Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қолқанат ағаш өңдеу токарь станогы


Қолқанат ағаш өңдеу токарь станогы

Қолқанат ағаш өңдеу токарь станогы

Науанов Мұхтар Найзабекұлы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
Шоқан Уалиханов атындағы №26 орта мектептің
жоғары санатты технология пәні мұғалімі
 
Ағашты өңдеу токарь станоғының қазіргі кезде біршама түрлері бар. Мектептерде ағашты көркемдеп өңдеу токарь станогының кеңінен тараған түрі - СТД-120М үлгісіндегі станок. Бұл станоктың бөлшектері темірден құрылған. Қазіргі кезде мектеп оқу-шеберханаларында станок толық сақталмаған, әрі тозығы жеткен. Енді біз 7-сыныптағы Технология кітабында «Ағаш өңдейтін токарь станогындағы жұмысты ұйымдастыру» тақырыбын қалай өткізуіміз, оқушыларға қалай станокты басқаруды үйретуіміз керек.
Міне осындай жағдайды ескере отырып сіздердің назарларыңызға мынадай сапалы, тиімді, экономикалық арзан, экологиялық таза және де жоғарыда айта кеткен станоктан еш қалыспайтын, оңай басқарылатын ағаш өңдейтін «Қолқанат» атты токарь станогын ұсынып отырмын. Бұл станокта да әртүрлі  цилиндр, конус тәрізді бөлшектер , фигуралар, өрнектелген бағандар, қамшы саптары, шахмат фигуралары, стол аяқтары, қашау, егеу саптарын, кесе, сыйкәделік келі-келсап т.б. бөлшектерді жасауға болады. Станоктың қарапайымдылығы ол кез-келген ағаш, темір қалдықтарынан жасалынған. Станоктың жалпы құрылымы мынадай: электрқозғалтқыш, патрон, тұрық, жылжымалы платформа, артқы қыспақ, тұтқа, бағыттауыш және қорғауыш әйнегінен тұрады. Бұл станоктың басты қызмет бөлшектерінің бірі-электрқозғалтқышы. Мен өз станогыма /220в/, қуаты-500вт, 1500айнал/мин болатын электрқозғалтқыш салдым. Әрине мұндай электрқозғалтқышты табу қиын, оның орнына /380в/-тық салуға болады, бірақ конденсатор арқылы/220в/-ға айналдыру керек. Мұндай жағдайда электрқозғалтқыштың қуаты азайыуы мүмкін, бірақ айналымы азаймайды.
Мен станокты /220в/ қылған себебім онымен кез-келген уақытта, кез-келген жердегі ток көзінен алып, қалаған жеріңде жұмыс жасауға мүмкіндік туады жәнеде бұл станоктың сүйегі ағаштан жасалған, анағұрлым жеңіл болады.
Станокта алдыңғы тетік (бабка) болмайды, яғни оның орнын электрқозғалтқыштың өзі атқарады (қозғалтқыш білігіне шкив немесе патрон кигіземіз). Тұрық – негізгі қалындығы 8-10 мм болатын үшқаттан тұрады. Жылжымалы платформа және екі бағыттауыш планка – негізі қатты ағаш немесе текстолиттен жасауға болады. Мен бұны қатты ағаштан жасадым (қайың). Артқы қыспақты - қалындығы 10 мм болатын жалпақ темірден (полоса) жасадым. Оған центровканы подшипник арқылы отырғыздым. Себебі СТД-120М станогында центровка айналмайды және ағашты өңдегенде бықсып-күйіп отырады да, ағаш тез босап қалады. Сондықтан артқы тетікті әрдайым қатайтып отыру керек. Осыны қатаң ескере отырып подшипникке отырғыздым. Өйткені ол ағашпен бірге айналып кедергі азаяды және өңделетін ағаш босап кетпейді, жақсы өңделеді. Тұтқаны жиде ағашының кеспелтегін алып, өңдеп жылжымалы платформаға бекіттім.  Бағыттауыш – мен бұл жерде СТД-120М станогының подлокотнигін алып станокқа орнаттым. Қорғауыш әйнегін – арнайы органикалық әйнектен қиып салдым. Өйткені барлықтарынызға мәлім шыны салуға болмайды, бөлшек ұшқан жағдайда шыны шытнап көзге ұшқындар тиіп зақымдану мүмқін. Қорғауыш әйнегін екі Ø 5-6 мм қатты сымды иіп соған орнаттым, сымды тұрыққа бекіттім. 
Әрине, ағашты өңдеу үшін құрал керек. Шеберханадағы көнерген, тісі кеткен, темір өңдеуге арналған егеулерді пайдаланып пышақтарын жасадым. Пышақ жүзін қиғаш және қасықша етіп қиып алдым.
Қазіргі кезде осындай істен шыққан станоктарды біріктіріп өзімізге керек нәрсемізді жасап алсақ деген оймен осы станокты назарларыңызға ұсынып отырмын. Станоктың өлшемдері схемада берілген. Бұл жерде әркім өз қалауынша жасап алуға болады. Станокты үйірме жұмысында пайдаланып және сол үйірме жұмысының бағдарламасын сіздерге ұсынамын.
 
"Қолқанат" ағаш өңдеу токарь станогының құрылысы
"Шебер қолдар" үйірмесінің 7-сыныпқа арналған оқу бағдарламасы
 
№ Өтілетін тақырыптар
сағ. саны Уақыты
1 Оқушыларды оқу шеберханасындағы техникалық қауіпсіздік  ережесімен таныстыру 1
2 Машинатану әлементтері, машиналардың бөлшектері мен механизімдері туралы түсінік 1
3 Токарь станогыныңшығутарихы 1
4 "Қолқанат" ағаш өңдеу токарь станогының құрылысымен таныстыру 1
5 Станоктаатқарылатынжұмыстұрлері 1
6 Станокқакөмекшіқұралдаржайлымәлімет
1
7 Өңделуге арналған ағаш тұрлері мен қасиеттері 1
8 Станоктыбасқару 1
9 Ағашты цилиндр тәрізді етіп жону тәсілі 1
10 Ағашты көркемдеп өңдеу, ою тәсілі (үстел  аяқтарын жасау) 1
11 Кітапсөресініңбағанынжасау 1
12 Қамшысабынжасау 1
13 Дойбы, нарды тастарынжасау 1
14 Шағынсыйкәделікмұсіндержасау 1
15 Шырағдантұғырларынжасау 1
16 Ағаш кесе, тостақ, сыйкәделік келі-келсап жасау 1
17 Жасалған өнімдерді әрлеу, көрмеге дайындау 1

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ағашты тіліп жонатын станоктарында жұмыс жасау, ара, сүргі
Бесікті көркем өңдеудің технологиялық процесі
Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу түрлері. Ағаш өңдеу станоктарының құрылысы. Қауіпсіздік ережесі
Ағаш өңдеу станоктарында жұмыс істеуге арналған шикізат дайындау
Қарапайым бөлшектерді өңдеудің технологиялық картасын жасау
Токарь станогында бөлшектерді жону. Қауіпсіздік ережелері
Токарь станогында цилиндр үлгісіндегі, конус үлгісіндегі, фасонды бөлшектерді жону
Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу. Ағаш өңдейтін токарь станогында жұмысты ұйымдастыру. Қауіпсіздік ережелері
Ағаш өңдейтін токарь станогында жұмыс істеу. Қауіпсіздік ережелері
Ағаш өңдейтін токарь станогында жұмыс істеу. Қауіпсіздік ережелері.
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 5542 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык