Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қосжарнақтылар класы. Раушангүлділер және бұршақ тұқымдастар


Қосжарнақтылар класы. Раушангүлділер және бұршақ тұқымдастар

Сабақтың тақырыбы:   §27.Қосжарнақтылар класы. Раушангүлділер және бұршақ тұқымдастар

Мақсаты:
1)білімділік: оқушыларды раушан, бұршақ тұқымдасының ерекшеліктерімен таныстыру. Тұқымдастың алуан түрлілігі мен маңызын көрсету. 
2)дамытушылық: оқушылардың интеллектуалдық қабілетін, білімі мен білік дағдысын дамыту, шығармашылық деңгейін тапсырмалар арқылы оқушының биологиялық білімге деген қызығушылығын арттыру.
3)тәрбиелік: оқушыларға раушан, бұршақ тұқымдасының табиғат пен адам өміріндегі маңызын мысалдармен түсіндіріп, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі – иллюстративті
Көрнекіліктері: кеппешөптер, суреттер, сызба-нұсқа, презентация
                    Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. 
       а) ұжымдық әрекет
       б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
     Лездемелік сұрақтар
1. Құлқайыргүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер қандай болады ?
2. Олардың қаншаға жуық түрлері бар?
3. Қазақстанның қай жерлерінде таралған
4. Құлқайыргүлділер тұқымдасының гүлдері ?
5. Құлқайыргүлділер тұқымдасының ең маңыздысы
6. Мақтаның биіктігі қанша ?
7. Бізде өсірілетін мақта неше жылдық?
8. “Шит” деген не ?
9. Мақтаның қанша түрлі бұтағы болады?
10. Көсек деген не ?
11. Мақта тұқымында қанша пайыз май болады?
12. Мақтадан мол түсім алу үшін қандай температура қажет ?
13. Құлқайыргүлділердің медицинада қолданылатыны
14. Қай түрі бөлмеде өсіріледі?
15. Мақта өнімінен қандай өнімдер алынады?
ІІІ.Жаңа тақырып:
     Ғаламшарымызда раушангүлділердің 3000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Республикамызда олардың 35 түрі өседі: мойыл, шетен, алмұрт, алма ағаштар және т. б. Раушан, итмұрын - бұталы өсімдіктер. Шыршай, теңгежапырақ, қойбүлдірген - көпжылдық шөптекті өсімдіктер.
    Сабағы.Қарабүлдірген, итмұрын, долана, раушанның сабақтарында тікенектері болады. Тікенексіз түрлері де өте көп.
    Раушангүлділердің жапырақтары барлығында бірдей емес. Жай жапырақтылары: алма, алмұрт, долана, шие, өрік және т. б. ағаштарында болады. Күрделі жапырақтар (үшқұлақты) бүлдірген, құлпынай, таңқурай; қауырсын тәрізді күрделі: итмұрын, шетен, қараған; саусақ салалы күрделі: жатаған қазтабан және т. б. кездеседі.
   Раушангүлділер - ағаш, бұта, көпжылдық шөптекті, гүлдері қосжынысты, қосжарнақты өсімдіктер тобы. Бұлардың сирек те болса дара жыныстылары (біржыныстылары) кездеседі. Раушангүлділердің дентинніңгүлшоғырлары алуан түрлі. Гүлсеріктері қосқабатты, 5 тостағанша жапырақшадан және 5 күлтеден тұрады. Олардың 4 тостағанша жапырақшалары да (түзу қазтабан) бар. Аталықтары өте көп, кей түрінде (теңгежапырақ) 4-8-9, ұзынды-қысқалы болып шеңберлене орналасады. Аналықтары біреу (шие, шабдалы) немесе өте көп (таңқурай, бүлдірген) болады. Оларды ұзын тұмсықты бунақденелілер тозаңдандырады. Ал жемістері құстар, жарқанаттар және су арқылы таралады.
Жемісі. Раушангүлділердің жемістері де алуан түрлі. Құрғақ жемісті (шыршай, теңгежапырақ), шырынды жемісті (алма, шие) және т. б. Мойылдың, шиенің жемістері - сүйекті-шырынды. Таңқурай жемісі көпсүйекті болып келеді. Мұндай жеміс гүлтабанға бірігіп өскен қарама сүйекті ұсақ жемісшелерден түзіледі. Құлпынай мен итмұрын жемістері қарама (көп)жаңғақшалы құрғақ жеміске жатады, тек гүлтабандары ғана шырынды болады. Тұқымдарында эндосперм болмайды, кей түрінде эндоспермнің қалдығы байқалады.
Бұршақ тұқымдастар
 Бұлар да - қосжарнақты өсімдіктер. Бұршақ тұқымдастардың 12000 түрі бар деп есептеледі. Оның 650-ге жуық түрі Қазақстанда өседі. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің маңызды ерекшелігі - тамыр түкшелері арқылы бос азотты сіңіреді. Түйнек бактерияларының әрекеттен тамыр жасушалары бөлініп, жасушалар саны артады. Сөйтіп тамырда түйнекшелер пайда болады. Өсімдік тіршілігін жойғанда топырақ азотты заттарға кенеледі. Бұл түйнекшелер өсімдікке де, топыраққа да пайдалы. Мұны селбесіп тіршілік ету дейді. Астық тұқымдастардан кейінгі ең көп таралған ағаш, бұта, шала бұталы, шөптекті өсімдіктер тобы.
Жапырағы қауырсын тәрізді немесе саусақ салалы күрделі жапырақты, кейде жай жапырақты болып келеді. Жапырақтарында бөбешік жапырақ болады.
Гүлдері- орташа мөлшерлі немесе ұсақ. Ұсақ гүлдері шоғырбас, шатыршагүл, шашақ гүлшоғырына жиналады. Гүлі біріккен бес тостаған жапырақшалар, 5 күлтежапырақшадан құралады. Күлтенің құрылысына қарай әр түрлі атаулары да бар. Ең ірі күлтежапырақша - «желкен», күлтенің екі бүйіріндегі 2 күлтежапырақша - «ескек» деп аталады. Ал төменгі тұтасып өскен екеуі - «қайықша». Қайықшаның ішінде 1 аналық бар, оны 10 аталық қоршап тұрады. Аталықтар қоршаған аналық түбіне тірне жинақталады. Бұршақ тұқымдастардың көпшілігінде 9 аталық жіпшелерімен бірігіп, біреуі бос қалады 
Жемісі құрғақ - бұршаққап. Піскенде екі жақтауының тігісінен қақырай, тұқымдары шашылады.
Қолданылуы.Құрамында нәруыздық заттар көп болғандықтан, тағамға (асбұршақ, үрмебұршақ, соя, жасымық), мал азығына пайдаланылады. Сарыбөрібұршақ, беде, ақбас түйежоңышқа, сиыржоңышқа, жантақ - пайдалы мал азығы. Жержаңғақ, нұт та тағамдық өсімдіктер. Жалаң қызыл мия медицинада жөтелге қарсы дәрі ретінде белгілі. Кассия (сана) деген түрі іш босататын дәрі ретінде пайдаланылады. Бұршақ тұқымдастардың сәндік түрлері де (қарадан), улысы да (тентекмия) бар.
ІV.Сабақты бекіту.
1-тапсырма : Раушангүлділерге жататын өсімдіктерде түзілетін жемістің атауларын ірікте
1) көпжаңғақшалы құрғақ;  2) бүлдірген 
3) қауашақ;   4) көпсүйекті; 5)шырынды
  6)сүйекті-шырынды 7) тұқымша
            Жемістер

  2-тапсырма :
Берілген тізімнен бұршақ тұқымдастарға жататын өсімдіктерді іріктеп, белгіле. Қандай мақсатта пайдаланылатындығын көрсететін сандарды (1-тағамға, 2-мал азығына, 3-сәндік үшін, 4-медицинада) сол өсімдіктің атауының қасына жаз.
    Рауғаш - ........................
   Сары қараған - ............
   Жантақ - .......................
   Жоңышқа - ...................
   Асбұршақ - ...................
  Жатаған өызыл мия-..............
V.Үйге тапсырма. §27. Оқу, сұрақтарға жауап беру


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жемістер
Астық тұқымдастар-бағалы азықтық өсімдіктер
Шырынды және құрғақ жемістермен танысу
Қосжарнақтылар класындағы өсімдіктерге жалпы шолу
Қосжарнақтылар класы. Раушангүлділер және бұршақ тұқымдастар
Құртқашаштар тұқымдасы, лалагүлділер тұқымдасы
Қосжарнақтылар класы. Көкнәр, алабота тұқымдастары
Қос жарнақтылар класы. Раушан гүлдер тұқымдасы. Бұршақ тұқымдастар
Астық тұқымдастар – бағалы азықтық өсімдіктер
Астық тұқымдастар – бағалы азықтық өсімдіктер
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 7081 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык