Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ХХІ ғасыр көшбасшысы


ХХІ ғасыр көшбасшысы

ХХІ ғасыр көшбасшысы

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар, қадірменді көрермендер! Бүгінгі 8-11 сынып оқушылары арасындағы «XXI ғасыр көшбасшысы» атты сайысқа қош келдіңіздер! Сайыс тек қазақ тілі және әдебиеті пәндері бойынша емес жалпы интеллектуалдық ой-өрісті кеңейтуге арналған. Яғни, қатысушылар мектеп бағдарламасымен шектелмей, жан-жақты білімділігін көрсетуі тиіс. Олай болса ортаға қатысушыларымызды шақырайық.

Жубаева Жазира 11 «А» сынып

Туған күні: 2 шілде 1996 жыл

Жақсы көретін пәні: Қазақстан тарихы, биология

Бос уақытында айналысатын жұмысы: кітап оқу, ҰБТ-ге дайындық

Келешектегі арманы: өз таңдаған кәсібінің жоғары дәрежелі маманы болу.

Ұнататын ақын-жазушысы: Мұқағали Мақатаев.

 

Нагимуллаева Ақмарал 10 «Ә» сынып

Туған күні: 12 сәуір 1998 жыл

Жақсы көретін пәні: қазақ тілі мен әдебиеті

Бос уақытында айналысатын жұмысы: әдеби кітаптар оқу

Келешектегі арманы: өз таңдаған кәсібінің жоғары дәрежелі маманы болу.

Ұнататын ақын-жазушысы: Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов

 

Бөрібаева Майра 10 «А» сынып

Туған күні: 6 мамыр 1998 жыл

Жақсы көретін пәні: биология

Бос уақытында айналысатын жұмысы: кітап оқу, өлең оқу

Келешектегі арманы: Хирург болу

Ұнататын ақын-жазушысы: А.Құнанбаев, М.Мақатаев.

 

Жаңғабаева Жібек 9 «А» сынып

Туған күні: 15 маусым 1999 жыл

Жақсы көретін пәні: әдебиет, Қазақстан тарихы

Бос уақытында айналысатын жұмысы: кітап оқу

Келешектегі арманы: жоғары оқу орнына түсу, мұғалім болу.

Ұнататын ақын-жазушысы: Ілияс Жансүгіров.

 

Сапарбаева Лиза 8 «Ә» сынып

Туған күні: 18 қазан 1998 жыл

Жақсы көретін пәні: алгебра

Бос уақытында айналысатын жұмысы: кітап оқу, теледидар көру, серуендеу

Келешектегі арманы: дизайнер болу

Ұнататын ақын-жазушысы: Мұқағали Мақатаев, Мұхтар Шаханов.

 

Тайланова Айнұр 8 «А» сынып

Туған күні: 9 мамыр 1999 жыл

Жақсы көретін пәні: тарих, әдебиет

Бос уақытында айналысатын жұмысы: сабақ оқимын, өлең тыңдаймын

Келешектегі арманы: актриса болу

Ұнататын ақын-жазушысы: А. Құнанбаев, М. Мақатаев

Енді сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен таныс болайық. 

 

  • Оқу ісінің меңгерушісі, тарих пәні мұғалімі Бигазинова Меруерт Борангазиевна. 
  • Тәрбие ісінің меңгерушісі, қазақ тілі және әдебиеті маманы Манасова Айнұр Дүйсенбековна
  • Мектебіміздің психолог мұғалімдері: Орынтаева Мәдина Сейітқасымовна, Тәжбағамбетова Эленора Алпысбаевна

 

 

 

Сайыс кезеңдерімен таныстыра кетейін: Сайыс төрт кезеңнен тұрады.

I кезең. Бәйге

II кезең. Жорға

III кезең. Дода

IV Кезең Мәре

I кезең шарты:

«Бәйге» кезеңінде сұрақтар беріледі. Кім тез қолын көтерсе, сол жауап береді. Әр дұрыс жауап 5ұпай

Бәйге

1. Грамматиканың сөз тіркесі мен сөйлем туралы саласы не деп аталады?

2. Руна жазуы дегеніміз қандай жазу?

3. “Қазақ” газетінің бас редакторы кім?

4. Мұхтар Әуезовтың ең алғашқы шығармасы қалай аталады?

5. Есімшенің жұрнақтарын ата.

6. ”Еңлік - Кебек” пьесасының авторы кім?

7. Шығайбай, Бізбикеш деген кейіпкерлер қай аңызда кездеседі?

8. Мұхтардың анасының есімі кім?

9. Бөжей қай туындының кейіпкері?

10. Көсемшенің жұрнақтарын ата.

11. Семасиология дегеніміз қандай ғылым?

12. Жарты ғасырлық оқиғаны қамтитын шығарма?

13. Қырғыз хрестоматиясы қай жылы жарық көрді?

14. Нарын деген жерде өмірге келген ақынның аты

15. Сөздердің байланысу түрлері нешеу және қандай?

16. Буын үндестігі тіл білімінде қалай аталады?

17. Махамбет өліміне себепші болған опасыз жан

18. Алпамыс батырдың жарының есімі кім?

19. Қосымшаның неше түрі бар, олар қайсылар?

20. Шоқан Уәлихановтың өміріне қауіп төндірген, бірақ атағын әлемге танытқан саяхаты

21. Салт етістік пен сабақты етістіктің айырмашылығы қандай?

22. Ырықсыз етіске мысал келтір.

23. “Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры” кімнің әңгімесі?

24.    “Өткірдің жүзі,

Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас”, -

деген өлең жолдары қай ақынның қандай шығармасынан алынған?

25. Эвфемизм сөзге мысал келтір.

26. “Ағынан жарылу” деген сөздің мағынасы қандай?

27. “Қабырғаңмен кеңес” деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?

28. “Бесеудің хаты” драмасының авторы кім?

29. Семейдегі Абай оқыған медресенің аты

30. “Қансонар” сөзінің мағынасы қандай?

 

II кезең шарты:

Қазақ тілі және әдебиеті пәндері бойынша 6 ұяшық берілген. Әр ұяшықта 10 сұрақтан бар. Дұрыс жауапқа 10 ұпай.Ойынды ұпайы көп оқушы бастайды. Осы ойында аз ұпай жинаған екі оқушы ойыннан шығады.

Жорға

№ 1

1. Мұхтардың әкесі кім?

2. “Қамар сұлу” романының авторы кім?

3. Табыс септігінің сұрағы?

4. Мұхтардың ғасырлық туындысы

5. Мұхтардың драматургиялық шығармасы?

6. Құрмаш қай әңгіменің кейіпкері?

7. “Табу” дегеніміз не?

8. Этимология нені зерттейді?

9. Мұхтар Әуезовтың жұбайының есімі кім?

10. “Еңлік –Кебек” трагедиясының негізгі тақырыбы.

 

№ 2

1. Абайдың жеңгелері қойған есімі қандай?

2. “Жапон балладасы” кімнің шығармасы?

3. Тұйық етістіктің жұрнағы қандай?

4. Жалпылау есімдігіне мысал келтір?

5. “Шумақ” дегеніміз не?

6. “Аллитерация” дегеніміз не?

7. “Кейіптеу” дегеніміз не?

8. “Зар заман” кезеңінің көрнекті ақыны?

9. “Қараш-қараш оқиғасындағы” байдың есімі.

10. Валентинаның сатып әкелген күнтізбесі әсер етіп, Мұхтар Әуезов қандай шығарма жазды?

 

№ 3

1. Шәкәрім Абайдың қандай туысы?

2. “Маса” өлеңдер жинағы кімдікі?

3. “Оқшау” сөздер дегеніміз не?

4. Қазақ тілінде қанша жалғау бар, аттарын ата.

5. “Гипербола” дегеніміз не?

6. “Ділдә” қай шығарманың кейіпкері?

7. “Жұмыртқадан жүн қырыққан” деген сөздің мағынасы қандай?

8. Құрмалас сөйлемдер нешеге бөлінеді?

9. “Менің атым – Қожа” кімнің туындысы?

10. Тоғжан мен Әйгерім кімдер?

 

№4

1. Мұхтардың әкесі Омархан кіммен бірге өмір кешкен?

2. “Еспенбет” дастаны кімнің шығармасы.

3. Шылаудың қанша түрі бар, аттарын ата.

4. Әрі жіктеу есімдігі, әрі шылау болатын қандай сөз?

5. Қазақстан Республикасында “Тіл туралы Заң” қай жылы қабылданды?

6. «Тоғжан» қай шығарманың кейіпкері?

7. Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы кім?

8. Буынның қандай түрлері бар?

9. Абайдың балаларының аттары

10. Балқожа би кімнің атасы?

 

№ 5

1. Төрт түліктің аталарын ата.

2. “Жаны мұрнының ұшына келді” тұрақты тіркесінің мағынасы.

3. Аңыз кейіпкерлерін ата.

4. Кірме сөздер дегеніміз не?

5. “Толағай” қандай ертегі, кім жазған?

6. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?

7. Дауыссыз дыбыстардың түрлері.

8. “Ленинградтық өренім” кімнің өлеңі?

9. Поэзия дегеніміз қандай жанр?

10. Мұқағали Мақатаевтың өмір сүрген жылдары?

 

№ 6

1. Қазақ тілінде қанша стиль бар, аттарын ата.

2. Абайдың қанша қара сөзі бар?

3. “Қарлығаш би” атанған би кім?

4. Тұйық буын қалай жасалады?

5. Пейзаж дегеніміз не?

6. “Шығамын тірі болсам адам болып” өлеңі қай ақындікі?

7. Ұяң дауыссыздарды ата.

8. “Жаман” қай шығарманың кейіпкері?

9. Салалас құрмалас дегеніміз қандай сөйлем?

10. Үш бәйтеректі ата.

 

III кезең шарты:

Бұл ойынға 4 оқушы қатысады. Ойынды ұпайы көп оқушы бастайды. Мұнда оқушылар өздері қалаған ұяшықты таңдайды. Соған сәйкес ұпай жинайды. Ойын соңында ұпайы аз 2 оқушы шығарылады.

Дода

Лексика

20 “Жария” сөзінің синонимі мен антонимін тап.

30 Көп мағыналы сөз бен омонимдердің айырмашылығы қандай? Мысал келтір.

40 Эвфемизм сөздер дегеніміз қандай сөздер, мысал келтір.

50 Кірме сөздердің ережесі, түрлері. Мысал келтір.

 

Ақындар шығармашылығы

20 Абай Құнанбаев қашан, қай жерде дүниеге келген?

30 Қожа Ахмет Яссауидің қандай өлеңдер жинағы бар?

40 Мына өлең жолдары қай ақыннан алынған?

Мына заман қай заман

Азулыға бар заман

Азусызға тар заман

50 Арнайы сұрақ. Бұл кімнің өлеңі және қалай аталады?

 

Синтаксис

20 Айқындауыш мүше дегеніміз не? Ережесін айт. Түрлерін ата.

30 Жай сөйлемнің неше түрі бар? Аттарын ата.

40 Аралас құрмалас сөйлем ережесін айт. Мысал келтір.

50 Тура толықтауыш пен жанама толықтауыштың айырмашылығын ата.

 

Жазушылар шығармашылығы

20 «Бандыны қуған Хамит», «Тар жол тайғақ кешу» шығармаларының авторы кім?

30 Көзімді ашып алып, қабырға сағатқа қарасам, сегізге он бес-ақ минут қалған екен. Атып түргеліп, тез киіндім де, беті-қолымды шайып жіберіп, бір кесе айранды тікемнен тік тұрған күйде қотара салдым. Кеше титықтап келіп, сабақ қарауға мұршам болмап еді. Бүгінгі болатын пәндерді сумкама асығыс салып алдым да, мектепке жүгірдім.

Үзінді қай шығармадан алынған? Кімнің сөзі? Авторы кім?

40 «- Рас, - деді Антон, - мен сондағы көрген тіленші Антоныңыздың өзімін. Сол жүргеніңізде бір күн қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме кіріп, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім.»

Үзінді қай шығармадан алынған? Кімнің шығармасы?

50 «Шыңырау» кімнің шығармасы? Басты кейіпкері кім?

 

МӘРЕ

Мәре тапсырмасы

  • Шет елде жүргеніңде қазақ халқын таныстыру керек болған жағдайда қандай өнеріңмен танытар едің?

Марапаттау кезеңі. Мұғалім сөзі.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұлттық ойындар сайыс сабағы.
Білім додасы
Алтынсарин әңгімелері
Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы
Кезектес салалас
Көнерген сөз тақырыбын қайталау
Еңлік - Кебек
Абай Құнанбайұлы “Әсемпаз болма әрнеге”өлеңі
Арал қалалық №13 орта мектебіндегі психологиялық қызмет жайлы
“Қызықты математика” әлемінде
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 5209 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык