Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұлы Отан соғысының басталуы


Ұлы Отан соғысының басталуы

Сабақтың тақырыбы Ұлы Отан соғысының басталуы

Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: оқушыларға Ұлы Отан соғысы жайлы мағлұмат беру, Қазақстандағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жағдай, жеңіске қосқан Қазақстандықтардың үлесі жайлы және Ұлы жеңістің тарихи маңызы туралы білім алуға көмектесу.
• Дамытушылық: тақырыпты меңгерте отырып Ұлы жеңіс жайлы білімдерін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру, нақты мәліметтерді қабылдау дағдыларын қалыптастыру. 
• Тәрбиелік: жеңістің маңызын түсіндіру арқылы Отанға деген сүйішпеншілік сезіміне, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз елінің тарихына қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу, т.б.
 Көрнекілік: соғыс туралы картиналар, КСРО батырларының суреттері, бұрынғы КСРО және Еуропа картасы.
Сабақтың барысы:   I. Ұйымдастыру кезеңі.
                       II. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақты қайталау мақсатында және оқушылардың білімін тексеру үшін төмендегідей сұрақтар қоямын.
1. «Сауатсыздықты жою» дегенді қалай түсінесің?
2.  20-30-жылдары халық ағарту ісінде қандай өзгерістер жүзеге асты?
3.  Қазақстандағы ғылымның дамуы қандай дәрежеде еді?
4.  Қазақстанда 20-30-жылдары ғылым, білім, мәдениеттің дамуына қандай кедергілер әсер етті?
5.  Қазақстанда өнер саласында қандай жетістіктерге қол жетті?
6.  20-30-жылдардағы мәдени құрылыстың дамуы қандай дәрежеде болды деп ойлайсың?
Осы сұрақтарға жауап алғаннан кейін үйге берілген сөзжұмбақтарды тексеріп шығып бағалаймын.
Бұдан әрі   үй тапсырмасына берілген өткен тақырыпты қорытындылаймын.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады.  Оқушыларға сабақтың негізгі мақсаттарын айтып беремін.
Сабакты төмендегідей жоспар бойынша түсіндіремін:
1.  Фашистік Германияның соғыс жоспары.
2.  Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
    Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?
Оқушылардың берген жауабын толықтыра отырып,   жаңа сабақты түсіндіруге кірісемін.
Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдар аралығында болды.
Еуропада орналасқан Германияда 1933 жылы ұлтшыл-фашистік тәртіп орнады. Жетекшісі Адольф Гитлер болды. 1939 жылы фашистік Германия әлемге иелік ету мақсатында соғыс бастады. 1939 жылы 1 қыркүйекте Польша жеріне басып кірді. 1941 жылы Германия Еуропаның көптеген елдерін басып алды. Енді тек оған қарсы шығатын КСРО ғана қалды. Фашистік Германия КСРО-ны 3-4 ай-дың ішінде басып алу жоспарын жасады. Ол жоспар «Барбаросса» деп аталды.
1941 жылы 22 маусымда неміс өскерлері КСРО шека-расына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды.
Мәтінді оқушыларға оқыта отырып талдатамын.
Қазақстан халқы да Отан қорғау ісіне алғашқы күндерден бастап өз үлестерін қосты. Қазақстан халқының бестен бірі майданға аттанды.
Ең алдымен Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру жүргізілді. Көптеген өнеркәсіптер соғысқа қажетті заттар шығаратын кәсіпорын етіліп қайта құрылды. Сонымен қатар майдан өңірі болып саналатын Ресей, Украина, Белоруссиядан көптеген кәсіпорындар Қазақстанға көшірілді. Ондай кәсіпорындардың саны 220-ға жетті.
Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін негізгі базаға айналды. Майданда қолданылған барлық оқтың 90%-ы Қазақстан жерінде өндірілген қорғасыннан жасалды. Қазақстан жерінде яғни тылда негізінен кәрі адамдар, әйелдер және балалар жұмыс істеді.
  Мәтінді оқытып оқушылармен бірге талдаймыз.
Бұдан кейін  КСРО және Еуропа картасын пайдалана отырып, тақырыпты толықтырып шығамын. Картаға оқушыларды шығарып, олардың білімдерін тексеремін.
Қорытынды кезең:
Сабақты қорытындылау үшін   карточкалық тапсырмаларды пайдаланамын.
1.  «Барбаросса» жоспарының мәні неде?
2.  Фашистік Германияның мақсаты.
3.  Қазақстан майданды негізгі қамтамасыз етуші.
4.  Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру.
5.  Тыл еңбегі жайында не білеміз?
6.  Қазақстан - майдан арсеналы дегенді қалай түсінесің?
Аталған тапсырмаларға жауап ала отырып   Ұлы Отан соғысы жайлы оқушылардың пікірін, көзкарасын білемін. Онда негізінен проблемалық сұрақтар қоямын. Сонымен қатар оқушылар білімін КСРО және Еуропа картасын пайдалана отырып емінөн. Соңында  бүгінгі тақырыпқа шолу жасап картаны пайдалана отырып сабақты қорытындылаймын.
Бағалау:
Үй тапсырмасы:
1. 49-параграфты оқу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Ұлы Отан соғысындағы Қазақстанның рөлі
Екінші дүние жүзілік соғыс
Германияның КСРО-ға шабуылы және Тынық мұхит соғысы
Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан
Қазақстандықтар Ленинград және Мәскеу үшін шайқастарда
Ұлы жеңіске қосылған үлес
Тың игеру
Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында
Ұлы жеңіске қосылған үлес
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 7717 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык