Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ойлы болсаң, озып көр


Ойлы болсаң, озып көр

Тақырыбы: «Ойлы болсаң, озып  көр»

Мақсаты:оқушылардың  бойынан  логикалық  ойлау шеберлігін,  тапқырлықты,  шешендік қасиеттерді,  шығармашылық  қабілеттерді   көре білу  және оны байқау.
Білімділік:   оқушыларды  қазіргі  заман  талабына  сай  терең  білім алуға  ынталандыру.
Дамытушылық:  жас ұрпақтың  ұлттық сана – сезімін, ойлау қабілеттерін  дамыту.
Тәрбиелілік:   ана тілін  сүйетін,  болашаққа үлесін қоса  білетін  білімді,  ізденімпаз  ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі:   сұрақтар жинағы,  слайдтар.
Ұйымдастыру.   Психологиялық  дайындық.
«Ақыл  озбайды, білім тозбайды»  демекші,  қазақ халқы ежелден  бәйгені жарыс арқылы жеңіп алған.  Бұрын жаяу  жарыс, өгіз жарыс,  құнан, тай жарыспен  жеңіп алса, біз бүгін  ХХІ ғасырда  ғылым мен  техниканың дамыған  заманында  білімізбен жарыспақшымыз.
Мұғалім:    Мәңгі  бақи есте қалар,
                       Қызықты  бір  ойын  болсын.
                        Білімдірек шәкірт   озар,
                        Сұрақтары қиын болсын! -  дей келе, біз бүгін  алты айналым бойынша  жарысқа түсеміз.
1 -  айналым.   «Кім  жүйрік?»
1. Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігін  қашан  жариялады?  
 (16 -желтоқсан, 1991 жыл)
2. Астана қаласы қай өзен бойында орналасқан?    (Есіл)
3. Қазақтың ұлттық  аспабын  ата     (домбыра)
4. Қазақтың тұңғыш ғарышкері  кім  және ол қашан  ұшты?   ( Тоқтар Әубәкіров, 2 – қазан  1991 жыл)
5. Бір аптада неше күн бар?   ( 7 күн)
6. Басты байлық не?  (денсаулық)
7. Жыл басы не?      (тышқан)
8. Мемлекетіздің  рәміздерін ата.  (Әнұран, Ту, Елтаңба)
9. Орман  дәрігері  атанған   құс?  (Тоқылдақ)
10. Кемпірқоссақтың   неше  түсі  бар?   (жеті)
11. «Кел, балалар,  оқуылық»  өлеңнің   авторы.  ( Ы. Алтынсарин)
12.Алмас  пен  Алмат   ағалы – інілі.  Олардың  әрқайсысының  қарындастары   бар.  Жанұяда  неше бала?   ( 3 )
13.  2 кг ет  2 сағатта  піссе  4 кг  ет неше  сағатта  піседі?   (2 сағ)
14. Шанаға  қосарланып  жегілген  үш  ат  30 км  жүрді.  Әр  ат қанша  км  жүрді?   (30 км)
15. Төрт  түйеқұс  ұшып  келе  жатты. Аңшы  олардың   бірін  атып алды. Нешеуі қалды?   (түйеқұс  ұшпайды)
 2 – айналым.   «Тапқырлық»   
  Берілген  мақалдың жалғасын  табу.
1. Білекті бірді   жығады,  ........  (білімді  мыңды жығады)
2. Әдептіліктің  белгісі............   (иіліп сәлем  бергені)
3. Оқусыз білім жоқ,  ........    (білімсіз күнің жоқ)
4. Оқу  -  инемен ........  ( құдық қазғандай)
 
       3 – айналым.    «Тіл өнері»
           Жұмбақтың шешуін екі тілде айту.
1. Өзі сондай ақ,    жесең  тәтті – ақ.       (қант – сахар)
2. Қыс бойына  жатады,    тәтті ұйқыға батады.     (аю – медведь)
3. Жазу жазып  жалықпаған,  жаза – жаза арықтаған.   (бор – мел)
4. Өзі  таудың бөктерінде  өседі,  жаңа жылда үй төріне көшеді.   (шырша – елка)
 
4 – айналым.  «Жорға»
   Пәндер бойынша сұрақ – жауап.  Ұяшықтағы сандарды таңдау арқылы  сұрақтарға жауап беру.
1. Қазақ тілі.
10 – сөйлем  айтылу  мақсатына қарай  нешеге  бөлінеді?
20 – дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
30 – л, м, н, ң, р, й, (у)  қандай дыбыстар?
40 -  мәтін дегеніміз не?  Мәтіннің қандай түрлері бар?
2. Математика.
10 -  ұзындық бірліктерін ата
20 -  сыйымдылық  бірлігі қалай  аталады?  Бұл  бірлікпен  қандай  заттарды             өлшейміз?
30 -  10 ондықта  неше   жүздік бар?
40 -  тіктөртбұрыш пен  шаршының   айырмасы  қандай?
3. Әдебиеттік   оқу.
10 -  әр адамның  шағын отаны?  
20 – қазақтың үш биін   ата.
30 – оқулықтағы  «Сыншы  бала»  аңызында  бала нені сынайды?  (әңгімеле)
40 -  Отан, туған жер  туралы   мақал – мәтел  айт.
4. Дүниетану.
10 – судың неше күйі бар?
20 -  өсімдік мүшелерін ата.
30 -  көкжиек тұстарын  қандай құралмен  анықтаймыз?
40 -  көкжиек тұстарын   ата.
5 -  айналым.    «Ұшқыр   ой»
 Сөзден  сөз  жасау.
«Қазақстан»,    «желтоқсан».
 
6 – айналым.  «Мәре»
Әдеби – шығармашылық    диктант.  Мәтін  мазмұнын  суретпен  бейнелеу.
Жаңа жыл өте көңілді  мереке.  Біздің  мектепте  жаңа жылға дайындалып жатыр.  Шыршаға  ойыншықтар, жұлдызша,  жалауша  ілдік.  Аяз ата  балаларға  сыйлық  әкелді. Балалар   биледі.  Қызық ойындар ойнады.  Ақшақар  маған ұнады.
Қорытынды.   Әділ қазылар   алты айналым  бойынша  жеңіске жеткен оқушыларды  жариялап,  марапаттау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жұлдызды сәт
Тапқыр болсаң,талас жоқ.
Тапқыр болсаң,талас жоқ
ЕЛІМ МЕНІҢ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ САЙЫС
Білімнің бастауы –бастауыш
Кім жүйрік ойға — сол алда.
Кім жүйрік ойға — сол алда
Интелектуалдық ойын-2015
Жұлдызды сәт
Қызықты қазақ тілі әлемі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2838 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык