Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі.


Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі.

Сабақтың тақырыбы: Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі.

 Сабақтың    мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға электр энергиясын тарату және жеткізу, трансформатор, генератор ұғымы, атқаратын қызметі, құрылысы, туралы түсінік беру.
б) ой-өрісін дамытушылық: Оқушылардың трансформатор, генератор туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Есте сақтау қабілетін, қабылдауын, зейінін тұрақтандыру.Оқи алу құзіреттілігін дамыту.
в) тәрбиелік: қарым – қатынас арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, өз ойын толық жеткізе алуға тәрбиелеу. Коммуникативтік құзіреттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың өткізілу әдістері: ұжымдық оқыту, СТО
VІ. Сабақтың   көрнекілігі: «Трансформатор» тақырыбындағы презентация, трансформатор, катушка.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: (ақырын музыка қосылып тұрады Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау.) Еске түсіру.
1. Сыртқы магнит өрісін әжептәуір күшейтетін заттар ... деп аталады.
2. Ферромагниттік емес заттар ... және ... болып екіге бөлінеді.
3.Парамагнетиктерге жататындар:
Диамагнетиктерге жататындар:
4.1831 жылы Фарадей магнит өрісін өзгерткенде, электр тогының пайда болу құбылысын ашты. Бұл құбылыс ... деп аталады.
5.Тұйық өткізгіштің контурын тесіп өтетін магнит өрісінің кез келген өзгерісінде өткізгіште... пайда болады және ол ... өрісінің барлық өзгеру процесінде бар болады.  ... құбылысының мәні де осында.
3. Суреттер сөйлейді.
Сабақтың жаңа тақырыбын  хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
Сыныпты топқа бөлу
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:   
1) І топ. Трансформатордың атқаратын қызметі, құрылысы.
Трансформатор анықтамасы қызметі құрылысы Шартты белгісі тарихы түрлері
   
 
2)ІІ топ. Ток генераторы дегеніміз не? Оның негізгі бөліктері мен атқаратын қызметі
Генератор қызметі құрылысы анықтамасы түрлері
   
 
3) ІІІ топ. Электр энергиясын  тарату және жеткізу  (кластер түрінде ұсыну)                                                                                       
5. Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.
І топ. Трансформатордың адам өміріне қауіптілігіне байланысты қауіпсіздік ережесін қорытып шығар.
ІІ топ. Трансформаторды құрастырып, әр бір бөліктеріне сипаттама беру. (плакат жасау)
ІІІтоп. Генераторды құрастырып, әр бір бөліктеріне сипаттама беру. (плакат жасау).
 
6. Сергіту сәті. Физикалық жұмбақтар.
Оңынан оқы,
Тіршілік нәрі
Солынан оқы,
Онсыз адам, өсімдік, аң, құс
Әп-сәтте сөнер, тұншығып бәрі. (Ауа)
 Хабар алған алыстан,
Екі өріс табысқан. (Электромагниттік өріс)
  Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды. (Масса)
 Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсең егерде.
Басқа күйге ауысса,
Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия)
 Сырт еткіздім түймені,
Жарқ еткіздім бөлмені,
Шоқтан қолым күймеді. (Электр шамы)
 Кілт ашсақ,
Жұлдыз болып жанады.
Қайта бассаң,
Сөне қалар шамы. (Электр шамы)
 Әуеденкүбітүсті,
Күбініңтүбітүсті. (Найзағай)
 
 
 7. Тест.
1. Генератордың айналатын бөлігі қалай аталады?
А) ротор  ә) статор б) якорь
2) Генератордың қозғалмайтын бөлігі қалай аталады?
А) ротор  ә) статор б) якорь
3. Кернеуді жоғарлатуға және төмендетуге арналған құрылғыны  не деп атайды?
А) генератор Ә) трансформатор Б) статор
4. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын  машина не деп аталады?
А) генератор Ә) трансформатор Б) статор
5. Трансформатордың жұмыс iстеу принципi ...  негiзделген.
А)жылу құбылысына б) электромагниттiк индукция құбылысына в)жарық құбылысына
6.Генератор неше бөліктен тұрады?
А) 1                 ә) 2                     б)3
7.Электромагниттік индукция дегеніміз не?
А) Өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материяның түрі
Ә)Б)Контурды тесіп өтетін магнит өрісі өзгерген кезде контурда электр тогының пайда болу құбылысы 
 
Үйге тапсырма: § 60 Генераторлар.Трансформатор .Электр энергиясының алыс қашықтықтарға жеткізілуі тақырыбын оқып келу.П.Н.Яблочков пен И.Ф.Усагин туралы реферат жазу

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үш фазалы трансформатор
Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көздері
Электр энергиясын пайдалану және сақтық шаралары
Электр энергиясын пайдалану және сақтық шаралары
электр үтігі, шаңсорғыш) микротолқынды пеш, электр шаңсорғыш) (практика)
Тұрмыстық электр құралдарды жөндеу технологиясы
Пәтердегі сантехникалық жұмыстарды жүргізу технологиясы
Тұрмыстық техника туралы түсінік. Электр машиналардың құрылысы мен жұмысы
Электр тогы
Тұрақты ток заңдары
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 8830 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык