Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ойын мен тәрбиені ұштастырудың жолдары


Ойын мен тәрбиені ұштастырудың жолдары

Ойын мен тәрбиені ұштастырудың жолдары

Баланың бірінші әрекеті-ойын,сондықтан да оның мән-мәнісі ерекше.Ойын адамның өмірге қадам басардағы алғашқы адымы.Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап,ән салмай,өсер бала бола ма?» деп айткандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.Жас баланың өмірді  танып,еңбекке қатнасы,психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
    Ойынға шартты түрдегі мақсаттар қойылады,ал сол мақсатқа жолындағы іс-әрекет бала үшін қызықты.Ойын балаларға ақыл-ой,адамгершілік,дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады.Балалар ойын барысында өзін еркін сезінеді,ізденімпаздық тапқырлық әрекет байқатады.Сезіну,қабылдау,ойлау,қиялдау,зейін қою,ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
      Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал тигізетін жетекші,басты құбылыстың бірі деуге болады.Бала ойын арқылы өзінің күш жігерін жаттықтырады,қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып,еңбек дағдысына үйрене бастайды.Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие  жолы,тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.
    Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп,сондықтан кейбір педагог-ғылымдар «жақсы ойын-жақсы жұмыс сияқты да,жаман ойын- жаман жұмыс сияқты» деп қарап,бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды.Өйткені,әрбір жасқа ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді.Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын,жақсы ойын болып табылмайды.Демек,ойын мен жұмыстың ұқсастығы-жақсы ойын да,жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып,рахатқа бөлейді.Баланың ойынын да тиісті жұмыстағыдай белгілі дәрежеде жауапкершілік болуға тиіс.Олардың негізгі айырмашылығы мынада:баланың ойыны нақты материалдық,рухани байлықты жасай алмайды,ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екеннің белгілі.
      Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді.Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерешелігі мынанда:олар ойланады,эмоциялық әсері ұшқындайды,белсенділігі артады,ерік қасиеті мендарының ұштайды.
  Ойынның әр түрлерімен ойнайды.Сюжеттік-рөлдік ойындар,қимылды ойындар,дидактикалық ойындар. Мысалы: Сюжеттік-рөлдік ойын ойнау.
Баланың жанына жақын тақырыптар мен таныс ертегі кейіпкерлері бейнесін сомдайтын сюжеттер көрсетуге қатыстыру.Баланың өз бетінше  рөлді толықтыра  түсетін заттар мен көрсетуге  қажетті ойыншықтар таңдау талпыныстарын мадақтап,қызығушылығын арттыру.
Дидактикалық ойындар
Ойыншықтар мен заттарды түсіне,көлеміне,пішініне қарай ажырату іскерліктерін қалыптастыру.4,6 бөліктен тұратын суреттерді(ыдыс,ойыншық т.б.)жинастыру,бөлшектелінген ойыншықтарды құрастыру.Ойыншық,құрал-саймандар қолдану арқылы қимыл-қозғалыс түрлерін жасауға  үйрету.
Балалар көбіне қимылды ойындар ойнайды.Өз еркімен өрмелеу,еңбектеу,доп ойнау сияқты ептілігін арттыратын ойындарға белсенді қатысу іскерліктерін мадақтау.Қозғалыс түрлерін дамытатын және ережесі күрделі ойындар ойнату.Ойын барысында қарапайым ережелерді сақтап,қимылдарды дұрыс орындауға үйрету.
- әртүрлі ойындар ойнауға қызуғышылығын арттыру,өз бетінше  ойын таңдауға,жалғыз және топтаса ойнауға үйрету.
- ойын әрекетінің тәсілін үйрету,белгілі бір сюжетті басқа баламен бірігіп көрсетуге іскерліктерін дамыту.
- ойын-тәрбие құралы,ақыл-ойды кеңейтеді,тілді ұстартады,сөздік қорды байытады,өмірді танытып,сезімді кеңейтеді.
- ерік және мінез қасиеттерін бекітеді,адамгершілік сапаны жетілдіреді.
- ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
- эстетикалық тәрбие беру құралы.
- еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
- дене күшінің жетілуіне көмектеседі.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы экологиялық тәрбие беруде психология
Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру сабағында қолданудың маңызы.
Балабақшада 2-3 жасар балалардың тілі мен қимыл-қозғалысын дамыту
Ауыл мектептерінің жазғы тынығу лагерінде ұлттық ойындарды ұйымдастыру
Ойын арқылы баланың ауызша сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттерін дамыту
Ұлттық ойындар
Баланың танымдық дамуы.
Жеткіншектердің ойлау қабілетін дамыту мақсатындағы ойын технологиясының маңызы
Ойын арқылы баланың тілін дамыту (баяндама)
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 2977 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык