Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар |
Көрсетілім: 20424 |
|
|
|
Қоян
Қоян
Сабақтың тақырыбы: Қоян туралы ашық сабақ
Сабақтың мақсаттары:
Қоян туралы түсініктерін кеңейту, қоянның пайдасы туралы түсінік беру.
- Білімділік׃ Мәтіннің негізгі ойын ашып түсіндіру, тұтас оқуға төсілдіру.
- Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрістерін, сөздік қорларын дамыту.
- Тәрбиелік: Аңдарды қорғауға , оларға қамқорлық жасауға, табиғатты сүюге баулу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ..
Сабақтың түрі׃ Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдістері: Талдау, сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру.
Пәнаралық байланыс׃ Дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, қоян суреті, түрлі суреттері, бағалау текшелері.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
І кезең. Бағдарлау мотивациялық кезең. Көркем жазу. Е, е әрпін екі жолға жазу
ІІ кезең. Операциялық – орындаушылық кезең.
Жұмбақ:
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады
Қоян.
Қоян туралы не білеміз ?
Оқушылардың қоян туралы білетіндерін тыңдау
Мәтінді мұғалімнің оқуы.
Қоян
Қыста аңдарға жем табу қиын. Түлкі қыстыгүні қоян аулайды. Түлкіге қоянды табу қиындыққа түседі. Себебі қоян қыстыгүні аппақ «тонын» киіп алады. Ол аппақ қардан аумай қалады.Сондықтан да ол алаңсыз жайылып, бұта түбінде ұйықтай береді.
Оқушылардың тізбектеп оқу
Мәтін мазмұнына байланысты сұрақ-жауап.
1. Мәтінде жылдың қай мезгілі туралы айтылған ?
2. Қоян немен қоректенеді ?
3. Қоян қыста қайда ұйықтайды ?
4.Қыста ұйықтамайтын тағы қандай аңды білеміз ?
Сергіту сәті.
Қояндарым тұрыңдар,
Беті-қолды жуыңдар.
Айнаға қараңдар,
Тондарыңды тараңдар.
Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей.
Жұмбақты шешіп, шешуін жаз. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды боя.
Жазда сұрғылт,
Қыста аппақ.
ІІ деңгей.
Қоянға сипаттама.
Тоны --------- , құлағы ---------- , көзі ---------, өзі ----------
ІІІ деңгей
Қысқа азық жинайтын аңдар : -----------------------
Қысқа азық жинамайтын аңдар׃-------------------
ІV деңгей
Дауысты дыбыс әріптерін жатқа жазып шығыңдар.
ІІІ кезең
Рефлексиялық – бағалау кезеңі.
1. Қоян қысты қалай өткізеді екен?
2. Қоян түлкіден басқа тағы қандай аңдардан қорқады? Неге деп ойлайсың ?
Үйге тапсырма׃ Мәтінді оқу, мазмұнын айту. Қоян туралы өлең жаттау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |