Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»


Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»

Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»

Сабақтың тақырыбы: Тахауи Ахтанов «Күй аңызы»

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Оқушылардың білік дағдыларын қалыптастыру, тақырып  мазмұнын меңгерту. Оқушы іс-әрекетін белгілі бір мақсатқа жүйелеу, бағыттау

дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа, ойын шапшаң, жинақы жеткізе білуге үйрету, шығармашылықпен жұмыс істей білуге баулу

тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, парасаттылыққа тәрбиелей отырып, қасиетті домбыраны кие тұтуға, түйе малын қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, саз өнері, халықтық педагогика.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Сұрау-жауап, «Қоржын» ойыны, «Кубизм» стратегиясы (Суреттеу, салыстыру, зерттеу, қолдану, оймен байланыстыру, талқылау), Венн диаграмасы, Бес жолды өлең т.б.

Сабақтың көрнекілігі:  Интерактивтік тақта, Т.Ахтановтың портреті, домбыра, кубик, асық, қоржын.

Сабақтың жүру барысы:    І.  Ұйымдастыру бөлімі

а/ Оқушылармен сәлемдесу, жоқ оқушыларды белгілеу.

ә/ Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, бейімдеу

ІІ.  Жаңа сабақ

а/ Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау.

ә/ Сынып оқушыларын 2 топқа бөліп, ат қою

І  топ «Ұлағат»------------------------ІІ топ «Парасат»

Топ басшысы: Ә.Тұрниязов--------------Топ басшысы: Н.Алдабергенов

Мұғалім сөзі:

Армысыздар, балалар.

Дайынбыз ба сабаққа?

Әдебиет – сөз өнері,

Сай келейік талапқа.

Бар ма үйден дайындық,

Тапсырмаңыз дұрыс па?

Оқымасаң, уайым қып.

Тығылмаңыз қуысқа

 Ойымызды айтайық.

Білімімізді байқайық.

Мына отырған ұстаздар,

 Қалсын бір сәт марқайып.

- Құрметті оқушылар, біз өткен сабағымызда Тахауи Ахтановтың ең тамаша әрі ең алғашқы жазған «Күй аңызы» әңгімесін оқып танысқан болатынбыз. «Күй аңызы» әңгімесін блум жүйесімен өткізген болатынбыз. Бүгінгі ашық сабағымызда ерекше, өзгеше болмақ. Яғни жаңа технология элементтерін пайдалана отырып өткізбекпіз. Сендердің бүгінгі ерекше сабағымыздың өз мақсатына жетуіне атсалысып, өз білімдеріңіз бен білік, икем-дағдыларыңызды көрсете алады деп сенемін.

Бүгінгі сабағымызда қасиетті қара домбыраның шанағынан төгіліп күмбірлеген күй өнерінің құдіреттілігі туралы айтылатындықтан, сабағымызды күй тыңдаудан бастасақ артық болмас деген ниетпен кезекті күйге берейік. Алдарыңызда білім мен өнерді қатар алып жүрген үш оқушымызды ортаға шақырайық. Олардың орындауында «Би» күйін қабыл алыңыз.

І.   Танып білу кезеңі 

 «Қоржын» ойыны. Оқушылар өз білімдерін көрсетіп, қарсы топқа сұрақ қояды және өздері соған дайын болады.

  • Қосымша «Кім? Қашан? Қайда?» ойынын ұйымдастырамын

ІІ.   Қызығушылығын ояту

Түйе туралы мақал-мәтел айтып екі топ жарысады.

ІІІ.   Мағынаны ашу, тану         Кубизм стратегиясы 

Топ басшысы кубикті иіріп, қай сан түссе, сол санның тапсырмасына жауап береді.

1 – тапсырма    Суреттеңіз.

І топ «Ұлағат»

ІІ топ «Парасат»

«Күй аңызы» әңгімесіндегі оқиғаның желісі.

2 – тапсырма    Салыстырыңыз

Естесіс пен Оразымбет күйшілерді салыстыру

Венн диаграммасы

Естеміс--Ортақ--Оразымбет

қасиеттері 

3 – тапсырма    Зерттеңіз.

І топ «Ұлағат»

ІІ топ «Парасат»

Түйенің өсу жолы туралы не білесіз?

Домбыра туралы не білесіз?

4 – тапсырма    Қолданыңыз.

Күй туралы, түйе туралы басқа қандай шығармалар білесіз?

5 – тапсырма    Ойыңызбен байланыстырыңыз.

І топ «Ұлағат»

ІІ топ «Парасат»

Естемістің қызға көңіл білдіруі

Әңгімедегі қыздың қылығына

туралы не ойлайсыз?----не айтар едіңіз?

6 – тапсырма    Талқылаңыз, қолдаңыз, қарсы шығыңыз.

«Қыз елдің көркі» ( пікірсайыс)

ІҮ Синтез / жинақтау / кезеңі

1 – тапсырма «Бес жолды өлең» құрастыру   1. Бір сөз (тақырып)

2. Сын есім ( екі сөз)

3. Тақырыпқа байланысты үш етістік.

4. Мақал-мәтел

5. Сөз тіркесі

1. Күй

2. Майда ырғақты, жібек сазды.

3. Жанды сергітеді, көңілді елжіретеді, баршаны тебірентеді..

4. Күй – жүректің жалауы

5. Адамзаттың қалауы.

2 – тапсырма    «Семантикалық карта» толтыру

Топ мүшелері картаны толтырып тапсырады.

Шығармадан үзінді Естеміс Қария Оразымбет қыз
Сізге қарттық қайда, Есеке? Әлі де біреуді айттыруға болады ғой. Алпыстағы Түлкібай да былтыр қыз алған жоқ па?        
- Апырым-ай, осы мал жарықтық күйге елігетіні болады деуші еді. Естеміс шырағым өнеріңді салып көрсең қайтеді.        
Ақсақал, сіз де елде жоқ қолқа салып отырсыз. Мен де елде жоқ қолқа салайын. Осы күнге дейін жар сүймей келе жатыр едім...        
Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар!        

ІІІ Бекіту

  • Балаларға шығу парағын үлестіріп, жазбаша жауап алу

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

пікірің

   

ІҮ Сабақты қорытындылау

Ү Үйге тапсырма

  1. Өздеріңе әңгіме ұнады ма? Неліктен? Осы сұраққа жауап ретінде өз ойларыңды қағаз бетіне түсіріп, эссе жазып келу
  2. Әңгімені толықтай сатылай кешенді талдап келу

ҮІ Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тахауи Ахтанов “Күй аңызы”
Тахауи Ахтанов, Күй аңызы
Ахтанов, Күй аңызы
Құрманғазы Сағырбайұлы
Домбыра, бостандықтың ырғағын тарт
Диктант
Қаратпа сөз. Төл сөз. Диалог
Ахтанов «Күй аңызы»
Күйдің нар идірген құдіреті
Күйдің нар идірген құдіреті
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 12727 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык