Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Алғашқы әскери дайындық бойынша теориялық бiлiм дидактикалық материалдар мен техникалық оқу құралдарын қолдана отырып, сұбхат және әңгiмелесу түрiнде жүргiзiледi. Практикалық сабақтар қару-жарақ пен әскери – техникалық мүлiктердi, жеке қорғаныс құралдарын, аспаптар және басқа да жабдықтарды қолдана отырып, оқытылған материалдарды бекiтуге бағытталған.  
Оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы кіріспе сабақтан, әскери іс негізі тарауынан, азаматтық қорғаныс пен медициналық білім негіздерінен тұрады. 
Кіріспе сабақты өткізуде жастарды әскери қызметке және Қазақстан Республикасын қорғауға дайындаудың маңызына, алғашқы әскери дайындық курсының оқу міндеттерін орындауға байланысты моральдық, психологиялық және дене күшін шоғырландырудың қажеттігіне ерекше қөңіл бөлінеді.
Әскери іс негіздері келесі тараулардан тұрады және алғашқы әскери дайындық білім беру бағдарламасының базалық бөлімі болып табылады:
• Қарулы Күштер Қазақстан Республикасының егемендігін қорғау күзетiнде; 
• Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғылыры;
• Тактикалық дайындық;
• Атыс дайындығы;
• Саптық дайындық;
• Әскери топография.
Әскери іс негіздерін оқып-үйрету процесінде алғашқы әскери дайындықтың оқытушы-ұйымдастырушысы - үйренуші жастардың азаматтық қөзқарасын қалыптастыру, Қазақстан Республикасы егемендігін қорғау қажеттілігіне қөз жеткізу, әскери қызметке жауапкершілікпен қарауға саналы түрде даяр болуға үйрету міндеттерiн шешеді. Сабақта жастардың әскери анттың рөлі мен мәнін жете түсінуіне ықпал ету қажет, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның жауынгерлік дәстүрлеріне, әскер салалары мен түрлеріндегі қызмет атқару ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген  қызығушылығын дамыту керек, әскери білім алуға ынталандыра отырып, оларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жарғылары – бұл Қарулы Күштердің тұрмыс–тіршілігін белгілейтін заңдар жинағы, сондай-ақ  жарғы талаптарын орындау - әрбір әскери қызметшінің міндеті екендігі түсіндіріледі.
Тактикалық дайындық оқытудың негізгі тарауларының бірі болып табылады. Тактикалық дайындық бойынша сабақтардың барлық тақырыптары оқушыларды жалпы әскери ұрыс негіздерін оқып-үйренуге, ұрыста іс-әрекет жасай алуға, қарсыластың ұрыс машиналары мен жаяу әскерін жою үшін қарулар мен гранатты қолдана білуге бағытталған. Сабақ барысында үйренушілер қарулар мен гранаттарды қолдана білу техникасы бойынша дағдыларды меңгереді.
Тактикалық дайындық бойынша практикалық сабақтарды өткізу үшін винтовка макеттері, оқу автоматтары (пулеметтері), сондай-ақ оқу гранаттарына арналған сөмкелердің бар болуы қарастырылуы кажет. Оқушылар жергілікті жерде практикалық тәсілдер мен әрекетті орындауға ыңғайланып киінулері керек.
Атыс дайындығы бойынша сабақ өткізу кезінде басты назарды қару және оқ-дәрілермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларына аудару қажет. Сабақ барысында оқушылар атыс қаруының құрылымын, оны атысқа дайындау тәртібі мен ату ережелерін, қаруды күту және сақтауды үйренеді.
Саптық дайындық бойынша барлық сабақтар саптық дайындыққа арналған алаңда (плацта) өтеді. Практикалық сабақты өткізген кезде басты назар оқытушы-ұйымдастырушының оқушыларға саптық тәсілдерді тұтастай және үйренуі бойынша көрсетуіне, оқушылардың саптық тәсілдер мен жаттығуларды үйретілген элементтері бойынша көрсетуiне аударылады. Саптық элементтерді орындауын дағдыға айналдыру алғашқы әскери дайындықтың сыныптан тыс өтетін іс-шаралары кезінде де жалғастырылуы қажет.
Әскери топография бойынша сабақтар, оқушыларды бейтаныс жерде картасыз бағдарлана білуге, өз тұрған жерін анықтай алуға және компас көмегімен берілген азимут бойынша нысанаға қарай қозғалу маршрутын таңдай білуге үйретуді қарастырады.
Азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері сабағы үйренушілерді бейбіт және соғыс уақытында Казақстан Республикасының халқын табиғи зілзала зардаптарынан, ірі апаттардан құтқару және қарсыласқа қазіргі кездегі жою құралдарын пайдалану, сонымен қатар төтенше жағдайлар туындаған аудандар мен ошақтарда құтқару және шұғыл көмек көрсету, апатты – қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, зақым және жарақат алған кездерде алғашқы медициналық көмек көрсетуді жүзеге асыратын іс-шараларымен таныстырады.
Алғашқы әскери дайындықты жоспарлау осы Бағдарлама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде жасөспірімдерді қызмет етуге сапалы даярлауға, бағдарламаның толықтай орындалуын жүзеге асыруға, оның барлық бөлімдерін басқа мектеп пәндерімен тығыз байланыстыра кешенді түрде зерделеуге бағытталуы тиіс.
Әрбір оқу орнында алғашқы әскери дайындық өтуінің апталық жоспары бүкіл оқу жылына әзірленеді. Алғашқы әскери дайындық бойынша сабақтар оқу орнының жалпы мектептік кестесіне енгізіліп, оқу топтары мен сыныптар бойынша өткізіледі. Сыныптар мен оқу топтары взвод деп аталынып, үш бөлімшеге бөлінеді. Оқу орны директорының бұйрығымен әрбір сыныпта немесе оқу тобында озат оқушылар қатарынан бөлімше және взвод командирлері тағайындалады.
Алғашқы әскери дайындық сабақтарында взводтар мен бөлімшелердің командирлері взводтағы немесе оқу топтарындағы оқу тәртібін қадағалап отырады, сондай-ақ оқытушы-ұйымдастырушы пәрмені бойынша топтың немесе взводтың жеке құрамын басқарады. 
Алғашқы әскери дайындық сабақтарында оқушылар мен оқытушы- ұйымдастырушы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жарғыларының талаптарына сәйкес құрастырылады. 
Оқушылар сабаққа дайындалып және ұқыпты киініп келулері тиіс.
Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы сабақ басталмастан бұрын алдын-ала оқу тобына немесе взвод жеке құрамына киім үлгісі жайында айтуы тиіс.
Жалпы білім беретін мектептерде алғашқы әскери дайындықтың оқу-материалдық базасы құрылып, үнемі жетілдіріліп отырады. Оған: 
- алғашқы әскери дайындықтың оқу кабинеттері (сынып); 
- азаматтық қорғаныста, тіршілік әрекеттерін қамтамасыз етуде, алғашқы әскери дайындық бойынша арнайы мүліктер сақтауға арналған бөлме;
- саптық дайындық бойынша сабаққа арналған алаңдар; 
- тәуліктік кезекші мен сақшы міндеттерін практика жүзінде оқып үйретуге арналған орын, ату тәртібі мен тәсілдерін және тактикалық дайындық бойынша сабаққа арналған жаттығу қалашықтары; 
- оқу-көрнекілік құралдары және техникалық оқу құралдары қосылады.
Оқу орындарын жаттығу қаруларымен, әскери-техникалық мүліктер және оқу құралдарымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі әзірлеп және бекіткен табельдер бойынша жүзеге асырылады. 
 
Қосымшалар
1-кесте 
Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 10-сыныбына арналған
алғашқы әскери дайындық бағдарламасы бойынша 
оқу уақытын есептеу және жоспарлау
р/н Оқу сағаттарынын бөлінуі мен сабақ тақырыптарының, тараулардың атаулары Оқу сабақтарының
көрсетілуімен қыздар және ер балалардың оқитың сабақ     
тақырыптары
Оқу сабақ-тарының
көрсетілуі -мен ер балалардың оқитың сабақ     
тақырып -тары Оқу сабақ-тарының

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы. Жауынгерлік Туының саптағы жағдайы
Жарықшақты қол гранаталары (РГД-5, РГН, Ф-1, РГО)
Алғашқы әскери даяндық
Қарулы күштер Қазақстан Республикасы егемендігі күзетінде
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
ҰРЫС АЛАҢЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС
Сап және оларды басқару
Саптық адым
Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы
Мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі заң шығару негіздері
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2668 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык