Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстан- егеменді мемлекет.


Қазақстан- егеменді мемлекет.

Қазақстан- егеменді мемлекет.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: оқушыларға КСРО-ның ыдырауы, Қазақстанның тәуелсіздік алуы жайлы мағлұмат бере отырып, нақты тарихи заңдылықтарды түсінуін қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің құрылуы жайындағы білімдерді меңгеру үшін жағдай туғызу.
  • Дамытушылық: тақырыпты оқыта отырып тарихи оқиғаның маңызын анықтай білу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, тарихи оқиғаларға баға бере білу қабілеттерін және жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Тәрбиелік: өз елінің өткен тарихын құрметтеуге үйрету, Отан мен қоғам алдындағы жауапкершілік сезімін арттыруға көмектесу, Отанға, еліне деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, патриоттыққа, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ,виртуалды саяхат сабақ

Әдісі: ауызша баяндау,СТО әдісі,зерттеу жобалау технологиясы

Пәнаралық байланыс: география,әдебиет,бейнелеу.

Көрнекілік:ҚР.саяси-әкімшілік картасы,Н. Ә. Назарбаевтың  отбасылық, қызмет барысындағы суреттері,Целиноград оқиғасына байланысты суреттер, слайд көрсету, Желтоқсан оқиғасы туралы видео , «Балалық шақтың аспаны» фильмінен үзінді.

Сабақтық барысы:

                                  I. Ұйымдастыру кезеңі.

*Сәлемдесу.

*Оқушыларды,оқу-құралдарын тексеру.

*Оқушыларды  топқа бөлу

 

      /Сурет қиындыларын құрастыру арқылы топ құрау/

              1-топ       Астана

              2-топ       Алматы

              3-топ       Атырау

 

Оқушыларды  бағалау  парақшасын  топ басшысына тапсыру,топ оқушыларын  жасаған жұмыстарына,берген  жауаптарына  қарай бағалап отыруды  тапсыру.

 

II. Үй тапсырмасын сұрау:

Ғарышты игеру. Қазақстан-ғарыш айлағы

  1. Ғарыш деген сөз қандай мағына береді?
  2. Тұңғыш ғарышкерлер кімдер?

     3.Ғарыш айлағы қайда орналасқан?

      4.Ю.А.Гагарин туралы   не білеміз?

                             ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау:

Топтастыру:

 

Тоқтар Әубәкіров

Талғат Мұсабаев

 

 

Юрий Гагарин

         III.Жаңа сабақ:

   Тақырыпты   берілген  суреттерге  қарап,  «Болжау»  әдісі  арқылы

 анықтау.

 

Тақырып: Қазақстан- егеменді мемлекет. Н.Ә.Назарбаев- тәуелсіз  Қазақстанның  тұңғыш  Президенті

                    Жаңа сабақты  баяндау:

жоспары:

  1. КСРО-ның ыдырауы. Қазақстанның егемен, тәуелсіз мемлекет

              болып жариялануы.

2. Н. Ә. Назарбаев-тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті

     «Ой қозғау»  - қызығушылығын  ояту

 Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев жайында не білесіңдер?

 

  Бұрынғы КСРО картасы мен Қазақстан картасын көрнекі құрал ретінде пайдаланумен қатар, салыстыра отырып сабақты слайд арқылы түсіндіремін.

  • 1991 жылы КСРО-ның ыдырауы.
  • 1979жылғы Целиноград оқиғасы
  • 1986жылғы Желтоқсан оқиғасы
  • 1991 жыл. Тәуелсіздік алу.
  • 1991ж. Президенттің сайлануы.

 

«Балалық шақтың аспаны» фильмінен үзінді

Бұдан әрі   ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев жайында қысқаша әңгімелеп беремін.

  1. Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы Алматы облысының Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Теміртау қаласында жоғары техниқалық оқу орнын бітірген. Мамандығы инженер-металлург. Еңбек жолын Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қарапайым жұмысшы болып бастап, басшылық қызметтерге дейін көтерілген.

  1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш Қазақстанда бүкіл-халықтық Президент сайлауы өтіп, көпшіліктің қолдауымен Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Респубикасының Президенті сайланды.

         Ата Заң бойынша Президент - татулық пен бірліктің кепілі. Халықаралық аренада Қазақстан атынан өкілдік етеді. Сонымен қатар Президент қарулы күштердің бас қолбасшысы болып саналады.

 

            «Қазақстан – 2050» стратегиясы туралы айту.

 

 

ІҮ.Бекіту:

                                                             Атырау бекетінің тапсырмасы

              1.Картамен жұмыс

 

-Елбасы еңбек жолын бастаған  қала

-1986жылы Желтоқсан  оқиғасы алдымен қай қалада  болды?

-Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

 

                                                            Алматы бекетінің тапсырмасы

                         2.Бес жол өлең

 

   І топ                               ІІ топ                               ІІІ топ

Қазақстан                       Астана                           Нұрсұлтан

 

 

                                                             Теміртау бекетінің тапсырмасы

3.Үнпарақ шығару,қорғау: «Менің Президентім»

  Оқушылар алдарына берілген  құралдарды,фотосуреттерді пайдалана отырып, газет  шығару.

1-топ  -

2-топ  -

3-топ  -

                                                                 Астана бекетінің тапсырмасы

4.Асық ату

1.КСРО қай жылы ыдырады?

2.Қазақ жастарының Кеңестік жүйеге қарсылығы алғаш рет қай қалада өтті?

3.Қазақстан өз тәуелсіздігін  қашан  алды?

4.Президент кімнің атынан қызмет етеді?

5.Бүгінде Қазақстанды әлемнің қанша мемлекеті таныды?

6.Ел Президенті халық алдында өзінің президенттік антын қашан  қабылдады?

          Оқушылардан жауап ала отырып бүгінгі тақырыптың негізгі мәселелерін қамтып сабақты қорытындылаймын.

Үй тапсырмасы:

1.Мәтінмен жұмыс:  55-параграфты оқу.

2.Дәптермен  жұмыс: «Елін сүйген  Елбасы», «Егер, мен Президент болсам...» эссе жазу.

3.Шығармащылық  тапсырма.

               «Тәуелсіз елім тұғырым»

 /буклет,альбомдар, сөзжұмбақдайындау. /

 

Бағалау:

 Топ басшыларының бағалауына сүйене  отырып бағалау М арапаттау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Қазақстан тәуелсіздік жылдарында
Қазақстан тәуелсіздік жылдарында
Қазақстанның мемлекеттік тәуеліздігін жариялауы және ТМД-ның құрылуы
Қазақстан-Егемен мемлекет
Қазақстан – Егемен мемлекет
Қазақстан-Егемен мемлекет
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
« Елі сүйген ер »
Тұңғыш Президент
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 4768 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык