Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Кәсіби қызмет түрлері. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптегі кәсіби қызмет


Кәсіби қызмет түрлері. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптегі кәсіби қызмет

Сабақтың тақырыбы: Кәсіби қызмет түрлері. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптегі кәсіби қызмет

Білімділік:

Оқушыларға тамақ және жеңіл өнеркәсіп, оның түрлері  жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың тамақ  және жеңіл өнеркәсіптердегі кәсіби қызмет түрлері жайлы білімдерін жүйеге келтіре отырып, іскерліктерін, дағдыларын қалыптастыру.  
Тәрбиелік: Оқушыларды кәсіби қызмет түрлерін дұрыс таңдай білуге, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сөздік, көрнекілік, практикалық, тест сұрақтары.
Сабақтың көрнекілігі: Тақтамен  жұмыс, қабырға газеттері, таратпа материалдары. 
Пән аралық байланыс: Тарих, сызу
Сабақтың құрылымы:

I. Ұйымдастыру кезеңі-2 мин.
II. Өткен сабақты қайталау-5мин.
III. Жаңа сабақ-10мин.
IV. Сарамандық жұмыс-17 мин.
V. Сабақты бекіту-5 мин.
VI. Қорытындылау-3 мин.
VII. Үйге тапсырма, бағалау-3 мин
Сабақ барысы:
I. Сәлеметсіздер ме, оқушылар? Отырыңыздар.  Сыныпта бүгін кім кезекші? Сабақта кім жоқ? (Оқушыларды түгендеу).
II. Үйге қандай тапсырма берілді? Үйге   берген тапсырмаларын сұрау, тексеру.
III. Оқушылар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Тамақ және жеңіл өнеркәсіптердегі кәсіби қызмет түрлері». 
Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың шикізат, отын, энергия өндірумен, ағаш өнімдерін дайындаумен, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық шикізатын өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарына өңдеумен (қайта өңдеумен) айналысатын кәсіпорындарды (зауыттарды, фабрикаларды, кеніштерді, шахталарды, электр стансаларын, т.б.) біріктіретін аса маңызды саласы.
Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды.
Көптеген «тамақ өнеркәсіптері» көлемі үлкен, қымбат құрал-жабдықтар пайдаланады.
                   Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. 
                   Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор шикізат                          
                   және тұтыну. Материалды көп қажет ететін салаларында 
                   дайын       өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен.
                   Шикізат факторының әсерін көрсететін нақты мысалға - қант                       
                   өнеркәсібі (Алматы, Жамбыл) географиясын жатқызуға болады. 
IV.                                    Тамақ өнеркәсібі


Нан пісіру көптеген елді мекендерде бар. Кондитер, макарон            өнімдері өндірісінің де кеңістікте таралу «бейнесі» осыған ұксайды. Ең ірі кондитер өндірісі - Алматы мен Қостанайда, шай - Алматыда, макарон енімдері - Петропавл қаласында орналасқан.
Тамақ индустриясының бірқатар салалары шикізатқа да, тұтынушыға да бағытталып жұмыс істейді.
                Жеңіл өнеркәсіптің мақсаты - тұрғындарды әдемі, әр алуан, 
                  ең бастысы тиімді — жоғары сапалы киіммен және аяқ киіммен  
                  қамтамасыз ету.


Жеңіл өнеркәсіп (кей жағдайда болмаса) - материалдан  гөрі  еңбекті көп қажет ететін, экологиялық жағынан «таза» және көбінесе «әйелдер» қызметінің саласы.
Жеңіл өнеркәсіптегі басты сала - мата тоқу саласы. Негізінен ауыл шаруашылық өнімдерін пайдалана отырып, ол мақта, жүн, зығыр, жібек маталары мен тоқыма өнімдерін, киіз шығарады.

Жеңіл өнеркәсіптің «кез келген жерде орналаса беретін саласы» тігін өнеркәсібі.
V. Жалпы, бүгін біз сіздермен тамақ және жеңіл өнеркәсіп түрлерімен таныстық.                  
  Тамақ өнеркәсібі

VI. Сабағымызды қорытындылай келе бүгінгі өткен сабақ бойынша  сұрақтар қоямын.
1) Өнеркәсіп дегеніміз не?
2) Өнеркәсіптің түрлерін атаңыз?
3) Жеңіл өнеркәсіпке не жатады?
4) Тамақ өнеркәсібі немен байланысты?
5) Тігін өнеркәсібі қай салаға жатады?
VII. Үйге тапсырма: Жазған материалды оқу, құрал-жабдық алып келу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Машина жасау кешеніне тақырыптық тест сұрақтары
Қазақстан шаруашылығына жалпы сипаттама
Молдова Халқы
Тамақ өнеркәсібі
Орталық Қазақстан шаруашылық географиясы
Отын энергетикалық кешен. Кешеннің ерекшелігі мен маңызы. Мұнай және газ өнеркәсібі
Жеңіл өнеркәсіп және ұлттық қолөнер
СИРИЯ
ИСЛАНДИЯ
Кәсіби қызметтерге сипаттама жасау
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 6609 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык