Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ахмет Иассауи хикметтері


Ахмет Иассауи хикметтері

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Иассауи хикметтері

Сабақтың мақсаты. 
1.Білімділік: Оқушыларды Ахмет Иассауи шығармашылығын таныстыру     
2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру , балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
 3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,тарихымызды қадірлеуге тәрбиелеу
 Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар,  т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасуОқушыларды түгелдеу
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау Жаттау сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау.
  Қожа Ахмет Ясауи (1093-1166) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер.өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі аталас туысы болып келетін Арыстанбаб болды. Ол өмірден қайтқаннан кейін Ахмет 17 жасында Йасы қаласына келеді. Дәл осы кезден бастап араб, шағатай, парсы, түркі тілдерінде өлеңдер жаза бастайды. Шығыс поэзиясы мен әдебиетіне ден қойды. Кейін Бұхара қаласында Жүсіп Хамаданидің діни медресесінде оқыды. Оны тәмәмдаған соң сопылық жолдың біраз ащы-тұщысын татып, көптеген қалаларды аралап, туған шаһары Түркістанға қайтып оралады да, Арыстанбаб қалап кеткен  дәстүрді жалғастырды. Осында ол ислам дүниесі кең таныған кемеңгерге айналды. Ал 63 жасынан бастап қалған өмірін жер астында, яғни қылуетте өткізді. Бұны Ахмет «Пайғамбар жасына жеттім. Маған одан артықтың қажеті жоқ», - деп түсіндіреді. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған. 
ІV. Cабақты меңгерту 
Өлеңдерін мәнерлеп оқу өлең құрылысына талдау 
V. Сабақты қорытындылау.  
 VІ. Үйге тапсырма беру        Жаттау
 VІІ. Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Оғыз қаған жыры
Оғыз қаған жыры
Ислам дәуіріндегі әдебиет
Әл-Фараби өлеңдері
Әл-Фарабидің лирикалық өлеңдері
Жүсіп Баласағұни
Махмұт Қашқари өмірі мен шығармашылығы
Сәйф- Сараи өмірі мен шығармашылығы
Поэма талдау
«Даналық кітабындағы» сопылық хикметтер
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 3759 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык