Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » "Қасиетті Қорқыт баба" сахналық қойылым


"Қасиетті Қорқыт баба" сахналық қойылым

"Қасиетті Қорқыт баба" сахналық қойылым

Атырау облысы, Атырау қаласы,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Казимова Айгуль Максутовна

«Қасиетті Қорқыт баба»  атты қойылымның бағдарламасы:

Мақсаты: Абыз Қорқыттың, аңыз Қорқыттың өзі де, рухани бай мұрасы да қазақ халқының, әдебиеті мен мәдениетінің бастапқы қайнары, төл мұрасы екендігін өскелең ұрпаққа таныта білу.

Жүру барысы:

І  бөлім:

Қорқыта келген Қорқыт.  /Сәби Қорқыттың өмірге келуі/

ІІ бөлім:

Ерте есейген бала Қорқыт.  /Қорқыт пен қобыз/

ІІІ бөлім:

«Аққу» күйінің шығу тарихы. /Құс төресі аққудың Қорқыт бабаның қобызына еліктеп қанат бүгуі/

Жүргізуші:    Қорқыт  VІІІ ғасырда Сырдария аңғарында өмір кешкен. Ол атақты батыр, ақын, күйші, сөзіне хандар да құлақ асқан ақылгөй данышпан болған. Қорқыттың анасы қыпшақ руынан, әкесі Қарақожа оғыздарынан тарайды.

Қорқыттың туған жері – Қараспан таулары. Анасы Қорқытты үш жыл тоғыз күн көтеріп жүріпті.

Қорқыт туатын күні бүкіл дүние сұмдық қиналып, азаптанғандай күй кешеді. Аспанды қара бұлт басып, күн күркіреп, сұрапыл қара дауыл соғады.

(күннің күркірі, қатты желдің дауысы жүріп тұрады)

Қорқыт тура кезінде

Қара аспанды су алған.

Қара жерді күл алған

Ол туарда ел қорқып,

Туған соң әбден қуанған!

(құстардың сайраған дауысы, сәбидің шыр еткен үні естіледі)

1 оқушы: Нәрестенің бауы берік болсын!

2 оқушы:  Бізді қорқытты –ау, сірә!

Молда:   Бұл бала бізді қорқытып туылғаны үшін аты-Қорқыт болсын!

2 оқушы:  Иә, иә, Қорқыт болсын!

Молда: Бисмилла, менің қолым емес ата-бабалардың қолы, сенің атың Қорқыт болсын!   (3 рет айтады

Жүргізуші: Қорқыттың дүниеге келуі қандай өзгеше болса да, оның бүкіл өмірі де сондай ерекше болды. Бала жасынан ұшқан құспен, жүгірген аңмен, соққан желмен, жауған жаңбырмен қоса жарысты. Табиғатпен ортақ тіл тауып сонымен бірге өсті.

Сондай  ерекше күндердің бір күні ол түсіне бір әулие қария енеді.

Әулие: Ей, Қорқыт, тұр орныңнан! Менің айтқанымдай саз аспабын жаса. Бұл аспаптың үлкендігі алты жасар атан түйенің асықты жілігіндей болсын. Аспабыңның аты- қобыз. Осы қобыз сенің шабытыңды қияға самғатады, сапар шексең, жолыңа жарық түсіріп, сәуле шашады. Өзіңді пәле-жәледен сақтайтын желеп-жебеуші серігің болады.

(Ояна сала қорқыт қобыз жасауға кіріседі.)

Бала Қорқыт:

Қарағайдың түбінен

Қайырып алған, қобызым.

Үйеңкінің түбінен

Үйіріп алған қобызым.

Желмаяның терісін

Шанақ қылған, қобызым.

Ортекенің мүйізін

Тиек қылған, қобызым.

Бесті айғырдың құйрығын

Ішек қылған, қобызым.

Құлағыңды бұрайын

Осы айтқаным болмаса,

Қайырып жерге ұрайын!

(Қорқыт бір күйді қобызымен тарта жөнеледі)

Жүргізуші:  

Қорқыт  бабамыздан қалған.

Қобыз- Өкініш пен арман.

Тыңдасаң сыр айтады,

Өкініп мұң айтады.

Қобыз ұрпақтары тірі

Қобыз- заманымның үні.

Боз інген боздағаны

Жүректі қозғағаны.

Қорқыт әруағы қонған.

Қобыз  қиялынан озған.

Шежіре, шер артады.

Өнердің алдаспаны.

Қобыз  дүниенің шегі.

Қорқыт-  тәңірімнің теңі.

Мәрттігін мақұлдатқан.

Өлместің отын жаққан.

Жүргізуші:  Ажалдан қашқан Қорқыт дүниенің төрт тарабын түгел кезді. Жер бетінен тыныштық таппаған ол  желмаясының үстіндегі жабуын жұлып алып, Сырдария толқындарына тастайды.

(Аққу Қорқыттың күйін тыңдап, оған еліктеп билей бастайды)

Жүргізуші:    Міне, Қобызының үнін Сырдариядан  жеті күндік жерге дейін естіртіп, айнала төңіректі сұлу да сырлы үйлесімнің сиқырлы нұр шуағына малындырған қасиетті Қорқыт бабамыздың  «Аққу» күйінің шығу тарихы еді – бұл.

Қария Қорқыттың елге батасы:

(Бата оқып жатқанда жаймен әуен жіберіліп, ана бесігімен,  екі қыз толқындатып, аққу әсем биімен артқа келіп тұрады)

Соңында бәрі образда тұрып қатып қалады.

Жүргізуші:   

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қорқыт күйлерімен жұмыс.
Қорқыт ата
Қорқыт-музыка, тарих және әдебиет әлемінде
Қобызға арналған күйлер. Қорқыт-күй атасы.
Музыка және қолданбалы өнер Қазақтың атақты әнші - күйшілері
Қорқыт ата кітабы
Оғыз қаған жыры
Қорқыт ата
Қорқыттың нақыл сөздері
: Көне аспаптар сыр шертеді- қобыз және скрипка
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3718 | Қосты: Казимова Айгуль Максутовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык