Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сөз құрамын қайталау. Түбір мен қосымшаның жазылуы


Сөз құрамын қайталау. Түбір мен қосымшаның жазылуы

Сабақтың тақырыбы: Сөз құрамын қайталау. Түбір мен қосымшаның жазылуы

Мақсаты:
 * Оқушылардың  сөз және оның құрамы туралы түсініктерін қайталай отырып нығайту.Сөздерді сөз құрамына дұрыс талдауға, жұрнақ және жалғау қосымшаларын дұрыс ажырата білуге дағдыландыру.Түбiр мен қосымшаның жазылу заңдылықтарын қайталау. Түбiр сөзден қосымшаны айыра отырып, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру;.
* Оқушылардың  сөздік қорын, ой-өрісін, тілін дамыту. есте сақтау , түбір мен қосымшаны айыра білу дағдыларын дамыту. Оқушының білім сапасын арттыру мақсатында  әртүрлі  тапсырмалар орындату. (топпен, жұппен, жеке жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, үлгерімі төмен  оқушылармен жұмыс-тапсырмалар)
*Оқушыларды  дұрыс оқып,сауатты , көркем жаза білуге, еркін сөйлеуге  тәрбиелеу. Әр түрлі тапсырмалар мен ойын жаттығулары арқылы оқушылардың  құзыреттілігін, шығармашылығын арттыру. Оқушыларды мәдениетті қарым-қатынасқа, әдептілікке тәрбиелеу. Қыс мезгілінің қызығын ойындар мен тапсырмалар арқылы сезіне білу.  
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының кейбір элементтері, «Жұп болып оқу», «Еркін жазу» , «Венн диаграмма», «Топтастыру» стратегиялары. «Ішіне – сыртына» стратегиясы, 101 оқыту техникасынан өрмекші сызбасы, 
Көрнекілігі: Интерактивті тақта (слайд), үлестірмелі қағаздар,суреттер, кестелер ..т.б
Сабақтың түрі: заманауи , аралас сабақ
Сабақтың типі: алған білімдерін нығайта түсу.
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу,әдебиеттік оқу, дүниетану, музыка.
   Сабақтың барысы: 
1.Ұйымдастыру 
2.Психологиялық дайындық . («Қар атысу» ойыны арқылы)
Ұйымдастыру кезеңі мен оқушылардың психологиялық дайындығына «Қар атысу» ойыны арқылы достық шеңберге жинадық. 
Апталық «Қыс қызығы» тақырыбында болғандықтан оқушылар қыс мезгілінің ерекшелігін, қысқы қызықты ойындар туралы, қыс туралы халық болжамдарынан айту арқылы «Қар атысу» ойынын ойнады.
Міне, осылай оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы да оянды.
Оқушыларды орнына отырғызғаннан кейін «Ой қозғау» стратегиясы бойынша өткен сабаққа шолу мақсатымен және бүгінгі сабаққа кіріспе болу үшін ертегі арқылы (слайдта көрсетілген) оқушыларға әңгімелей отырып, өткен сабақтан игерген ережелерін пысықтап, қайталап  өттік. 
1) Ертегі тыңдай отырып,  осы ертегі арқылы Сөз құрамын қайталаймыз.
- Ерте, ерте, ертеде бір Түбір деген шалдың Қосымша деген баласы болыпты. Қосымшаның соңынан ерген екі ұлы болыпты. Олардың біреуі – Жұрнақ, ал екіншісінің аты – Жалғау екен. Жалғау жүрген жерінде сөзбен сөзді байланыстырса, Жұрнақ болса, жүрген жерінде жаңа сөздер жасап жүреді екен.
2)- Балалар, осы ертегіден түсінгеніміз бойынша «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша ережелерді ауызша қайталап өтейік .
- Түбiр сөз дегенiмiз не?
-Жұрнақ дегеніміз не?
-Жалғау дегеніміз не?
- Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
- Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
Көркем жазу. (әр сабақтағы әдетіміз бойынша)
Бүгінгі күнді және үлгі бойынша  боран, жапалақтап, ақша қар  сөздерін дәптерге жазу.
Ары қарай бүгін біз топқа бөлініп отырғандықтан топпен, жұппен, жеке жұмыс істейтінімізді, әр түрлі тапсырмалар орындау барысында өз білімімізді тиянақтай отырып, нығайта түсетінімізді түсіндіріп, әр тапсырма әр түрлі  фишкалар арқылы бағаланатынын және білімімізді бағалау парақшаларында белгілеп отыратынымызды түсіндіру.
Тапсырмалар.
 1)Жұппен жұмыс.
Суреттер   таңдалып алынады. Топтағы оқушылар екі-екіден жұптасады да, «Жұп болып оқу, жұп болып талқылау» стратегиясы бойынша жұмыс істейді.Аққаланың жазған сөздерін  жұппен оқып талқылап, «Ішіне – сыртына» стратегиясы бойынша  бөліп жаз.
 
Қыс, қарлы, боранды, аяз, аққала, сырғанақ.
Ішіне      сыртына
түбір сөз қосымшалы сөз
---------   --------------
---------   --------------
---------   --------------
 
Бұл тапсырма СТО технологиясының  «Ішіне – сыртына» стратегиясы бойынша орындалды.
2)Топпен жұмыс.
Топтық тапсырма. Әр топқа жеке – жеке тапсырма беріледі.
І топ. Түбір сөзге тиісті қосымшаны қосып жаз.
Қонақ ----- (-ы,-і)  ----------------------
әділдік ----- (-ы,-і)  -----------------------
денсаулық -----(-ы,-і)  -----------------------
жиек -----(-ы,-і)  -----------------------
ІІ топ. Берілген түбір сөзден бірнеше туынды сөздер жасап жаз.
Оқу, кітап, өнер
---------------------
----------------------
-----------------------
ІІІ топ. Сызба бойынша сөздер тауып жаз.
Түбір + жұрнақ
Түбір +жұрнақ + жалғау
 
 
Әр топ басшысы қорытынды жасайды.
Сергіту сәті.  (денсаулық технологиясына сай  сазды әуенмен оқушылар билеу арқылы демалды)
Оқулықпен жұмыс.(11бет 2-жаттығу)
3)«Еркін жазу немесе өзім үшін жазу» стратегиясын пайдаланып, 
2-жаттығудағы сөйлемдерді көркем, сауатты  көшіріп жазу. Сөз құрамына талдау. (әр топ 2 сөйлемнен көшіріп жазып, сөз құрамына талдайды.)
Бұл тапсырма да СТО технологиясының  «Еркін жазу немесе өзім үшін жазу» стратегиясы бойынша орындалды.
     Келесі тапсырма деңгейлік тапсырмалар жеке жұмыс ретінде өздігінен орындалды. Бұл тапсырмалар оқушылардың білім деңгейіне сай әр оқушыға жеке тапсырма ретінде берілді. 
4) Жеке жұмыс. (деңгейлік тапсырмалар)
1-деңгей (жоғарғы деңгей) 
Шығармашылық тапсырма.  « Мен қандаймын?»
 (дарынды оқушылармен жұмыс)
Сабақтан мен   .....................
Жаман бала       ...........................
Жақсылармен   ...........................
Айтқан серттен  ........................
Үлкендерді      ...................
Айтқандарын  ..........................
Көмектесем     .......................
Көріңдер, мен    ..................
2-деңгей. (жақсы оқитын оқушыларға)
Тиісті сөздерді орнына қой.
                                     №1
Еңбексүйгіш............,
Ерте шығып............. .          (құмырсқа,   жұмысқа)
Жазда астық...........,
Толтырады ас.......... .                  (тасиды, үйді)
Қыстай тыныш........,
Рақатқа............. .                         (жатады, батады)
 
3-деңгей. (үлгерімі төмен оқушыларға)
Сәйкестендіру тестін пайдалану
Сый                   -гіш
жұмыс              -лі
біл                    -шы
өнер                  -қыш
ұш                     -лық
Жеке тапсырмадан кейін тағы да бір сергіту сәті өткізілді. Бастауыш сынып оқушыларының тез шаршайтынын ескере отырып, орындалды.
Сергіту сәті.  (денсаулық технологиясына сай  сазды әуенмен оқушылар билеу арқылы демалды)
Сабақты қорытындылау.   «Венн диаграмма», «Кластер» , «Өрмекші сызбасы» стратегияларын қолдану арқылы сабақты қорытындылау.  Венн диаграмма жасау.
               Сөз құрамы
жұрнақ        ортақ          жалғау
 
«Өрмекші» сызбасы арқылы тұрлаулы мүшелердің   анықтамасын ұсыну.
Сабақты қорытындылау мақсатында 3 топқа әртүрлі тапсырмалар беріліп, оқушылар топпен жұмыс жасай отырып, бүгінгі сабақты қорытындылады. Және топпен өздерінің сызбаларын қорғап шықты.
Үйге тапсырма: 12бет. 5-жаттығу. (сабақта басталған ертегіні ары қарай өз ойларымен жалғастырып, аяқтап келу)
Бағалау: Фишкалар және бағалау парағы арқылы сабақты бағалау. (жинаған фишкалары мен бағалау парақшаға қойылған бағалар арқылы оқушылар бағаланды және сабаққа белсенділік көрсетіп, жақсы қатысқан оқушылар мұғалім тарапынан мадақталды)

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Түбір мен қосымшаның жазылуы. ( к, қ, п )
Түбір мен қосымша
Жалғау
Сөз құрамын қайталау. Түбір мен қосымшаның жазылуы
Қосымша түрлері. Жұрнақ
Түбір сөз және туынды сөз
Сөз құрамы туралы берілген білімді еске түсіру
Түбірлес сөздер
Жұрнақ пен жалғау
Қазақ тілінен тест
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 4916 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык