Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Паркетті төсеуге қажет мастиктер


Паркетті төсеуге қажет мастиктер

Сабақтың тақырыбы: Паркетті төсеуге қажет мастиктер

Мақсаты: оқушыларға едендік жабындар туралы түсінік бере отырып, онымен жұмыс істеу жолдарын түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың едендік жабындар туралы білімдерін, қызығушылығын, еркін сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды жинақылыққа, шеберлікке, шығармашылыққа тәрбиелеу;

Түрі: жаңа білім қалыптастыру;

Көрнекілігі: Линолеум,қыш тақташалар.

Сабақтың барысы:

Мастика – мастика жағылғаннан кейін еденді сүртіп, жылтырату керек. Мастика кепкеннен кейін 20-30 минут өткен соң еденді еденсүрткішпен немесееденді сүртіп жылтыратуға арналған қылшақпен сүрту керек. 1м2 еденге 10-15 грамм мастика қажет. 

Жалтырағыш эмульсия - жалтырағыш эмульсияны еденге жаққаннан кейін оны жалтыратып сүртудің қажеті болмайды.Эмульсияны бірінші сулы шүберекпен сүртіп, еденге жағу керек. Эмульсияның жылтырауын күшейту үшін оны еденге арасына 30 минут салып, 2-3рет жағу керек.

Еден тазартқыш - арнаулы тазартқыштарды қолданбас бұрын ыдыстың ішіндегісін шайқап араластыру керек. Содан кейін оны жылы сумен сұйылтып, эмульсияға айналғанша араластырады.Дайын болған эмульсияны еденге жағып, оны 5 минут өткен соңқатты қылшақпен немесе жөкемен сүртеді.

Жуу-жалтырату – еденді кірден тазартуға, сондай – ақ еденнің жылтырауын қалпына келтіруге арналған арнаулы қоспалар бар. Бұларды мастика ретінде кез – келген еденге пайдалануға болады. Ол кепкеннен кейінеден бетінде жұқа қорғаныш қабат пайда болады.Бұл еденге жалтыраған өң береді. Еден мен іргелік бастырғыдағы саңылауларды арнайы пастамен бітеуге болады. 

Сырлау бұйымдары – еденсүрткішті паркет, линолеум төселген және сырланған еденді механикалық түрде сүртуге пайдаланады. Электрлі еденсүрткіш еденді электр қозғалтқыштың әсерінен айналатын қылшақпен сүртеді. Қазіргі кездегі еденсүрткіштер құрылымында сүрткіш қылшақтан шыққан шаңды қоса, сорып алу мүмкіншілігі де қарастырылған. Яғни еденсүрткіштер шаңсорғыштың да қызметін атқарады. 

Жаңа білім бекіту сұрақтары:

Мастиканы қалай пайдаланады?

Едендік жабындардың негізгі функцияларын ата?

Ламинат төсеудің неше кезеңі бар?

Еден күтуге қандай заттар жатады?

Линолеумді қалай тазалауға болады?

Үйге тапсырма:

§23. Едендік жабындармен жұмыс істеу; 91 – 95 беттер


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Еденге паркеттің төсеу
Паркет жұмыстарының құрал-жабдықтары
Паркеттің күтімі үшін суда ерігіш немесе скипидар мастиктерді әзірлеу технологиясы
Жаңа паркетті төсеу және ламинациялау технологиясы
Ағаш немесе бетон үстіне паркет төсеу. Паркетті «шырша» әдісімен шегелеу
СТД -120 станогінде ағаштан есік тұтқаларын дайындау
Әр түрлі едеңдерді төсеу әдістері. Линолиум
Пәтер жөндеу барысында қажет болатын материалдарды жинау, әрі үйлестіру технологиясы
Пластикалық түтіктерді утюг құралы арқылы бір-біріне қосу және біріктіру жұмыстары
Сырлау, еден, паркеттерді және линолеумдарды жөндеу жұмыстары
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 1174 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык