Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазіргі кездегі бағдарламалық жасақтамалар


Қазіргі кездегі бағдарламалық жасақтамалар

Қазіргі кездегі бағдарламалық жасақтамалар

Сабақтың тақырыбы: Қазіргі кездегі бағдарламалық жасақтамалар

Сабақтың мақсаттары:

а) білімдік: Бағдарламалардың түрлерімен және операциондық жүйелермен таныстыру

ә) тәрбиелік: Оқушыларды  өз бетімен жұмыс істеуге және уақытты ұнемдеуге тәрбиелеу

б) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін және логикасын, зейіндік қабілеттерін дамыту

Сабақтың түрі:  аралас сабақ

Сабақта қолданылатын құрал: Оқулық, компьютер

Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру  

Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақты бекіту

Үйге тапсырма беру

Жаңа сабақ

Қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз ету.

Бағдарламалық қамтамасыз ету(БҚ) – компьютерде ақпаратты автоматтандырып өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар жиынтығы. Бағдарлама мақсаты мен жүзеге асыратын қызметтеріне қарай екіге бөлінеді: БҚ-ның жүйелік және қолданбалы .

Жүйелік БҚ компьютердің міндет атқаруы мен оған қызмет көрсетуін, сондай-ақ жаңа бағдарламалар жасау процесінде автоматтандыру қамтамасыз етеді.

Жүйелік БҚ-ға:

  • операциялық жүйелер мен олардың пайдалану интерфейсі;
  • бағдарламалау жүйелері;
  • техникалық қызмет көрсету бағдарламалар жатады.

Операциондық жүйе – бағдарламалардың ұйымдық жиынтығы,  олардың мақсаты - компьютердің жұмысын басқару. ОЖ –нің бұл бөлігі ақпараттарды енгізудің, сақтаудың, өңдеу мен құжаттаудың кейбір әмбебап құралдары ретінде компьютердің қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.

Бағдарлау жүйесі – БҚ-ның бір бөлігі, оны пайдалана отырып бағдарламалар жасалады. Бағдарламалау жүйелерінің мақсаты – бағдарламалау тілдерінде жазылған бағдарламалардың бастапқы мәтіндерін жасау процесін оңайлату, компьбтер атқаратын бағдарламаларға түрлендіру.  Бұл жүйеге әр түрлі тілдеріндегі таратқыштар жатады.

техникалық қызмет көрсету бағдарламалары компьютердің, дискілердің және басқаларының жұмыс қабілетін бақылаудың, анықтау мен қалпына келтірудің бағдарламалық құралдары болып саналады.

Қолданбалы БҚ пайдалану міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді.  Қолданбалы бағдарламалардың пакеті(дестесі)/ҚБД/  белгілі бір тақырып немесе пән бойынша міндеттер ауқымын шешуге арналған бағдарламалар жиынтығы. Оның түрлері: жалпы мақсаттағы; әдістемелік-бағдарлау; проблемалық-бағдарлау.

Жалпы мақсаттағы ҚБД тобы: Мәтіндік процессолар(М: MS Word), кестелік  процессолар(MS Excel), деректер базасын басқару(MS Access), серпінді тұсаукесерлер(MS PowerPoint), графикалық процессолар(Corel Draw), баспа жүйелері, ықпалдасқан жүйелер, жобалау автоматтандыру жүйелері, сараптау жүйелері.

Әдістемелік-бағдарлау ҚБД: математикалық; желілік жаспарлау мен басқарудың; жаппай қызмет көрсету теориясының; экономикалық-математикалық әдістерін жүзеге асыру.

Проблемалық-бағдарлау ҚБД нақты мәселе саласындағы белгілі бір міндеттерді шешуге бағытталған. Олар: банктік, бухгалтерлік, қаржы, құқықтық.

Қолданбалы БҚ сервистік қызметтің құралдары, олар пайдаланушыға қолайлы жұмыс ортасын ұйымдастыру үшін, қосымша қызметтерді орындау үшін қызмет атқарады.

Пайдаланушының интерфейсі аппараттық және бағдарламалық құралдармен қамтамасыз етіледі. Интерфейстің аппараттық бөлігі экран, пернетақта, тышқан.

Пайдаланушының жалпы интерфейсі компьютерге командалар берудің стандартты әдісін, қосымшалар мен инструменттердің бірдей құрылымын анықтайды.

Интерфейстің графикалық берілуі принципі түске байланысты.

Операциондық жүйелер және оларды дамыту және оның түрлері.

Операциондық жүйе – пайдаланушыға компьютердің қолайлылығын туғызу және оның ресурстарын ұтымды басқару кезінде пайдаланудың  тиімділігін арттыруды орындайтын бағдарламалардың жиынтығы.

Ықтимал(виртуальды) машина – нақты компьютердің бағдарламалық-аппараттық құралдарымен үлгіленетін, берілген пішіндемесі бар, ойға алған компьютердің қызметтік баламасы.

Пайдаланушының жұмысты логикалық деңгейде жүзеге асыратын ықтимал машина. Компьютердің  ресурстары: процессорлар, жад, дискілік жинақтауыш, желілік коммуникациялық құралдар, принтерлер және басқа құралдар.

Қазіргі заманда ОЖ-ге қойылатын талаптар: сыйымдылық, көшірушілік, сенімділік мен бас тартуға төзімділігі, қауіпсіздік, ұлғайтылымдығы. өнімділік.

  1. Сабаты бекіту
  2. Жүйелік программалық жабдықтамаға не жатады?
  3. ОЖ қызметтері қандай?
  4. ОЖ дамуына не себепші болды?
  5. Желілік программалық жабдықтамаға не жатады?
  6. Утилиталар қандай операцияларға арналған?
  7. Қандай программалық жабдықтама қолданбалы деп аталады?
  8. Қандай программалар типтік қолданбалы программалық жабдықтамаларға жатады?
  1. Бағалау  
  2. Үйге тапсырма   1 тарау. 1.1.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Оқу үрдісінде мультимедиа технологияларын қолдану"
Операциялық жүйенің жіктелуі және функциялары
Компьютердің программалық жабдығы
Ақпарат және информатика
Информатика пәнінен 5 сыныпқа арналған билет сұрақтары
Берілген мәтін үзіндісіндегі ақпарт көлемін бағалау» Компьютер деген не? Программалық жабдықтамалар. Ақпаратты компьютерде сақтау
ДК. Компьютердің құрылымы. ЖБ. Компьютер
Компьютердің көмегімен хабарларды қабылдау және беру. Жергілікті желі
ОЖ туралы түсінік. ОЖ түрлері
Архивтеу. Антивирустар. Архивтеу программалары
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 8531 | Қосты: Жунисбекова Булбул Каскатайовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык