Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Білімді ұрпақ-ел тірегі.


Білімді ұрпақ-ел тірегі.

  Білімді ұрпақ-ел тірегі.

Сайыстың мақсаты: Қазақстан елі бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру.Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру.Туған жерін, Отанын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.

Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет» Ш.Уәлиханов.

Көрнекіліктері: слайдтар, кинофильм, күй дискілері.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка.

Сайыстың жүру барысы:

Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымы, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар, білім нәрін игерген оқушылар!

            ТәуелсіздікалыпкелгеноңөзгерістердебілімсаласындағыТәуелсіздіктіңеңбастыжетістігі – еркіндікөмірдегібарлықтабыстартәуелсіздіктіңнәтижесі.

            23жылтолыпотырғаншақтамектебіміздің7–6 сыныпоқушыларыарасынанұйымдастырылған « Білімдіұрпақ-елтірегі »

атты сайысты бастауға рұқсат етіңіздер!

            Санғасырлартарихынанкешегі,

            Туғанжердіңшежіресіөседі.

            Меніңелім – Қазақстан, Отаным,

            Болашағыбізбенбіргеөседі, -

дей келе,  XXI ғасырдың таланты, дарынды жастары ойыншыларымызды шақырамыз (командалар залға келеді).

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сал әділдікті шеше біл.

өнер,білім, өнеге тұнған дарын,

өнерліге өз басым таң қаламын.

өнерді әділдікпен бағалайтын,

таныстырайын әділқазы алқаларын .

 1/Құрмангожина А.С

2/Итжанова С.Е

Тәуелсіздік -11 әріптен құралған,

Сан ғасырлар бар қазаққа  боп  арман.

Талай дара, даналардың көз жасы

           Қаныменен атты таң боп бізге алдан.

1 кезең        Таныстыру  

 Тәуелсіздік-елімнің шамшырағы,

Тәуелсіздік-халқымның бәйге пырағы.

Тұрақты болсын,қуатты болсын әрқашан

Шырағы мен пырағының тұрағы.

2 кезең Топтастыру

Қазақстан қандай мемлекет? сын есіммен  айтып сипатта / көрікті, әдемі, кең, бай, көпұлтты//

Қай топ  Біздің мемлекетімізге байланысты біріккен сөздер, қысқарған сөздер, қос сөздер көп жазады /күрделі сөздер/

 ар-ождан, әнұран, елорда , ақорда , елтаңба, елтану  , елбасы, елұран, ұрансөз, бәйтерек, БҰҰ,ТМД,

3/ мемлекетімізді сан есіммен  айтып сипатта/

 

 

                         демократиялы                                       зайырлы                                          

 

 

                        құқықты                                                    көпұлтты

 

 

                         әлеуметті                                           біртұтас

 

ән : 6 а сыныбы

   3 кезең « Жүзден жүйрік»

Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

Басқалардың тимесінші кесірі.

Елдің көшін өрге бастап барады,

Нұрағаңмен егіз болар есімі.-дей келесі айналым « Жүзден жүйрік»

1/Қазақстан халқы өзінің Президентін қашан сайлады? /1991 ж, 1/ХІІ/

 2/Ол өзіне таяу деген құрылыстардан 300 метр жерде биіктігі 6 метр жасанды жотаның үстінде оқшау тұр.Оның мұшар бигінде жер шары мүсінделген, одан жоғарыда қанатын жайып жіберген қыран. Бұл қандай ғимарат?(Ақорда)

 3/Елтаңбаның авторлары кімдер?

Шота Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков

4/Биіктігі 97 метр.3буынан тұрады. /Бәйтерек /

5/Астанамыз 10 жасқа қашан толды? /2008 жыл, 10 маусым

6/Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік туралы Заңы қашан қабылданды? 1991жыл.

7/Еліміздің рәміздері қашан қабылданды? 1992 жыл 4 маусымда.

8/. Қазақ  тілін  қолдау  жылы. (2007)

 Көреремендерге  жұмбақ жасыру

1.Келген емес жайдан-жай,

Жеңдік барлақ езгіні.

Тәуелсіздік алған ай,

Жылдың қай мезгілі?        (Желтоқсан,қыс)

2.Тәуелсіздік жолында,

Тапқан жолдың шешімін.

Президенті қазақтың,

Айтшы, қане, есімін?        (Нұрсұлтан Назарбаев)

3.Туымыздан күн қарап,

Күлімдейді әлемге.

Күн астында қандай құс,

Қанат қаққан бар елге?         (Қыран)

4.Көк аспанның түсі бар,

Ортасында күні бар.

Қыран ұшқан қалықтап,

Кімнің туы біліп ал!        (Қазақстан)

5.Тәуелсіздік біз алдық,

Жеңіп шығып азапты.

Айға алғаш аттанған,

Атап бергін қазақты.      (Тоқтар Әубәкіров)

8.Айды барып айналып,

Ғылым іздеп қайтқан кім?

Абай әнін ғарыштан,

Жер жүзіне айтқан кім?  ( Талғат Мұсабаев)

 4  кезең   «Өлең сөздің-патшасы »

Егемен елімнің ертеңі деп,

Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы білім ал, елің үшін

Еңбек ет тыным таппай, жан аяма-дей келе 4  кезең  оқушылардың әдеби шығармаларын мәнерлеп оқуларына берейік

«Өлең сөздің-патшасы »

 

 5  кезең  «жекпе жек»

 Топ басшыларын  ортаға шақырамыз

7-сынып «тәуелсіздік»,

6-сынып  «желтоқсан»

 

Біз кімбіз ? (таңбалау) / көрермендермен жұмыс/

 

Тәуелсіз  елдің  жастары

  • Ел  қорғаушы
  • Өз  Отанымыздың  патриоты
  • Заңдарын  қорғайтын  ұландар
  • Өз жолын анықтай  алатын  азамат
  • Адамның  қадір – қасиетін  құрметтеушіміз
  • Әлемдік  өркениетттердің   тоғысқан  жерінде  өмір  сүрген әулеттердің  ұрпақтарымыз
  • Ертеңгі күні ел үшін әр салада  еңбек ететін еңбекқор жастармыз
  • Біз бақытты, Интернет жүйесіне    қол жеткізген білімге құштар жастармыз

6  кезең  “Сөз көркі мақал”

Тәуелсіз елім менің, Қазақстан,

Өткен жолың жалғанда ұлы дастан.

Болашағыңа  қарасам көз жіберіп,

Аумайсың атылмақшы жас барыстан. -  келесі  кезең  “Сөз көркі мақал”

 

1/Ел ағасымен жарасады,                                                                                  Киім жағасымен жарасады.

2/ Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңе ұлтан бол.

3/Отансыз адам (, ормансыз бұлбұл)

4/Жігіттің құны – жүз жылқы,
Ары – мың жылқы.

5/Отан үшін күрес –
Ерге тиген үлес.

7 кезең « кім жылдам?»

1 минут ішінде желтоқсан құрбандарын тізіп жазындар.

«Қазақстан кеше,бүгін,ертең ...»

  (ой толғау, сурет, өлең, шығарма т.б.)

Қазақстан-кеше...

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді!?

Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Қазақстан-бүгін...

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!..

Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!..

 

Қазақстан-ертең...

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Желтоқсан – ерлік тарихымыз
Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
Бір кесе меруерт
Менің елім, менің Қазақстаным
Тәуелсіздік төрінде – 18 жыл
Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайық
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
Тәуелсіздік – ел тірегі
азаматтық парыз, борыш
Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 3501 | Қосты: Жукенова Асемгуль Сериковна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык