Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Халық қол өнерінің тәрбиелік мәні


Халық қол өнерінің тәрбиелік мәні

Халық қол өнерінің тәрбиелік мәні

«Жігітке жеті өнерде аз», «Шебердің қолы ортақ»  сынды мақал-мәтелдерді  кейінгі ұрпақтарына мирас етіп қалдырған қазақ халқында өнерді сан алуан түрі де сан алуан. Солардың бірі- қиындығы инемен құдық қазғандай әрі ісмерлікпен   қоса, асқан табандылықты,ыждағаттылқты  қажет етеді. Жас ұрпақты тәрбиеледе халықтық қол өнерінің де тәрбиелік мәні зор. Ол оқушыларды  сұлулықпен әсемдікке,табандылық пен ыждағаттыққа тәрбиелейді.Тек зергерлік өнерді алайық.бұл –ауқымы жағынан шағын болып көрінгенмен өте нәзік күрделі өнер.Халықпен бірге жасасып,біте қайнасып ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп келе жатқан көненің көзі-үлкен тәрбие мектебі.
Зергерлік –жалпы адамзатты,оның ішінде жас жеткіншектерді сұлулықпен әсемдікке құштарлыққа, талғампаздық  пен тазалыққа тәрбиелейтін өнер.Өйткені  зергердің қолынан шыққан бұйымдардың бәрі-сәндік,әсемдік заттары. Бұл зергерлік заттарды,әсіресе күміс ер, күміс жүген, өмілдірік,құйысқан, тартпа айыобасы,үзеңгі,торсық секілді тұрмыс-салт әбзілдері мен қазақи киім үлгілерінен көптеп кездестіреміз ой салып қараған адамға осы атаулардың өзі ақ  зергерлік өнерінен мол хабар беріп тұрғандай.
Мысалға зергер деген сөздің өзі алтынмен жұмыс жасайтын адам деген ұғымды білдіреді.
Кез-келген зергерлік бұйымның халықтық көркем ойдың көрнісі екенін ұмытуға болмайды. Зергерлік бұйымдардың жасалуына мән берген    оқушы ондағы неше бір түрлі ою нақыштарын ,өрнектерін көре отырып, бұл бұйымның қалай жасалғанына мән береді.
.Бұл оқушылардың ой-өрісін дамытады және шеберлігін артыра түседі.Қазақ шеберлері мен зергерлері туралы да аңыз- әңгімелер көптеп кездеседі.Назар аударатын  бір жайт-халық шеберлері туралы сөз болғанда үнемі жылы ықылас,ыстық пейіл қоса қабат жүреді.Қай туындыны  алып қарасақта,халық арасынан шыққан ісмердің ел сүйіктісі,патша менханның қалаулысы болып жүргенін көресіз.
Қазақстаның барлық өңірінде де  халықтың қол өнердің дамуына мол мүмкіндігінше жағдай жасалынатын болса, талай халық шеберлерінің талантына табынатын көздер туып та қалар. Көркем ойлаудың жүйесін халық шеберлері мыңдаған жылдар бойы қоғамның эстетикалық талғам деңгейіне әсем үйлестіріп,өрнектер жасап отырған. Қазақтың ұлттық өрнегін жасаудың өзіндік жүйесі белгілі бір ерікшелігі бар. Оларда көбінесе айналадағы өмір құбылыстарының  тұрлі нышандары көрніс табатыны зерттеуші ғалымдар,әр кезде де айтып келеді.Көптеген ұрпақтың шығармашылық ой-қиялдарының нәтижесінде ерікше тылысым  белгілерді бейнелеу дәстүрге айналған.Қазақ қол өнерінде жануарлық,космогондық,өсімдік,геометриялық және тағы басқа әуендер кеңнен байқалады.Олар бір-бірімен жақсы үйлесім тауып,ара жіктері нәзіктікпен әдемі ұштасып жатады.Тіпті кейде әр стильдің өзіндік ерікшеліктері бір-бірімен сабақтасып,жымдасып білінбей кететін тұстары да көптеп кездеседі.Ұлттық  өрнектерде жануарлық,космогондық,өсімдік әуендері сияқты өрнектер жиі кездесіп  ұрпақтың шығармашылық ой-қиялдарының нәтижесінде ерікше нәтиелерге ие болады.
Сонымен қол өнердің  жас ұрпақты  табандылыққа,әсемділікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеуде алатын орны ерікше.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазіргі таңдағы ұстаз қандай болу керек?
Сәндік қолданбалы өнер
Ою-өрнектер ою әдісі
Маңғыстаудың зергерлік өнері.
Зергерлік өнер
Зергерлік өнер
ОЮ - ӨРНЕК НАҚЫШТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СИПАТЫ
ОЮ-ӨРНЕК НАҚЫШТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СИПАТЫ
Тастан жасалған әсем таушықтар, үлкен тастарды жылжыту, оларды әшекейлеп, безендіру технологиясы, гүлзардың күтімі, оған қажет құрал-саймаңд
Сабақтың тақырыбы:Қазіргі заманғы сәндік өнері
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2330 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык