай, Беріш руларына ___________қысым жасалды.
 
1785ж Назаров  басқарған  Орал  казактары  Табын руына шабуылдады.           
 
Нұралы ханның патша үкіметін ашық  қолдағаны үшін...
 
1785жылы тақтан түсті.
1786жылы Уфаға жер аударылды.
1790жылы сонда  дүние салды.
 
 
 
Кіші жүздегі  Қазақ шаруалары көтерілісі кезіндегі  басты оқиғалар:
 
 
1782ж.27желтоқсанда жаңа жарлықтың пайда болуы.
 
1783ж.Орал  казак әскері  арасындағы  күрес.
 
1785ж.Смирнов, Колпаков, Назаров басқарған  топ қазақ  ауылдарын  талқандады.
 
1785ж.Кіші  жүз старшындарының  Нұралы ханды тақтан тайдыру туралы   шешімі қабылданды.
 
1790ж.21 қазан мен 5 қараша императрица 2Екатерина бейбіт ауылдардың тыныштығын алмау туралы нұсқау шығарды.
 
1797ж.Қаратайдың  қуғынынан құтылу үшін С.Датұлы Хиуа  тағына өтіп кетті.
1802ж.Хиуа жерінде дүние салды.
 
1801ж.патша үкіметі Жайық  жағалауына өтуге  рұқсат берді.
 
Көтерілістің  жеңілу себептері:
 
 
 
 
Көтерілістің  нашар  ұйымдастырылуы.
 
Қару-жарақтың  аздығы.
 
Көтерілісшілердің әр кезеңде мақсаттарының  өзгеруі.
 
1.Патша  үкіметіне қарсы күресті тоқтатып, отарлауға қарсылық  көрсетпеу.
2.Қазақ  руларының  басын біріктіріп, патша үкіметіне қарсы күресу.
 
Көтерілістің  нәтижесі:
 
1801жылы патша үкіметі қазақ  руларына Жайықтың   оң жағасына өтуге ,мал жаюға рұқсат берді.
Жаңа сабақты  бекіту Қазақтардың  1773-1775жж.Е.И.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі мен  Сырым  Датұлы  басқарған  1783-1797жж. көтерілісті  салыстыру.(Венн диаграмасы.)
 
 
Е.И.Пугачев бастаған  шаруалар  көтерілісі.
 
Орыс-қазақ  шаруалары  бірікті.
 
С.Датұлы бастаған көтерілістің   шығуын тездетті.
 
Көтерілістің басты  қозғаушы күші  қарапайым  шаруалар.
ОРТАҚ  БЕЛГІСІ.
 
 
Отарлық  езгінің күшеюіне қарсы.
 
Қазақ  жерінде патша  үкіметінің  әскери  бекіністерді көптеп салуы.
 
НӘТИЖЕСІ:Еділ, Каспий, Ертіс, Жайық өзендерінің бойында көшіп қонуға    рұқсат алды.
СЫРЫМ  ДАТҰЛЫ   басқарған көтеріліс.
 
 
 
Қазақ  өлкесіндегі  ең  ұзақ   көтеріліс   болып,14 жылға созылды.
 
Елдің шығысындағы  ірі халықтық   сипат алды.
 
Ресей  империясына қарсы ашық  күрес жариялады.
 
Қорытынды:
Бағалау: Сабақта белсенділік танытқан  оқушыларды  мадақтап,бағалау.
Үйге тапсырма:  Сырым  Датұлы  туралы  реферат  жазу

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақтардың Пучачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
ХІХ ғасырдың 50- 70 жылдарындағы және ХХ ғасырдың басындағы ұлт- азаттық көтеріліс
Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы
1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі
Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер
ХІХ ғ. І жартысы ұлт- азаттық көтерілістер
ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар
«1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс»
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 5933 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык