Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тұрақты тіркестер


Тұрақты тіркестер

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер

Сабақтың  мақсаты:
1. Тұрақты тіркестердің жасалу жолын, олардың мағыналарын түсіндіру
2.Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
3.Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.
 Сабақтың түрі:Аралас сабақ
 Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап ,түсіндіру,әңгімелеу
 Сабақтың көрнекілігі:Тірек сызба ,интерактивті тақта             
Сабақтың барысы: 
І Ұйымдастыру кезеңі 
Cабақтың айдары – Іздеген жетер мұратқа
Сабағымыз 8 бөлімнен тұрады
1. Қайталау –оқу анасы .
2. Жаңа сабақ құпиясы.
3. Кітап досың ақылшың.
4. Ой толғау.
5. Тапқыр болсаң,тауып көр
6. Сен –маған, мен –саған .
7. Келісіп пішкен тон,келте болмас.
8. Сауатты болу –мақсатым  
9. Қоржындағы сарқыт
10.Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда
 ІІ Үй тапсырмасын пысықтау
1.Қайталау –оқу анасы
ІІІ Жаңа сабақ
2.Жаңа сабақ құпиясы
Сөзжұмбақ шешу
Тірек сызба арқылы сабақты түсіндіру
3. Кітап досың, ақылшың
Ішіне ;сыртына кітапта берілген сөздердің ішінен тұрақты тіркестерді бір бөлек,еркін тіркестерді бір бөлек көшіріп жазу
ІV Сабақты меңгерту
4.Ой толғау. 
Ішіне тұрақты тіркестерді қатыстырып шағын эссе жазу
Р-оқушы
А- досы
Ф- хат 
Т- кешірім сұрау
 
.5.Тапқыр болсаң, тауып көр.
Тұрақты тіркестерде қандай қате жіберілген тап
Жерден алты қоян тапқандай -  
Ешкі аузынан шөп алмас-
Екі аяғын екі етікке тығу-
Жаңа жараның аузын ашу-
Жегені жүрегінен шықты-
6. Сен –маған, мен –саған .
Екі оқушы кезектесіп антоним,синоним болатын тұрақты тіркестерді айтады.
Синонимдер
1.Ит арқасы қиянда 
   Ит өлген жерде
2.Ай десе аузы,күн десе көзі бар
    Үріп ауызға салғандай
Антонимдер
1. Су жүрек
    Жүрек жұтқан
2. Төбесі көкке жету
    Су сепкендей басылу
3.Ит өлген жерде
   Мұрнының ұшында
 
7. Келісіп пішкен тон, келте болмас.
І топ Ребус 
ІІ топ Адасқан әріптер
V Сабақты қорыту
8.Сауатты болу –мақсатым 
Мұғалім тұрақты тіркестерді айтады, оқушылар дәптерге оның беретін мағыналарын жазады.
Біреудің ала жібін аттамау, қой аузынан шөп алмас, көзді ашып-жұмғанша, аузына құм құйылды, зәресі кетті, ит өлген жер, он саусағынан өнер тамған, сөзіне құлақ аспау, санын соғып қалу.
VІ Үйге тапсырма
9. Қоржындағы сарқыт
Фразиологизмдер сөздігінен 10 тұрақты сөз тіркесін жазып келу
VІІ Бағалау
10.Жүйріктен жүйрік озар, шабысқанда

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Диалект сөздер
Термин сөздер
Көнерген сөздер
Көп мағыналы сөздер
Синоним сөздер
Антоним сөздер
Қысқарған сөздер
Кәсіби сөздер
Түбір мен қосымша
Жай сөйлем түрлері
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 2683 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык