Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Астана



Сабақтың тақырыбы: К.Ахметова Астана

Сабақтың мақсаты:
1. К.Ахметованың өмірімен  шығармашылығы туралы қысқаша таныстыру. «Астана» өлеңінің қысқаша мазмұнын ашып, өз Отандарына деген мақтаныш сезімдерін тудыру.
2. Сөздік қорын , тіл мәдениетін, ойын нақты жеткізуді  қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту.
3. Ұйымшыл болуға, туған жерін сүюге, оған құрметпен қарауға және патриоттық  тәрбиеге баулу.
Сабақтың түрі:  жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру,үйрету, сұрақ-жауап, ой қозғау, көрнекі құралдар, мадақтау.
Сабақтың көрнекілігі:Астана қаласының әсем суреттері, «Венн диаграммасы»,  тірек-сызба, ребустар, слайд.
Сабақтың барысы:
1. Мотивациялық- бағдарлау кезеңі
1.Ұйымдастыру : оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлеу.
2. Психологиялық дайындық: «Шаттық шеңбері» оқушылар бір-бірлеріне тілек айту.
3.Үй тапсырмасын тексеру:
А) «Кімнің мекені жақсы?» эссе жазу
Ә) Оқушылардың жалпы білімін пысықтау
Б) Сергіту сәті
Ұзын мұртты  құмырсқа
Келе жатты жұмысқа
Алды допты қолына
Қойды допты жолына
Алдына бір қарады,
Артына бір қарады
Үлкен тау деп ойлады.
2. Операциялық-орындаушылық кезеңі
Ребустарды шеш:
1) Астана
2) Алматы
 Венн диаграммасы
Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Күләш Ахметова  -ақын, жазушы. Ол Қырғыстан Республикасы ,Талас ауданында, Киров ауылында 1946жылы 26 сәуірде  дүниеге келген. «Ақ гүлім менің», «Жапырақ жаздың жүрегі» атты жыр-жинақтары жарық көрген.
Астана қаласы қандай қала?  Оқушылар өз ойын ортаға салады.
-Енді осы Астана қаласының ішіне саяхат жасайық.(Астана қаласының әсем жерлерін көрсету)
1. «Астана » өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұнын ашу
Бұл жерде ақын ауызбірлікке,бейбітшілікке,егеменді ел болуға Отаныңды,еліңді қорғауға шақырып тұр.
Алматы бас қала болған кезде де біз біраз жетістіктерге жеткенбіз.Ең бастысы тәуелсіздікке қол жеткізгенбіз.
 Ақын өлеңдегі Алматы мен Астана сөздерін адамның көз жанарына теңеген,себебі Алматы мен Астана да Қазақстан Республикасының құтты мекені десек те артық айтқандық болмас.Алматы бұрыңғы тарихы бар астана болса,Астана қазіргі бас қала.Алматыда «Тәуелсіздік монументі» болса,Астанада 97 метр биіктікте орналасқан «Бәйтерек» монументі бар.
2. Оқушыларға тізбектей оқыту
3. Тапсырмалар орындау:
4. Өлеңдегі ақын ойын сызбаға сүйеніп   түсіндіру.
а) Сарыарқа                            ә) Алатау                                               б) Алматы
          ↓                                                 ↓                                                               ↓
      Есіл                                          Алматы                                                 Астана
          ↓
     Астана
          ↓
     Бәйтерек
5.Өлеңнен осы сөздердің әрқайсысына қатысты жолдарды тапқызып,тұтастай оқыту.
Мысалы: Өз Астанаң өз қолыңмен соғылған.
Поэзия минуты
(Оқушылар Астана мен Алматы қалалары туралы өлеңдер оқиды)
 
Дәптермен жұмыс
Қараша айының жиырма бірі
Класс жұмысы
Астана
Күләш Ахметова
Шығармашылық жұмыс:
–Енді балалар барлығымыз тақтадағы бәйретектің суретіне зер салайық.Осы сурет сендерде қандай сезім туғызды? Ақынға ілесіп, суреттен алған сезімдеріңді өлеңмен жеткізіп көріңдер.
                      Бәйтеректің басына сен шықтың ба ?
                      ..........................................................
3.Рефлексиялық-бағалау кезеңі
1.Қорытындылау
-Сонымен, балалар бүгін сабақта қандай жұмыстар жасадық?
-Ендеше,тәуелсіздігіміздің тірегі,еліміздің жүрегі-Астанамыз асқақтай берсін!
-Балалар бүгінгі сабақтан алған көңіл –күйімізді білдіреміз
2. Үйге тапсырма беру
 А) К. Ахметованың «Астана » өлеңін мәнерлеп оқу
  Ә) Астана қаласы туралы альбом жасау
3.  Бағалау
4. Екі  жұлдыз, бір тілек айту

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Машина жасау кешеніне тақырыптық тест сұрақтары
Алматы – бас қалам,Астана - жас қалам
Алматы – бас қалам, Жас қала – Астанам.
Астана.Күләш Ахметова
Астана
Сөйлем мүшелері
Астана қаласы
Астана-Қазақстанның бас қаласы
Жарасқан Әбдірашев
Астана – бас қала
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4572 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык