Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі


Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі

Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерілісі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:1783-1797 жылдардағы көтерілістің негізгі алғышарттары,себеп- тері,мақсаты,көтеріліс барысы және жеңілу себептерімен таныстыра отырып,осы көтерілістің дамуына Сырым Датұлының тигізген ықпалын ашып көрсету.
Дамытушылық: Өткен сабақтағы материалмен байланыстыраотырып,дерек
тердің ерекшелігі мен айырмашылығын,ұқсастығын айыра білуге баулу, пәнге деген қызығушылығын ояту  және ой-өрісін дамыту. 
Тәрбиелік : Өздігінен іс-әрекетті қалыптастыра отырып,туған жерге деген
сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық қасиеттерді үлгі ету,ерлікке, батылдыққа тәрбиелеу.
Тірек ұғым : Қазақтардың ұлт-азаттық күресіне Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің ықпалын көрсету.
Сабақтың түрі: Жаңа танымдық сабақ .
Сабақтың әдісі : Әңгімелеу,салыстыру, талдау
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта. Қазақстан картасы,тақырыпқа қатысты тарихи тұлғалар портреті,
Пәнаралық байланыс : Әдебиет, математика, география
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі-2 мин.
      а) Сәлемдесу;
б) Сабаққа даярлығын байқау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру -7мин.
а) Сұрақтар:
*Қазақтардың 1773-1775ж.ж. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына не себеп болды?
*Орта Жүз қазақтары бұл соғысқа қалай қатысты,оның ерекшелігі неде?
*Кіші Жүз феодалдарының қолдауына соншама үміттенген Е.Пугачев кімге үндеу жолдады? Оның үндеу жолдаудағы мақсаты қандай еді?
*Көтерілістің жеңілу себебі неде ?
б ) «Тапқыр болсаң тауып көр»
Өрнектің мәнін табу арқылы  Сібір шебінде орналасқан үкімет әскерінің санын білеміз: 
( 750-345)+(816:4)-409
ІІІ. Жаңа сабақты меңгертуге дайындық- «Ой түрткі салу»
 
О
 
-Отар ел деп басқа елге толықтай тәуелді, бағынышты елді айтады.
 
Ұлт-азаттық қозғалыс ұғымы:
-Отарлық тәуелділіктегі халықтардың жатжұрттық езгіге қарсы жалпыұлттық күресі.
-Отар елдерге тән табиғи құбылыс,ол көп халық қатысқан қарулы қарсылық.
 
 
-Ұлтты отарлық езгіден азат ету,оның ұлтық  мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін,тәуелсіздігін қалпына келтіру.    
IV. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі:
1.Көтерілістің алғышарттары мен себептері
2.Көтерілістің  басты мақсаты
3.Көтерілістің жетекшісі және қозғаушы күштері
4.Көтерілістің сипаттамасы
5. Көтерілістің жеңілу себептері
6. Көтерілістің тарихи маңызы
Топтастыру кестесі:
 
1.Көтерілістің алғышарттары:
-Патша үкіметінің  қазақ жерін отарлауы
-Сұлтандардың патша үкіметіне қарсылығы
-1782 ж. патша Жарлығы бойынша:
 1.Қазақ жерінің қазақтарға берілуіне тиым салу.
2.Жалға алынған жер үшін ақы төлеумен қатар аманат қалдыруға тиіс болды
-Кіші Жүздегі хандық биліктің әлсіреуі.
2.Көтерілістің басты мақсаты:
-Бұрыннан қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.
-Орал казак әскерлерінің қазақтың жерлерін тартып алуын тоқтату.
-Нұралы ханның патша үкіметін ашық түрде қолдауға көшуі.
3.Көтерілістің жетекшісі және қозғаушы күштері:
-Сырым Датұлы;
-Қарапайым қазақ шаруалары,
-Билер, Батырлар
4.Көтерілістің сипаттамасы:
-1783 ж.көтерілісшілер мен Орал казак әскерінің арасындағы күрес
-1785 ж. Смирнов,Колпаков,Назаров басқарған әскерлер қазақ ауылдарын тонады
-1785 ж. Кіші Жүз старшындарының Нұралы ханды тақтан түсіру туралы шешім қабылдауы.
-1797 ж. Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа
жағына өтіп кетті.
-1802 ж. Хиуа жерінде қаза тапты.
5.Көтерілістің жеңілу себептері:
-С.Датұлы бірден екі күшке қарсы күрес жүргізгені.
-Көтерілістің нашар ұйымдастырылуы
-Көтерілісшілердің әр кезеңде мақсаттарының өзгеруі
Руаралық қайшылықтар.
-Қару жарақтың аздығы.
6.Көтерілістің тарихи маңызы:
-Қазақ жеріндегі ең ұзаққа ,14жылға созылған отарлық езгіге қарсы көтеріліс.
-Патша үкіметін қазақтармен санасуға мәжбүр етті.
-1801 ж. Патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге. мал жаюға рұқсат етті.
V.Жаңа сабақты бекіту:
С.Датұлы бастаған             Ортақ белгілері          Е.Пугачев бастаған 
Көтеріліс                                                                       көтеріліс
 
 
С.Датұлы бастаған көтеріліс:
*Ресей отаршылдығына қарсы ашық күрес жүргізілді.
*Қазақ жеріндегі ең ұзаққа созылған көтеріліс
*Қазақ елінің батысындағы ірі халықтық  бас көтеру.
Е.Пугачев бастаған көтеріліс:
*Орыс-қазақ шаруалары бірікті.
*Көтерілістің қозғаушы күші –қарапайым шаруалар.
*С.Датұлы бастаған қазақ шаруаларының көтерілісінің шығуын тездетті.
Ортақ белгілері:
*Отарлық езгінің күшеюіне қарсы.
*Қазақ жерінде патша әскерінің бекіністерінің көптеп салынуы.
*Нәтижесі: Патша үкіметі қазақтарға Жайық өзені бойында көшуге, мал жаюға рұқсат етті.
Тарихи сынақ хат:
С.Датұлы Кіші жүздің он екі ата--------------бірлестігінің---------------руынан шыққан. ------ жылы көтерілісшілер хан ордасына шабуыл жасап,-----------------
ханды өлтірді.С.Датұлы бастаған көтерілістен кейін патша үкіметі ----------- мен ---------------- аралығында  мал жаюға рұхсат етті. ------жылы Жайық өзенінің оң жағалауында -----------------------------------құрылды.
VI. Қорыту:
-Қазіргі кездегі Сырым:  -Батыс Қазақстанда  Сырым ауданы бар,
                                               - Орал қаласында, аудан орталығында Сырым       
Датұлына ескерткіш орнатылған.
    -Орал қаласында мұражай бар.
VII.Бағалау:
Үй тапсырмасы

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақтардың Пучачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы
ХІХ ғасырдың 50- 70 жылдарындағы және ХХ ғасырдың басындағы ұлт- азаттық көтеріліс
Сырым Датұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы
1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
ХІХ ғ. І жартысы ұлт- азаттық көтерілістер
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Ресей отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар
Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының 1783-1797 жж. көтерілісі
«1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс»
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 4300 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык